Мектептегі тәлімгерлік ету жұмысымда тәлім алушы ретінде Оспанқұлова Дана Әміршеқызын алдым. Тәлім алушы Дана Әмірешқызы -біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тарих мұғалімі. Еңбек өтілі: 5 жыл. 2009 жылдан бастап №15 жалпы орта білім беретін мектепбінде жұмыс істеп келеді.
Тәлімгерлік барысында атқарылатын жұмыстар туралы мәлімет беріп, бағдарламаның жеті мoдулінің идеясымен таныстырдым, модульдер туралы oқуы үшін мұғалімдерге арналған нұсқаулықтың беттері мен интернеттен алынған материалдарды oқуын сұрадым. Өз пәні бойынша 4 сабақ өткізетіндігін, оны бейнежазбаға түсіретіндігімді және бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасайтынымды әңгімеледім. Тәлім алушыға бірінші өзі күнделікті өткізіп жүрген дәстүрлі сабағына қатысатынымды, онда оқушылардың әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп бақылайтынымды, одан сол сабақтан кейін сабақта кеткен кемшіліктер мен олқылықтарын бірлесе отырып кәсіби әңгіме жүргізетінімді, екінші сабақты жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып қысқа мерзімді жоспармен өткізетіндігін жеткіздім. Бұл орайда мұғалім өзінің келісімін беріп, оқушыларымен ақылдасып, сабағына өзі хабарлайтынын айтып өтті. Сабақты бастамас бұрын мұғалім мен оқушылардан сабақты бейнежазбаға, суретке түсіретіндігімді айтып, олардың рұқсаттарын алдым. Тәлім алушым 8 «А» сыныбына сабағын өткізді.
Сыныпта 24 оқушы бар. Дәстүрлі сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов –ұлы қазақ ғалымы.Түрі: дәстүрлі, типі: жаңа білімді меңгерту. Мақсаты: Шоқан Уәлихановтың өмірі,халқына сіңірген еңбегі жайлы жан-жақты таныстыру.
Міндеттері: Мәтіннен мағыналы сөздер тауып ажырата білу, әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету,оқушыларды қазақ халқының әдебиетімен, мәдениетімен, тарихымен, ұлы адамдар өмірімен таныстыру, өз бойларында туған жерге деген сүйіспеншілік қабілеттерін арттыруға ықпал жасау.
Дана Әміршеқызын сабағын алдымен әдеттегідей ұйымдастыру бөлімінен бастап, оқушылармен амандасып, кім кезекші екенін анықтап, кезекшіден бүгінгі күннің ауа-райын сұрап, жақсы деген жауап алып, олардың да көңіл-күйлері жақсы болуын тілеп сабағын бастап кетті. Үйге берілген тапсырманы сұрады, төрт оқушы ғана үй тапсырмасын тақтаға шығып айтып берді. Сосын оқушыларға үй тапсырмасы бойынша жалпылама еске түсіру, қайталау сұрақтарын қойды, бірен-саран оқушы жауап беріп, қалғандары тартыншақтап, сабаққа қатыспай отырды. Дана Әміршеқызы жаңа сабақты түсіндіруді бастап кетті. Мұғалім жиырма минут бойы өзі сөйледі.
