Мақсаты:
Бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Міндеттері:
-Шетел тілін үйрену арқылы сол елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен таныстығына мән беру,
-Пәнаралық байланыстың тілдің дамуына әсерін бақылау,
-Оқушылардың оқу үдерісінде үш тілде тең деңгейде еркін меңгеру дағдысын саралау;
-Тілді үйренудің тиімді жолдарын оқушымен бірігіп талдау.
Болжамы:
Үш тілді еркін меңгерген полимәдениетті, бәсекеге қабілетті тұлға даярланады. Ағылшын тілін меңгерудің арқасында –халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында емін-еркін жұмыс жасай алатын ұрпақ тәрбиеленетіндігі мәлім.
Іске сәт!
Мәншүк Нұртазаевна, өте мәселелі тақырыпты қозғапсыз, ісіңізге сәттілік, Тамаша!!!
Үш тілділікке байланысты қозғаған зерттеу тақырыбыңыз бүгінгі күнде өзекті.