kz ru en

Авторизация


Критериалды бағалау

Қазіргі кезде әлем бойынша білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі қалыптастырылған. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осыған байланысты білім сапасын арттыру мақсатында критериалды бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз.

Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі- құзіреттілік, яғни шәкірттеріміздің қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін қалыптастыру, дамыту, арттыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан гөрі оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек. Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын орны зор. Ал бұл өз кезегінде бағалау жүйесіндегі өзгерістерді қажет етеді. Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты орында емес, басты орында оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.

Құрметті әріптестер, критериалды бағалау жүйесі сіздің мектебіңізде қандай деңгейде іске асырылуда? Ой бөлісе отырсаңыздар!

5
16

Комментарии (5)

Хамитбекова Бахытжан,
Преподаватель

Оқушының құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі білім саласынындағы неізгі талаптардың бірі ғой. Сондықтан да әр мектептерде критериалды бағалау іске асу керек деп ойлаймын, менің мектебімде құзіретті тұлға қалыптастыруда сынып жетекшісінің заманауи технологияларды қолдануы деген тақырыпта семинар өткіздік.семинар барысында ой бөлісіп, өткізілген сынып сағаттарын талқыладық

Муханова Майра,
Преподаватель

Мен де гуманитарлық пәндер кафедрасы мұғалімдеріне "критериалды бағалау" туралы коучинг өткіздім. Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибелерін зерделеп, ой елегінен өткіздік. Рубрика,критерий, дескриптор деген сөздердің мағынасын ашып, оқушының алған білім сапасын тиімді, нақты анықтау мақсатында  бағалау өлшемдерін құру жолдары туралы ойларымызбен бөлістік. Коучинг соңында пән бойынша бір тарау бойынша алынатын бақылау жұмысына бағалау өлшемдерін дайындауды міндеттедік. Қазір тоқсан соңындағы бақылау жұмыстарын осы дайындаған бағалау өлшемдерімен бағаламақпыз. Алдағы уақытта күнделікті сабақтарға да қарапайым, нақты бағалау критерийлерін дайындау керек деген ой түйдік.

Билялова Бакыт,
Преподаватель

Сәлеметсіз бе, алдаға өткізетін коучинг - сессияларыңызға қалай қатысуға болады?

Кубекова Куралай,
Преподаватель

Билялова Бакыт, қалыңыз қалай? Бірінші бетпе-бетті ойдағыдай бітіріп, мектептегі практикага кірісіп кеткен шығарсыз? Жұмысыңызға сәттілік тілеймін! Менің келесі іс-тәжірибе бөлісу мақсатында өткізетін шеберлік сыныбым  № 93 гимназияда сәуір айының 21 күні болады. Келіңіз, сізді күтемін! 

Хамитбекова Бахытжан,
Преподаватель

Сәлематсың ба Құралай? Өзің өткізгелі отырған шеберлік - сабағың қандай тақырыпта?