Бекітуде тағыда жалпылама сұрақ қойып сабақты бекітті. Соңында оқушылардың екеуіне «5», үшеуіне «4», екеуіне «3» деген баға қойылды. Бағаланбай қалған оқушылардың біреуі сабақтың кейбір жерінде ғана жауап беріп отырса, қалғандарының мүлдем сабаққа қатыспағанын байқадым және сабақ барысынан мынандай әсер алдым: Бұрын бұл курсты оқымай тұрғанда осындай дәстүрлі сабақтарға қатысқанда сабақ жақсы өтті, анау оқушы сабаққа жақсы қатысты, мынау орташа қатысты, мұғалім білімді дей салатынбыз. Ал бұл жолы мен сабақ біткенше шыдамдылық таныттым. Себебі, курстың 1-ші «Бетпе-бет» кезеңінде біліп үйренгенім, көргендерім сабақтың тартымсыз өтіп жатқанын бірден аңғартты. Сыныптағы тыныштық, мұғалімнің сабақ басынан аяғына дейінгі барлық мағұлматты өзі айтып, тек өз пәнің жақсы білетіндігін, мұғалім білімді екендігін, яғни бір сөзбен айтқанда өзін ғана көрсетті. Мұғалімге жаңа сабақты бар күш жігерін салып түсіндірудің керек еместігін, «Шоқан Уәлиханов –ұлы қазақ ғалымы» қандай жақсы тақырып ,оны оқушыларды топқа бөліп, әртүрлі әдістерді қолдана отырып, өздеріне оқытудың керектігін білдім; Сабаққа мүлде қатыспай отырған оқушыларды көргенде, оқушыларды сабаққа тарту мақсатындағы үйренген бірнеше стратегияларды пайдаланудың қажеттігін бірден сезіндім; Осы өткізілген дәстүрлі сабақтан кейін тәлім алушым Дана Әмірешқызымен кәсіби әңгіме жүргіздім.
2 –бөлім: Аралас,бақылау және кері байланыс ұсыну
Тәлім алушының жұмысына жаңа өзгеріс енгізу мақсатында бағдарлама идеяларымен таныстырдым. Сын тұрғысынан oйлау, oқыту үшін және oқуды бағалау сияқты материалдарды қарап шығуын ұсындым. Бағдарлама шеңберіндегі жеті мoдульмен танысты.Бағдарламаның oйлау жoлдары - сыни тұрғыдан oйлау,қалай oқу керектігін үйрену , біздің қалай oқитынымызды білу: дарынды және талантты oқушылар, жас ерекшеліктеріне сай oқыту, жұмыс әдістері – бірлескен oқу , диалoгтық oқу, oқыту үшін бағалау және oқуды бағалау, oқыту мен oқудағы көшбасшылық, кoучинг және тәлімгерлік, іс-әрекеттегі зерттеу, жұмыс құралдары– oқыту мен oқуда АКТ қoлдану, өз жұмысын және әріптесінің жұмысын бағалау, ұзақ мерзімді , oрта мерзімді және қысқа мерзімді жoспар туралы айтып өттім.Сабақ беруде пайдалануға арналған ресурстарды көрсеттім.Тәлім алушыма oқушыларды тoпқа бөлу тәсілдерін көрсеттім, тoпты бағалау парақтарын, яғни критериалды бағалау үлгілерін ұсындым.
Тәлім алушымның сабағына жаңа әдістер енгізуді бірлесіп жoспарладық.Сыныптағы oқушылардың қабылдау деңгейлеріне келетін тапсырмаларды қарастырдық.Тәлім алушымды өзімнің өзгертілген сабағыма қатыстырдым.Сабаққа қатысқаннан кейін тәлім алушымда жаңа ой қалыптасты.
Тәлімгердің бір сабағына қатысқаннан кейін мынадай қорытындыға келдім. Топтық жұмыс арқылы сабақтың сәтті өтетіне көзім жетті: Қай әдісті пайдалансақ та, алға қойған мақсат-біреу. Ол-оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан сабақта әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай тапсырманың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір көзі- стратегиялық ойын элементтерін қолдану. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардың ойлау қабілетін арттырады. Оларды өзара жұмыс істеуге дағдыландырады, сабаққа белсенділігін арттырады, оқушылардың есінде ұзақ сақталады.
Тәлімгер:Ұлтымыздың тарихын үйретудің негізгі ортасы- мектеп. Мектептегі жетекші тұлға - мұғалім. Онда, меніңше, мұғалім мына қажеттіліктерді ұмытпағаны жөн.
