6-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ 3-САБАҚ
Тақырыбы:
Домбыра
Мектеп: «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Күні, айы:21.02.2017
Мұғалімнің аты-жөні: Досмаганбетова Ж.А
1-сынып
Сабаққа қатысқан оқушылар:
Сабаққа қатыспаған оқушылар:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
1.1.5.1.Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.
1.2.2.1.Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.
1.4.4.1.Бас әріптер мен кіші әріптерді және оларды бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу; санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жазу.
1.5.1.4.Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану.
1.5.1.3.Сөйлеу барысында мұғалімнің көмегімен етістіктің шақтарын қолдану.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
Музыкалық аспап туралы түсінік алады. Өзінің домбырасы бар немесе жоқ екенін және өзінің домбыра тартатынын/домбыра тартпайтынын айта алады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады. Өздерінің домбыра тартатынын/домбыра тартпайтынын айта алады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Басқа да музыкалық аспаптарды атай алады, өздерінің қандай аспапта ойнайтынын айта алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады: Музыкалық аспап туралы түсінік алады. домбыра тартатынын/домбыра тартпайтынын айта алады
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Мынау не? Домбыра, Иә, мен.../ Жоқ, мен..
Диалог құруға/шығарма жазуға қажетті тіркестер: Сенде домбыра бар ма?
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Сабақтың басы
(2-5 минут)
Сабақтың ортасы
(6-40 мин)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
МК,Ұ) Мұғалім оқушыларға домбырада орындалған күйден үзінді тыңдатады. Сол арқылы домбыра аспабы туралы түсінік береді. Содан кейін оқулықтағы 1-тапсырма бойынша жұмыс істейді. Оқушылар Алмабектің сөзін тыңдайды, оқиды, содан соң сол тапсырмадағы «Сенде домбыра бар ма?» деген сұраққа жауап береді. Бұл сұраққа әр бала өзінің шынайы жауабын береді. Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын Алмабектің «Мен домбыра тартамын» деген сөйлеміне аударады. «Есте сақта!» айдары бойынша аталған етістіктің болымды, болымсыз түрін түсіндіреді, оны жеке-жеке, хормен қайталау арқылы жаттықтырады.
(Ұ) 2-тапсырмада оқушылар үйренген үлгі бойынша «Сен домбыра тартасың ба?» деген сұраққа тірек үлгілерді (Иә, мен.../ Жоқ, мен...) толықтырып айту арқылы өз қалауларыбойынша жауап береді.
(Ж) 3-тапсырманы орындау үшін домбыра қажет болады (шынайы домбыра болмаған жағдайда, ойыншық домбыра/домбыраның суреті қолданылады). Ең алдымен мұғалім диалогті тыңдатады. Содан кейін оқушылар жұппен осы диалог негізінде сөйлеседі. Тапсырмада ұсынылған диалог шынайы болу үшін, екінші баланың қолында домбыра болуы керек. Содан кейін оқулықта берілген үлг і бойынша сөйлеседі.Үлгі:
- Мынау не?
- Бұл – домбыра.
- Сен домбыра тартасың ба?
- Иә, мен домбыра тартамын.
(Жоқ, мен домбыра тартпаймын).
Оқулық.
Аудиодиск:
6.3.1;
6.3.3
«басбармақ»
«Көңілді смайликтер»
Екінші сұраққа оқушылар шынайы жауап беру арқылы оқушылар өткен материалды қайталайды, бекітеді. Тапсырмада берілген сұрақтарға оқушылар өз қалауы бойынша жауап береді. Сондай-ақ тапсырманы жұптық жұмыс ретінде ұйымдастыруға болады. Бірінші бала сұрақ қояды, екінші баал жауап береді.
(МК, Ұ) Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
№2 жұмыс дәптері
Сабақтың соңы (41-45 минут)
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені , не қызық әрі жеңіл болғаны , не қиындық туғызғаны туралы ой-пікілерін білдіре алады.
«ыстық орындық»
Қосымша ақпарат
Қорытындылау
Өз сабағыңызды талдау үшін бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?
2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болады?
Қорытындыбағалау
Еңжақсыөткенекінәрсе (оқыту мен оқуғақатысты)
1:
2:
Қандайекінәрсенемесетапсырмасабақтыңодан да жақсыөтуінеықпалынтигізереді (оқыту мен оқуғақатысты)?
1:
2:
Бағалау критерийлері
Дескрипторлар
Музыкалық аспап туралы түсінік алады
- Музыкалық аспап туралы түсінік алады
- Өзінің домбырасы бар немесе жоқ екенін және өзінің
- Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіреді.
