kz ru en

Авторизация


Ұстаз - ұлы есім

1954 жылы 69-шы орта мектептен 175-ші жеті жылдық қазақ мектебі бөлініп шықты, директоры Жұмаділдин Асан болды. 1956-1957 оқу жылының қыркүйегінде орта мектепке айналды. Бұл мектеп 175-ші мектептен кейін №161, одан кейін Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ орта мектебі болып атанған.    С. Сейфуллин қазақ орта мектебі бұл күндері айналасына мейірім шуағын төгіп, ұрпағынан ақыл- кеңесін аямайтын дана қарияға ұқсайды.

 

         Жұмаділдин Асан (1926-2005) Жазушы Асан Жұмаділдин 1926 жылы 11 мамырда Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Аудан орталығындағы қазақ орта мектебінің 8-сыныбын 1941 жылы бітіреді. Ел басына түскен Ұлы Отан соғысы ауыртпашылығы салдарынан жасөспірім азамат вольфрам кенін өндіретін Қызылтау руднигінде шахтер болып еңбек жолын бастайды. 1943 жылы Қарағаш ауылдық советіне қарасты Ынталы орталау мектебіне мұғалім болып орналасады.

Білімін жетілдіруді мақсат еткен, жастайынан зерек Асекең болған. Бірнеше повесть, әңгімелер жинақтары шыққан. Республикалық 1948 жылы Қарағанды мұғалімдер институтына түсіп, оның тіл-әдебиет факультетін айрықша дипломмен бітіріп, 1950 жылы Қарағанды педагогикалық институтын бітірген. Біраз жыл халық ағарту саласында істеген. 1950 жылы Жаңарқа аудандық оқу бөліміне мектеп инспекторы болып тағайындалады. Араға жыл салып ол ауданның Ақтүбек ауылындағы жеті жылдық мектептің директоры болып жемісті еңбек етеді (1951-53),Жаңаарқа стансасындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ орта мектебінің директоры (1953-60),

Алғаш 1946 жылы тұңғыш «Жаңарқа» деген өлеңінің облыстық «Советтік Қарағанды» газетінің бетінде жариялануы оның өмірінде үлкен бетбұрыс жасайды. Әдебиетке құштарлығы артып, шығармашылық талпыныстан, ізденуден, өз бетінше білімін жетілдіруден танбайды. Облыстық, аудандық газет беттерінде өлең, әңгіме, очерктері жиі жариялана бастаған А.Жұмаділдинді сол кездегі облыстық «Советтік Қарағанды» газетінің редакциясы қызметке шақырадын.

1960-64 жылдары және мұнан кейін арада жеті жылдай аудандық оқу бөлімінде инспектор болып, 1973 жылдан 1987 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық «Жаңаарқа» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі болып, қаламгерлік шеберлігі бұрынғыдан да кемелденіп, ұштала түсті. Табиғи таланты мен еңбексүйгіштігінің арқасында ол шығармашылықтан қол үзбей «Өмір» әдеби-этнографиялық журналының тұңғыш нөмірін шығарудан бастап, ғұмырының соңғы күндеріне дейін редакторы болды.

А.Жұмаділдин бірнеше медальдар, Құрмет грамоталарымен марапатталған. Совет милициясы шығармалары бойынша республикалық әдеби конкурста «Тергеу әлі аяқталған жоқ» атты повесі екінші бәйге алған.

Оның «Келіншек» повесі (1968), «Сең бұзылғанда» повесть, әңгімелері (1972), «Қайырлы сапар» повесі (1977), «Жұмысшы әулеті» повесі (1981), «Құт құбыры» деректі повесі (1982) жарық көрген.

Қаламгер Асан Жұмаділдин 2004 жылы 29 наурызда дүниеден өтті. 
Әдебиеттер: 
Жұмаділдин А. Рухани ұстаз болған "Орталық"// Орт.Қазақстан.- 2000.-14 қазан

Жұмаділдин А. Тәуелсіздікке тарту// Жаңаарқа.- Атасу,

2001-22 желтоқсан

Жұмаділдин А. Ақжол [Мәтін] : Жанжал шаққан қажы: [роман] / А. Жұмаділдин.- Алматы: KenіePress Medіa, 2004.- 276 б.-(Сәкен Сейфуллин - 110)

Жұмаділдин А. Байдалы би.- Алматы: Кенже Пресс, 1999.

Жұмаділдин А. Жаңаарқа: Дерекнама Алматы: Кенже-Пресс-Медиа, 2003.

Жұмаділдин А. Инемен қазған құдық (келбеттеме хикая) - Алматы: Кенже-Пресс-Медиа, 2002.- б.-(Өмір журналының кітапханасы)

Жұмаділдин А.Битабар балуан: Әңгіме // Жұлдыз- 2002-

N9-131-142 б.- ISSN 0134-3580

Жұмаділдин А. Абылай мен Уәли хандардың өліміне көңіл айту: Байдалы бидің туғанына - 275 жыл // Азия Транзит- Қарағанды, 2002- N7-13-15 б.

Жұмаділдин А. Аманат // Орт.Қазақстан- Қарағанды, 2002-

8, 12, 15, 19, 22 маусым

Жұмаділдин А. Оралған// Азия Транзит- Қарағанды, 2003- N12-6-9 б, 2004- N2,N4-14-18 б.

Ол туралы:
Асан Жұмаділдин //Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр Анықтамалық – Алматы «Ана тілі» баспасы ЖШС 2004 - 137 б.

Асан Жұмаділдин некролог// Жаңаарқа-Атасу,2004 -3 сәуір-3 б.

Асан Жұмаділдин // Советтік Қазақстан жазушылары:

Био-библиогр анытамалық- Алматы, 1987- 259 б.

Бексейіт С. Ғасырластарым [Мәтін]: Әр жылдардағы жазбалар- Қарағанды: ТОО "Арко", 2005.

Мұқышұлы Ұ. "Орталық Қазақстан" - ақпарат құралдарының алдыңғы легінде// Жаңаарқа.- Атасу, 2001.-24 қараша

Мұқышұлы Ұ. "Жаңаарқа" дерекнамасы - мағұлматы мол туынды: Жаңа кітап / Ұ.Мұқышұлы// Орт.Қазақстан.- 2003.- 23 желтоқсан.-6 б.

 

Мұқышұлы Ұ. Жарқын бейнесі жадымызда: жақсының жақсылығын айт...// Жаңаарқа.- Атасу, 2005.- 9 сәуір.-2 б.

тег: учитель
1
3

Комментарии (1)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Рахмет ақпаратқа.