kz ru en

Авторизация


Қазақ тілі және әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға баса назар аударған. 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері дегенде, ең алдымен, оқушылар меңгеруі тиіс деп танылған қазақ тілінен берілетін білім мазмұны, қазақ тілін ана тілі ретінде оқуы арқылы оқушылардың тілдің коммуникатитивтік қызметін меңгеруі арқылы өзін-өзі тануы, тілдік санасы жетіліп, тілдік тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпал ететін педагогикалық заңдылықтар қарастырылады.

Оқудағы функционалдық сауаттылықты  әр түрлі типтегі мәтіндерді (ақпараттарды) ойлау және түсіну қабілеті. Оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы деп түсінетін болсақ, осы оқудағы функционалдық сауаттылықты дамыту қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қалай іске асырылып жатқандығын білгім келеді. Құрметті әріптестер, оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жолдары туралы айтар ойларыңыз болса, ортаға салуларыңызды өтінемін.

5
15

Комментарии (5)

Хизирова Маржанкул,
Преподаватель

Осы тақырып бойынша мен қандай жұмыс жүргезгенім жайлы тоқталып өткен болатынмын.

Кубекова Куралай,
Преподаватель

Сізбен bilimal желісінде танысқаныма қуаныштымын! Қазіргі кезде өте маңызды мәселе болып отыр. Сондықтан бір-екі жұмысыңызды көрсетіп қойсаңыз, әріптестерімізге көмек болар еді.

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Жұмыс дәптерлер істеу қажет.

Туякова Бибигуль,
Преподаватель

Сәлеметсіз бе ? Қазақ тілі және әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары туралы айтатын болсам байқаған боларсыз соңғы тестілеулерде кездескен мәтіндер өте күрделі және берілген сұрақтары орыс мектебінің оқушыларына  қиындық тудырып тұр, сол себепті мәтінді жан - жақты қарастыруымыз керек . Сіздің қозғап отырған мәселе өте орынды.





Аширбекова Галия,
Преподаватель

Келісемін, мәтіндер орыс мектебі үшін жақсы оқитындарға ғана арналған. Басқа оқушыларды қайтеміз?! Мектептегі мұғалімдер  дегеніңіз қазір соғыстың ортасында жүрген жауынгерлерге ұқсайды. Бағдарлама - өз бетінше, оқулық - өз бетінше, "Айқын", ОЖСБ - өз бетінше! Ал біз бәрінің басын қосып, "бейбітшілік орнатуымыз", яғни қайтсек те оқушыға керекті білім меңгертуіміз керек! Неге бірлік жоқ осыларда?! Қашанғы бізге кедергі жасайд?!