Бас әріптер мен кіші әріптерді және оларды бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу
-Бас әріптер мен кіші әріптерді ажыратады
- оларды бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу
6-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ 4-САБАҚ
Тақырыбы:
Мақта қыз бен мысық
Мектеп: «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Күні, айы:24.02.2017
Мұғалімнің аты-жөні:Досмаганбетова Ж.А
1-сынып
Сабаққа қатысқан оқушылар:
Сабаққа қатыспаған оқушылар:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.
1.2.4.1. Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау.
1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ т.б) ажырату.
1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерді тауып алу.
1.5.1.5. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру..
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
Ертегі кейіпкерлерін атай алады, ертегінің басты кейіпкері сүт табу үшін басқа қандай кейіпкерлерге барғанын айта алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады. Ертегінің сабақта үйренген бөлігі бойынша кейіпкерлердің рөлін ойнай алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Ертегі мазмұнын өз сөзімен айта алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады: Ертегі кейіпкерлерін атай алады. Ертегінің сабақта үйренген бөлігі бойынша кейіпкерлердің рөлін ойнай алады
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:ағашқа, қыздарға, дүкеншіге, тауыққа, тышқанға, сүт әкеліп береді
Диалог құруға/шығарма жазуға қажетті тіркестер: су, жапырақ, сағыз, жұмыртқа, дән, Мақта қыз бен мысық, береді.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Сабақтың басы
2-5 мин
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы
6-40 мин
(МК,Ұ) Мұғалім оқушыларға ертегі сөзінің мағынасын түсіндіреді, себебі осы бөлімде оқушылар бірнеше ертегі үйренеді әрі осы бөлімнің соңында олар қандай ертегі білетіндерін айта алады. Содан кейін мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлерімен таныстырады. Оқушылар берілген үлгі бойынша ертегі кейіпкерлерінатайды. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұны өзге тілді аудиторияда үйретуге жеңіл болу үшін бейімделіп алынды. Бейімделген мәтін бойынша: Мақта қыз бен мысық жақсы дос болады. Бір күні мысық сүт әкелуге кетеді... Соңында мысық Мақта қызға сүт әкеліп береді.
Сөйтіп екеуі қайта жақсы дос болады. (оқушылар ертегі мазмұнын толық түсіну үшін, ертегі мазмұнын слайд арқылы толық айтып беруге болады). Оқулықта берілген екі сабақ көлемінде оқушылар осы ертегінің негізгі үзінділерін ғана үйренеді.
(МК,Ұ) Осы сабақтағы екі тапсырмада оқушылар мысықтың сиырға (ағашқа, қыздарға, дүкеншіге, тауыққа, тышқанға) барғанын кесте бойынша айтып үйренеді. Мысалы: Мысық сиырға барады. Мысық ағашқа барады. т.с.с.
(МК,Ұ) 3-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларды жаңа сөздер қатарымен таныстырады. Олар: су, жапырақ, сағыз, жұмыртқа, дән. Оқушылар берілген сөздерді тыңдайды, қайталайды, сурет бойынша атайды.
(МК,Т) 4-тапсырмада ертегі бойынша 6 сюжетті сурет берілген. Оқушылар сурет бойынша үзіндіні толық тыңдайды, содан соң мұғалім әр сюжет бойынша оқушыларға мазмұнын толық түсіндіреді. Соңында оқушылар өз қалаулары бойынша рөлдерді бөліп алып, осы үзіндіні ойнайды.
(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Оқулық
Аудиодиск:
6.4.1; 6.4.2;
6.3.3; 6.4.4.
№2 жұмыс дәптері
Қосымша тапсырма: 6.4.
Сабақтың соңы (41-45 минут)
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені , не қызық әрі жеңіл болғаны не қиындық туғызғаны туралы ой-пікілерін білдіре алады.
Қосымша ақпарат
Қорытындылау
Өз сабағыңызды талдау үшін бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?
2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болады?
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1:
2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Бағалау критерийлері
Дескрипторлар
Ертегі кейіпкерлерін атай алады, ертегінің басты кейіпкері сүт табу үшін басқа қандай кейіпкерлерге барғанын айта алады.
-Ертегі кейіпкерлерін атай алады
- ертегінің басты кейіпкері сүт табу үшін басқа қандай кейіпкерлерге барғанын айта алады.
маған ұнады
Рахмет!
жақсы
Рахмет