kz ru en

Авторизация


қазақ тілі

Қазақ тілі

Жезқазған қаласы  №10 ЖОББМ

Сабақтың тақырыбы:

Жемістер мен көкөністер

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Досмаганбетова  Жумакул  Абсаматовна

СЫНЫП:1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Оқу мақсаттары:

О1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну

О1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша?) сұрақ қоя білу

О1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерден тауып алу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтіндегі жаңа сөздердің сөздердіңмағынасынтүсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша?) сұрақтарын  қоя біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерден тауып ала алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

жеміс-жидектер мен көкөністердіңаттарынатайалады, сөздердің мағынасын түсінеді және  мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады.

Пəнге қатысты негізгі сөздер мен терминдер:

Алма, апельсин, банан, өрік, бұршақ, қызанақ

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Жеміс-жидек, көкөніс, дәрумен

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жемістер мен көкөністер қайда өседі?

Қандай жемістер мен көкөністерді білесіңдер?

Сен қандай жемістерді ұнатасың?

Алдыңғы

оқу:

Кешкі ас мәзірі

Менің сүйікті асым

 

ЖОСПАР

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Басы

«Шаттық шеңбері»

3 минут.

 

Топқа бөлу

2 минут.

 

 

 

«Поп корн»

3 минут

(Ұ)Оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату.

 

Оқушылар бір-біріне жүрек беру арқылы жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тілейді

Қосымша1

 

Қосымша2

 

 

 

 

 

(МК)Оқушыларды  жемістер мен көкөністердің  суреттері  бойынша екі топқа бөлемін

Кешкі ас мәзіріне байланысты сұрақтар қоямын:

Кешкі аста қандай тамақ ішесің?

Сенің сүйікті асың?

Кешкі ас мәзірінде не бар?

1-топ «жемістер»

2-топ«көкөністер»

 

 

Оқушылар орындарынан атып тұрып, сұраққа жауап береді.

 

 

Ортасы

Ашердің «Тыңдау-Көру-Орындау» əдісі

5 минут.

 

«Не білемін? нені білгім келеді? не білдім?» әдісі

5 минут.

(МК)Жемістер мен көкөністер туралы

бейнетаспа көрсетеді.

 

 

 

 

(Ұ) Оқушыларға жемістер мен  көкөністер  туралы «Ханданың ғажайыбы»

бейнефильмін  көрсетеді.

(МК)«Не білемін? нені білгім келеді? не білдім?» әдісімен фильмнің соңына жеткенше оқушы пікірі сұрайды, мазмұнын меңгертеді.

Қарапайым сұрақтар қояды: жемістерді кім жинады? Ханда біріші не жинады? Қандай жемістер жиналды?

 

 

ҚБ 1

Оқушылар жемістер мен көкөністер туралы мәліметті тыңдайды, қайталайды, буынға бөліп оқиды, сұраққа жауап береді.

АВС Мазмұнын түсінеді.

ВС көрген фильм- нен  түсінгенін  өз пікірі, қарапайым сұрақтар арқылы білдіреді.

А. Фильм материалы бойынша оқиғаларды талқылайды.Мұғалімнің көмегімен жеміс атауларынфильмнен  тауып айтады.

Қосымша3

 

 

 

 

Қосымша4

Бейне

фильм

 

 

 

 

 

 

«Бас бармақ»

«Қызыл өрік» биі

  2 минут.

Сергіту сәті

Көрген қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды

Қосымша5

 

«ДЖИКСО»

    10 минут

Ассосациялық жадыны дамыту мақсатында оқушыларға топтық тапсырма береді

1-топқа: Мәтінді оқып, жемістер мен көкөністерді атаңдар.

Мынау-бақ. Бақта алма, алмұрт, шие өседі.

Мынау-бақша. Бақшада сәбіз, пияз,қызылша өседі.

Жемістер мен көкөністерде дәрумендер көп болады. Олар адам денсаулығына пайдалы.

2-топқа: Сұрақтарға  жауап беріңдер

Мынау не? Бақта не өседі? Бақшада нелер өседі?

Жемістер мен көкөністер не үшін қажет?

ҚБ2

 

 

Оқушылар топта берілген тапсырмаларды орындайды:

1.Мәтінді оқиды

2.Мәтін мазмұнын түсінеді

3.Сұраққа жауап береді

4.Топ жұмысын қорғайды

 

 

 

 

Қосымша6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық бағалау

Соңы

«Сен маған, мен саған»

 

(Ө)Кері байланыс жасау мақсатында тапсырма береді:

Фрукт – жеміс,
А овощ - ...

Сад – бақ,
А тыква - ...

Усы – мұрт,
А груша - ...

Зеркало – айна,
А яблоко - ...

Жираф – керік,
А абрикос - ...
ҚБ3

Оқушылар қажетті сөзді табады, буынға бөліп оқиды

 

 

Қосымша7

 

 

 

 

 

 

 «Тамаша, керемет!»

Қосымша ақпарат

Қосымша  1.Жүрекше

Қосымша2.жемістер мен көкөністер суреттері

Қосымша3. «Жемістер мен көкөністер» бейнетаспа

Қосымша4. «Ханданың ғажайыбы»бейнефильм

Қосымша 5. «Қызыл өрік»    биі

Қосымша 6. Тапсырмалар

Қосымша7.  «Сен маған, мен саған»

 

Саралау :

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: (қосымша

4,7)

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар:

(қосымша 6,7) Қабылдау деңгейі төмен оқушылар:.

(қосымша 6)

Бағалау: Қ1 – «Бас бармақ»

 

Қ2 – «Бағдаршам» арқылы бағалау

Қ3 – «Тамаша, керемет!»  

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Жаңа,  таныс сөздердің мағынасын түсінеді.

-жаңа  сөздерді, жемістер мен көкөністер атауларын буынға бөліп оқиды;

-сөздердің мағынасын түсінеді.

Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе бейнетаспа бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша?) сұрақ қоя біледі.

-мәтіннің мағынасын түсінеді;

-тыңдаған мәтіннің, фильмнің мазмұны байынша қарапайым сұрақ қоя біледі.

 

Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерден тауып алу.

-жемістер мен көкөніс аттарын шағын мәтіндерден таба алады;

-өзінің қарапайым көзқарасын білдіреді

 

 

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

-Бейнелеу

дүниетану

Сабақтан кейінгі рефлексия:

 

Қорытынды бағамдау:

0
1

Комментарии (0)