kz ru en

Авторизация


тәрбиелік іс-шара

Тақырыбы:  «Бала – басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі»

 

        «Сонымен   солай дейік..» бағдарламасының негізінде дайындалған іс-шара сценарийі

 

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! Армысыздар , қонақтар! «Бала – басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі» тақырыбындағы бағдарламамызға  қош келдіңіздер!

      Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.

2-жүргізуші:

           Баланы бастан бақпасаң,

           Жамандықтан қақпасаң,

         Қадірден жұрдай қасқа боп,

          Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар.

Бүгінгі  ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап  өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.

 1-жүргізуші:

Ендеше  бүгінгі бағдарламамызда қозғалатын мәселелер жайын сараптайтын сарапшы мамандарды ортаға шақырайық.

Ортада :  

2-жүргізуші:

«Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,

Өнерiмен қуантады түбiнде.

Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

 

Өнер — бiлiм берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Ата — анадан өсiп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – солардан», - деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт — бағдар, тәрбие беретін   ата-аналары.

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Ал қазіргі кезде жұмысбастылыққа салынған  кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын  кездері де болып жатады.

Қаз қанаты ақ болады.

        Ер қанаты ақ болады.

       Балалардың қанатты кезі,

        Мектептегі шақ болады, – дегендей баланың жүрегінен бірлесе отырып  жол табу – нәтижелі істің жемісі.  Осы тұрғыда ой салар көрініске,экранға  назар аударайық:

1-жағдаят

Сенбі күнгі көрініс.

Мұғалім: - Сәлеметсіз бе? Бұл мектептен гой, баланыздың сынып жетекшісі. Балаңыз сабаққа неге келмей жатыр?

Ата-ана: - Ой-бой, не дейді?! Мен оны оятып едім ғой. Қазір бөлмесінен қарап келейін.

Кеше  қонаққа барып едік. Ұйқысы қанбаған ғой. Бармай-ақ қойса қайтеді –а?

Мұғалім: - Ой, қызық екенсіз. Балаңыз сабақты меңгермей қалады ғой.

Ата-ана: - Жолдас мұғалім! Мен сізге себебін айтып тұрсам, тіптен түсінбейсіз ғой, - деді де мұғалімнің сөзін тыңдамай трубканы тастай салды.

          Осындай жайттар мектеп өмірінде кездесіп жатады. Осы мәселе жөнінде  қамқоршылық кеңестің мүшесі ретінде не айтар едіңіз?

- Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ. Баланың бүгінгі іс-әрекетіне, тәртібіне бүгін назар салмасақ, ертең кеш болады. Олай болса, бір сәт уақыт бөліп, мектеппен хабарласу ата-ананың бірден-бір міндеті екенін ұмытпағанымыз жөн.

2-жүргізуші:

Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай -ақ, атамыз Жүсiп Баласағұн өзiнiң «Құтты бiлiк» еңбегiнде:

Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық

Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.

Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,

өзгермейдi салғанша ажал құрығын, -дейді. Ендігі кезекте 2-жағдаятқа назар аударайық:

2-жағдаят

Екі оқушы мектептен шығады. Бірінші оқушы:

Жүр, компьютерлік клубқа барайық, - дейді.

Екінші оқушы:

Жоқ, мен бара алмаймын, ақшам жоқ. Кеше анам ұрысты, неге сабақтан кеш келесің деп.

Бірінші оқушы:

Менде тиын бар. Асханаға жұмсамай, ойынға сақтап қойғанмын. Жүр, кеттік!

Екінші оқушы:

Қойшы, сен үшін тағы да ұрыс еститін жағдайым жоқ. (Екі бала екі жаққа кетеді)

1-жүргізуші:

«Ата – ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата – ана баласының түйсігіне қандай іс салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі. Ортаға жұмбақ кейіпкерді шақырамыз.

 