Оқушыға әрбір тақырыпты меңгерту үшін үнемі іздене білуі;
Мұғалім бала жүрегіне жол таба білуі керек, яғни ынтымақтастық педагогикасын басшылыққа алуы қажет;
Жаңа технологиялық әдістер мен стратегияларды өз орнымен қолданудағы мұғалімнің шеберлігі;
Әрбір тарихшы ұстаздың бай кітапханасының болуы және тарихи әдебиеттердегі ең негізгі әсерлі үзінділерін тауып, пайдалана білуі қажет.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы да терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Іс жүзінде көргенімдей, дәстүрлі оқу жағдайында оқушылар бір- бірінен көмекті өте сирек сұрайды. Ал топтық,жұптық,жеке жұмыс кезінде мәселе басқаша. Ол кезде:
барлық оқушының білімін тексеруге болады;
бір-біріне көмектесіп жұмыс істеуге дағдыланады;
бірінің білмегенін бірі толықтырып, көпшіл болуға тәрбиеленеді.
Мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру болғандықтан, бір ғана әдіспен шектелмей, озық іс-тәжірибелерді пайдалана білсек, жақсы нәтижеге жетеміз деген сенімдемін. Тәлім алушымен бірлесе отырып келесі өтетін қысқа мерзімді сабақ жoспар құруға бағыт бағдар қосымша мәліметтер бердім.
Тәлім алушының тізбектелген тақырыптар бойынша өткізген сабақтарына тоқталатын болсам; Сабақтын тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин - ағартушы, педагог. Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбегін жан- жақты таныстыру, оқушылардың өз бетімен білім алуына жетелеу. Сабақтың міндеттері: Жаңа сабақ материялдарын оқып үйрену, оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау, іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту. Алтынсариннің өнегелі өлеңдерімен әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына, ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін арттыру. Қолданылған стратегиялар; «Ойлан- жұптас- бөліс», кластер, «миға шабуыл». Сабағын 7 модуль аясында өткізді Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқыту мен оқуда АКТ қолдану,ОүБ және ОБ,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқытуда басқару және көшбасшылық оқыту әдістері. Осы сабақта оқушылардың барлығы сабаққа белсене араласып, өз білімдерін шыңдай білді. Берілген тапсырмаларды топта жақсы орындап, сұрақтарға толық, нақты жауап берді. Бір -бірін бағалай білді.Топбасшылары өз ойларын айтып,топ алдында еркін сөйледі.
Өткізілген сабақ бойынша бірлесіп сабақ құрылымын талдау. Зерттеудің талдаудағы сәтті жағы: Сабақты бастағанда топтастыру әдісі оқушыларға қызығырақ болды. Қолданған стратегиялар оқушыларға өте ұнады. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында кластер мен постермен хронологиялық кесте толтыру, оны түсіндіру сәтті шықты. Тапсырмалар орындау, топта жұмыс жасау оқушыларға оңайырақ болғандай, жеке жұмысқа қарағанда. Топтың бір-біріне жанашырлығын, көмектескіштігін байқадым. Сәтсіз жағы:Сабақты бастамас бұрын топта жұмыс істеудің ережесімен танысты бірақ барлық оқушы ережеге бағынбады. Жұмыстарын тақтада қорғауы, сұраққа жауаптары бір-біріне ұқсас келгені. Тарих сабағында оқушылардың белсенділігі артты, топпен жұмыс істеу барысында ұжымдық қарым қатынас жасалды,ауыз біршілікке үйренді, сабақ беру үрдісіне біршама өзгерістер енгізілді.
Тәлімгер: Оқушылардың қажеттілігі үшін мақсатты қалай сараладыңыз? Тәлім алушы: Сабақтың мақсатын оқушының танымдық, пәндік кедергілерін ескере отырып, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақтың мақсатын белгіледім. Сабаққа мақсат қою оңай болған жоқ. Сіз қандай көмек берер едіңіз?
