kz ru en

Авторизация


қазақ тілі

6-БӨЛІМ:  САЛТ – ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ                    7-САБАҚ

Тақырыбы:

Көктем сәні

Мектеп:

Күні:07.03.2017

Мұғалімнің аты-жөні:Досмаганбетова Ж.А

Сынып:

1-сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.2.2.1.Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын айту.

 1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, және т.б.) ажырату

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша? неше? ) сұрақ қоя білу.

1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.

1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Ертегі кейіпкерлерін атай алады, ертегі мазмұны бойынша кейіпкерлердің рөлін ойнай алады, Ұұ дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Осыған дейін үйренген ертегілерді атай алады. Тірек суреттер бойынша ертегінің мазмұнын айта алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады, ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.

 

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Тақырып бойынша жаңа сөздерді қолдана алады, сұраққа жауап бере алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Таза, жылы, сән, жаңбыр, су, көктем.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы кеңестер:

Мәтін арқылы сұрақ қою, тірек суреттерді қолдану.

Алдыңғы оқу:

Өткен тақырыптар бойынша сөздік қор тексеріледі

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Басы

2-5 мин

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

 

Ортасы

6-40 мин

(МК,Ұ)  1-тапсырмада мұғалім оқушыларды «Көктем сәні» деген ертегімен таныстырады. Мұғалім көктем сөзін түсіндіру кезінде жыл мезгілдері туралы ақпарат береді. Оқушылар ертегі кейіпкерлерін атайды.  Басты кейіпкердің (арыстан) сұрағына басқа аңдар қалай жауап бергенімен танысады.

(МК,Ұ) 2- тапсырмада оқушылар тірек сөздер арқылы (таза, әдемі, жылы) ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар: Су қандай? (Таза)

Жаңбыр қандай? (Жылы) Гүлдер қандай? (Әдемі) Ағаштар қандай? (Әдемі)

(МК,Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушылардың назарын гүл, ағаш сөздерінің көпше түріне аударады. Сурет бойынша аталған сөздердің жекеше, көпше түрін қайталайды.

(ОТ) 4- тапсырмада оқушылар ертегінің басты кейіпкерінің сұрағына (Көктем сәні не?) өз ұалаулары бойынша жауап береді. Өз жауаптарын сурет түрінде көрсете алады. Сыныпта «Көктем сәні» тақырыбында суреттер көрмесін ұйымдастыруға болады. Сондай – ақ оқушылар ертегіні рөлге бөліп ойнайды.

(МК,Ұ) Мұғалім ұ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Аудиодискіден ұ дыбысының айтылуын және ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға ұ дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың. Еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Мәселен, тілдің алғы- артқы жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі. Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар ұ дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады. Ол қызыл түспен белгіленеді. Ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: құс, ұшақ, жұлдыз, Ұлан.

«Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? Қандай?), мұғалім  ұ дыбыс кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: ұшақ (не?), Ұлан (кім?).

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау  арқылы  оқушылар  оқулықпен  жұмыс  барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Оқулық

 

Аудиодиск:

6.7.1.;

6.7.4.

 

Бағалау:  «Бағдаршам арқылы».                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бас бармақ».

               

№2 жұмыс дәптері

 

Қосымша тапсырма. 6.7.

Сабақтың соңы (41-45 минуты)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар  сабақ  барысында  нені  білгені, қалай   жұмыс  істегені , не  қызық  әрі  жеңіл  болғаны ,  не қиындық  туғызғаны  туралы ой-пікілерін  білдіре алады.

 

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Өз сабағыңызды талдау үшін бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

 

 

 

 

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болады?

 

 

 

 

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

 

 

 

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.






 

 

        

 6-БӨЛІМ: САЛТ – ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ  8-САБАҚ

 

Тақырыбы:  Кел, қайталайық!

Мектеп:

Күні:10.03.2017

Мұғалімнің аты-жөні:Досмаганбетова Ж.А

Сынып:

1-сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.

1.4.4.1.Бас әріптермен кішіәріптерді және олардың бір –бірімен дұрыс байланыстырып жазу, санитарлық – гигиеналық талаптарға сай жазу.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін  сақтап құрастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

6-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

6-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

6-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

 

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: 6-бөлімде өткен тақырыптарды өзара қолдана алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ә, ұ  әріпіне байланысты сөздер, тұрамын, білемін.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы кеңестер:

Суреттер пайдалану арқылы жұмыстар жүргізу.

Алдыңғы оқу:

Өткен тақырыптар бойынша сөздік қор тексеріледі

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Басы

2-5 мин

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

 

Ортасы

6-40 мин

(МК,Ұ) Бұл сабақта оқушылар 6- бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке қайталайды. Берілген суреттер бойынша диалогті толықтырп айтады. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты бұл екі тапсырманы керісінше де ұйымдастыруға болады. Мұның бір тиімді жағы: оқушылар дайын үлгіні қайталауға жаттықпайды.

(Т) Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа 4 суреттен беруге болады. Диалогті дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.

(МК,Ұ) Мұғалім оқушыларға осы суретте берілген сұрақтарды қояды, оқушылар оған өз қалауы бойынша жауап береді:

Бұл қандай әріп? (Мұғалімнің қолында немесе тақтада қазақ тіліне тән әріптер болуы керек                (оқушылар осы уақытқа дейін үйренген әріптер).

Сен ертегі білесің бе? Қандай ертегі білесің?

Ең дәмді не? Көктем сәні не?

Сен оюдықалай жасайсың?

Бұл қандай ертегі? (Мұғалімнің қолында немесе тақтада оқушылар үйренген ертегілердің суреті болуы керек)

Сен не саласың?

Сен қайда тұрасың?

Сен Алматыда, Астанада тұрасың ба?

(Ж) Оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап береді.

(Қ) Осы бөлімнің соңында оқушылардың:

(Мен Қазақстанда тұрамын);

-Алматыда, Астанада тұратын , тұрмайтынын айта алу (Мен Алматыда тұрамын, тұрмаймын);

-1-20-ға дейін санау;

-ертегі білетінін, білмейтінін айта алу;

(Мен ертегі білемін, білмеймін)

-суреті бойынша ертегілерді атай алу («Мақта қыз бен мысық», «Не дәмді?», «Көктем сәні»);

- өзінің қайда тұратынын айта алу

- қазақ тіліне тән дыбыстарды тану, дұрыс дыбыстай алу;

- әр дыбысқа 2 сөзден айта алу дағдылары қалыптасу қажет.

 (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау  арқылы  оқушылар  оқулықпен  жұмыс  барысында алған білімдерін бекіте түседі.

Оқулық

 

Аудиодиск:

6.8.1:

6.8.2:

6.8.3:

6.8.4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бағдаршам»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 2 жұмыс дәптері

Сабақтың соңы (41-45 минуты)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар  сабақ  барысында  нені  білгені, қалай   жұмыс  істегені , не  қызық  әрі  жеңіл  болғаны ,  не қиындық  туғызғаны  туралы ой-пікілерін  білдіре алады.

 

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Өз сабағыңызды талдау үшін бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

 

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болады?

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

5
5

Комментарии (5)

Ташетова Гулбаршын,
Преподаватель

қмж жақсы жазылған екен

,
Пользователь

Рахмет!

Абдыкова Самал,
Преподаватель

Таныстырылымыңызға рақмет, әріптес!

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

Өте жақсы.

,
Пользователь

рахмет!