Жұмбақ кейіпкер: Мен 15 жастамын. Мен өзімді мазалаған ойларымды сіздермен бөліскелі келіп отырмын. Мен үйде жалғыз баламын. Ата – анам жұмыс басты адамдар. Жұмыс істеп жүріп, маған көңіл бөлуге, менімен әңгімелесуге де уақыт жоқ. Үнемі жалғызсырап жүремін. Сұраған ақшамды береді, барам деген жеріме жібереді. Маған ақшаның , байлықтың еш керегі жоқ. Маған тек ата – анамның аялы алақаны, мені еркелетіп бауырына басқаны керек. Ал менің ата – анам маған еш алаңдамайды. Өйткені, олар жұмыстан басқа еш нәрсені ойламайды. Бірде мынадай жағдай болды. Мен досымның үйіне барып, түнгі  сағат  10 – ға дейін отырып қалдым. Үйге келсем ата – анам алаңдап отыр екен. Мен ата – анамның өзіме назар аударғанына іштей қуанып, осы жағдайды тағы қайталадым. Сондағы ойым ата – анамның көңілін, өзіме осы тәсілмен аудару, бірақ бұл жолы ата – анам маған дауыс көтеріп айқайлады. Мен мұнда ата – анамды жамандайын деп келгенім жоқ. Ата – анасына кім жамандық ойласын? Мен ата – анамның өзіме деген жылы сезімдерін қалай оята аламын? Маған осы жағынан көмек берсеңіздер екен. Менің орнымда болсаңыздар, сіздер не істер едіңіздер, достар?

 

 

Психолог:

Сөз жоқ, бала үшін адамгершілік талғамдар мен әдет-дағдылар, яғни жеке бастың қалыптасуының барлық әлеуметтік-психологиялық негіздері отбасында қалыптасады.

Демек, отбасылық тәрбиелеу шарттарын, мүмкіндіктерін зерттемей тәрбие үрдісінде оң нәтижелерге жету мүмкін емес. Кей ата-аналардың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі кемшіліктердің барлығын байқауға болады. «Міндетім киім мен тамақ табу ғана» деген оймен мектепке орынсыз талаптар қояды. өзінің жауапкершілігін сезе білмейді, баласын тәрбиелеуден қол үзеді. Оның зардабы баланың сабақ үлгеріміне, мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады.Бала әр нәрсеге сенгiш, тез қабылдағыш, елiктегiш келедi. Әр бала сипағанды, жылы сөйлегендi, аялағанды, еркелеткендi, ертегi әңгiме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл– баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленiп тұратын негiзгi қасиетi. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Өйткенi бала сезiмi– пәк. Баланы перiштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келедi. «Бала тiлi– бал», «Балалы үй– базар» деген мақалды халқымыз өте орынды айтқан. Баланы сипау, аялау, жылы сөйлеу– баланың ақылды, ұстамды, мейiрiмдi азамат болып өсуiне көп ықпал етедi. Ал балаға ұрсу және оны балағаттау баланың бойында кек алу, өшпендiлiк қасиеттердi оятады.

           Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие процесі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.

 

Инспектор:

       -  Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ел болашағы жастар қолында. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қылаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі сітер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар бірігіп атсалысуы қажет.

 

 

 

Балам адам болсын дейтін ата-ана тәрбиені дұрыс беруі керек. Осы ретте Мағжанның мына сөзін айта кеткенді жөн көремін: «Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, айыпты емес, тәрбиеші жазалы. Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» деген нақыл сөзді естен шығармайық! Баланың жақсысы – әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, «азап-соры» деген жастарды тәрбиелеу ісінде табысқа жету үшін әрбір ата-ананың өзі де тәрбиелі болу керек. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында. Ең алдымен ата-ананың ролі, онан кейін ұлағат сыйлаған ұстаз.

 

         Ата-ана: Ата-ана өз баласын өз махаббатының нұрына бөлеп, қуанышына, бақытына балайды, бала үшін күш-жігерін жұмсайды. Әке мен ана баласының келешегін ойлап, отбасында сабырлы мінездің үлгісін, еңбекетіг үлгілі табысын көрсете отырып адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейді. Еңбекқор, ілтипатты ата-ананы, ұстазды бала жанындай жақсы көреді, сыйлайды. Олардың бойындағы адамгершілік қасиетті жоғары бағалайды.

жүргізуші:

Сонымен, жоғарыда айтылған ой-пікірлерді қорыта келе айтарымыз, мектеп пен жанұя арасында  тығыз қарым-қатынасты орнатып, тәрбиеші ұстаз бен тәрбиеші ата-ана арасындағы ынтымақтастықты қолға алып бірлесе жұмыс жасайық дейміз...   Бүгінгі ұрпақтың  ертеңгі елдің болашағы екендігін естен шығармайық.

7
7

Комментарии (7)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Жақсы іс шара. Тәрбие бірінші болу керек, сосын білім.

,
Пользователь

Рахмет!

,
Пользователь

Рахмет пікірлеріңізге

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

өте жақсы.

,
Пользователь

әріптестердің пікірі мен үшін құнды. пікір қосқаныңызға размет!

Джамантаева Кулсинай,
Преподаватель

өте жақсы

,
Пользователь

Рахмет