Тәлімгер: Әр оқушының деңгейі әр түрлі, сондықтан сабақтын мақсатын қоюда оқушылардың деңгейін ескергенін жөн және келесі сабақта Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушылардың ойлау әрекеттерін кіріктірсеңіз.
Үшінші сабақ бойынша сабақтың тақырыбы; Абай Құнанбаев-қазақтың ұлы ақыны. Сабағымның мақсаты; А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алу, Абай өлеңдерін терең меңгеру, өлеңдерін жатқа айту. Сабақтың міндеттері: Әр оқушы өзіндік ой қиялына ерік беру, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға баулу, ақын өлеңдерін оқып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру. Стратегиялық ойындарға тоқталатын болсам: Белсенді оқыту әдістері (топтық, жұптық жұмыс,пікір талас) СТО стратегиялары, «миға шабуыл», «кластер», «сұрақ-жауап». Стратегиялық ойындар оқушыларға өте жақсы әсер береді. Атап айтатын болсақ сергіту сәттері оқушылардың көңілін бөліп қызығушылығын арттырады.
Бірлесіп сабақ құрылымын талдау: Зерттеуді талдауда сәтті жағы: Сабақты бастағанда топпен жұмыс істеу оқушыларға қызығырақ болды. Қолданған стратегиялар оқушыларға өте ұнады. Тапсырмалар орындау, топта жұмыс жасау оқушыларға оңайырақ болғандай, жеке жұмысқа қарағанда, топтың бір-біріне жанашырлығын, көмектескіштігін бір бірін тыңдай білулерін байқадым.
Сәтсіз жағы: Жаңа тақырып бойынша берілген тапсырмаларды, материалды меңгере отырып, апсырманы бастау қиынырақ болды. Кейбір сұрақтарға жауап беруде қиындықтар тудырды. Мәтінді мазмұндауға уақыт жетпей оқушылар үлгермей қалды.
Тәлімгер: Сабаққа қойған мақсат неғұрлым нақты әрі айқын болса, соғұрлым күтілетін нәтижемізге жетуге болады. Топпен жұмыс істеуде, бағалау критерилері бойынша өз-өзін бағалай білді, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренді. Тақырыпты оқушылар өздері оқып шығып, талдап, талқылап, қорғай білді.
Тәлім алушы: Сабақта Блум таксономиясының төменгі деңгейі білу,түсіну сыни ойлау тұрғысынан қаралды, талдау,жинақтау мен бағалау кезеңдерінде берілген тапсырмаларды орындауда оқушыларға қиындықтар туды, уақыттың тапшылығынан толық қамти алмадым.Сіз қандай көмек берер едіңіз?
Тәлімгер: Блум таксономиясы ең төменгі үдерістерден жоғарыға қарай кезең кезеңмен өту керек ,барлық деңгейлер сын тұрғысынан ойлау үшін қажет. Уақытқа сай тапсырма сұрақтарын бөліп, үлгермей қалған жағдайда олардың бұл тапсырмаларды жұппен, топпен бергеніңіз дұрыс болар деп ойлаймын.
Төртінші сабаққа тоқталатын болсам: сабақ тақырыбы: Қазақстан 1905-1907 жылдардағы революция кезінде. Сабаққа қойылған мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту, ой тұжырымдарын, тарихи тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз ерекшеліктерін дамыту. Сабақтың міндеті: Жаңа тақырыпты түсіну, білім- білік дағдысын қалыптастыру, қазақ зиялыларының атқарған қызметін бағалау.
Сабақта қолданылған стратегиялық ойындар: Белсенді оқыту әдістері (топтық, жұптық жұмыс,пікірталас) СТО стратегиялары, «миға шабуыл» «кластер», «сұрақ жауап».
Сабақтың барлық деңгейі қамтылды десем, қателеспеспін, тапсырмаларды уақытында орындап, уақытты үнемдей білді, әр стратегияны жақсы меңгеріп, тапсырмалар толық орындалды. Оқушыларға осы тақырып өте қызықты болды.Сабақ мақсатына жетті десем болады.
Тәлім алушының кедергілері: жоспарлау,топтық жұмыс жасаудағы қателер, қойылған сұрақтар деңгейі, АКТ тиімсіз қолдану, формативті бағалауды ұйымдастыру.
Тәлімгердің кедергісі: Тура және кері байланыс сұрақтарын жоспарлау, тәлімгерлік етудегі өзгерістер динамикасын бақылау, психологиялық кедергілер.
Неге қол жеткіздім?
Тәлім алушы: Жоспарлау қабілеттерім артты. Орта мерзімді жоспар және қысқа мерзімді жоспар бойынша, қойылатын сұрақтардың саны сапасы артты, топтық жұмыс ұйымдастыру тиімді, оқу процессінде АКТ тиімді қолдандым.
Тәлімгер: Тура және кері байланыс жасау қабілеті қалыптасқан; тәлімгерлік етуде өзгерістер динамикасы бақыланды; психологиялық кедергілер жойылды;
3-бөлім:Тәлімгерлік табыстылығын талдау
Ал тәлімгерліктің табыстылығын екі бағытта сипаттауға болады:
біріншісі – сабақтарда АКТ-ны қолдану тиімділігі;
екіншісі – топтық жұмысты ұйымдастырудың ұтымдылығы.
Тәлім алушы тарих пәні кабинетінің тиімділігін, талапқа сай жабдықталған кабинеттің мүмкіндіктерін мейілінше толық пайдалана алды. Тәлімгерлік барысында АКТ-ны қолдану тәжірибесін одан әрі жетілдіре білді.
Бірлескен оқу үдерісінде оқушылардың ынтымақтастығын қалыптастырып, белсенділігін, қызығушылығын, шығармашылығы мен топбасшылығын арттыра білді. Топтық жұмыстың тиімділігі негізінде көлемді материалдарды қысқа уақыт ішінде игеру мүмкіндігіне ие болып, бір сабақта бірнеше тапсырмаларды топта орындай алды.
Үйренуші кәсіби өсуіне іштей сенімді; Кәсіби өсуге бағытталған өзара сыйластықта сенімділікте достық қарым-қатынас құрылды. Өзара әрекеттестікте жұмыс жасады. Тәлімгер тәлім алушының кәсіби қажеттіліктерін ескерді.
Ол өзінің кәсіби өскенін байқады. Оқу процессінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, оқу процессінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолдану қажеттігін түсінді;
Болашақта тәлімгер ретінде тәлім алушы әріптесіммен әрі қарай тығыз қарым-қатынаста болу. Тәлімгердің жұмысын жандандыру үшін бағдарламаның 7 модуль идеясын тәжірибе кезеңіне енгізу, бақылауға арналған үлгілер дайындау; дидактикалық материалдар жасауды жоспарлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Бакиров К.А., Намысова Г.А., Аушева И.У., Шаримова А.Г., Ғабдоллақызы Б., Байкенова Б.А.- 3 басылым. -Астана «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014 – 292 б.
2.Үлестірме материалдар. Астана 2014жыл.
Екінші деңгей бағдарламасында қарастырылған тәлімгерлік идеясын іске асыру үшін тәлімгерлік үрдісін жүргізу мақсат-міндеттерін анықтап, іс-шара жоспары құрастырылуы керек деп ойлаймын. Әріптесім, сіздің де тәлімгерлік жұмысыңыздың мақсат-міндеттері анық, жоспарға сай іске асырылып жатыр деген ойдамын. Менің де сіз сияқты тәлімгерлік жұмысты іске асырып жатқан жайым бар. Тәлімгерім екінші санатты мұғалім. Іске асырылып жатқан жұмыстар өзімнің кәсіби өсуіме және пән мұғалімі ретінде көзқарасымның өзгеруіне үлкен септігін тигізді. Осы жұмыс барысында сіздің де көзқарастарыңыздың өзгеретініне сенімдімін. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін!