kz ru en

Авторизация


сыныптан тыс жұмыс

«Менің  елім – менің  болашағым»

 

  Жүргізуші:  Армысыздар, жиналған  көпшілік қауым, ата-аналар, оқушылар

                  «Менің елім – менің болашағым»  тақырыбындағы ашық есік күнімізді ашық деп жариялаймыз.

  жүргізуші:    

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!– деп ақын

Жұбан Молдағалиев  жырлағандай, Тәуелсіздік алғаннан бері  қанша жетістіктерге қол жеткіздік...  

жүргізуші:

  Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!

Біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.

 

.     жүргізуші:

Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.

жүргізуші:

          Арыстандай айбатты,

          Жолбарыстай қайратты

          Қырандай күшті қанатты

          Мен жастарға сенемін, - деп  Мағжан Жұмабаев айтқандай Тәуелсіз еліміздің болашағы, мемлекеттік тілді құрметтей білетін, Қазақ тілі пәні бойынша өткізілген «Жарқын болашақ»   олимпиадасына қатысушы,            7В сынып оқушысы Нурулина Отлияны қошеметпен сахна төріне шақырамыз.   

жүргізуші:

       Осындай  жүрегі «Отаным» деп соғатын  жастарымыз болса, Еліміздің өркендей берері анық.

         «Қазақ елі» әні орындалады.( Қыпшақпаева Еркеназ)

 

 жүргізуші:

              - Иә, «Адамның бір қызығы – бала деген» деп Абай атамыз  айтқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Жас сәби шыр етіп жарық дүниеге келген күннен бастап, өмір деген ұлы дарияның ләззаты мен бейнеті, күйініші мен сүйініші алма кезек ауысып, таңдайда дәмін қалдырып отырады.Шілдехана жасау, бесікке салу, әпіл-тәпіл басқан жас нәрестенің тұсауын кесіп, тіршілікте сүрінбеуіне ниеттестік білдіру, мектепке бару, ат жалын тартып азамат санатына қосылу , үйленіп отау тігу тәрізді бел-белестердің әрбір адамның өмірінен алатын орны ерекше. Күл астында қалған күмістей анда-санда жылт етіп,үмітті үмітке жалғап, ғұмырларды сабақтастырып жататын да осы қызықтар.Сондықтан да, әрбір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай  перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады.

1 көрініс

 Әжесі мен немересі ағаш егіп жатады.

 

Немересі: Бұл тал қалай өседі?

Әжесі: Үнемі суарып, күтіп баптау керек.

Немересі: Су қайдан келеді? Алма қалай пайда болады? Бұны кім баптайды? 

                    қалай баптайды?

Әжесі: Алма ағашын сен баптайсың, суарасың, топырағын  қопсытасың.

             Өмірдегі заттар мен құбылыстарды толық танып-білу үшін, сен оқып 

              білім   алуың керек.

Немересі: Әже білімді қайдан аламын?

Әжесі:  Ол үшін мектепке барып, ұстаздың алдынан білім алуың керек.

                Балам, еретең бірінші қыркүйек қой мектепке баруға 

                дайындалайық.

Немересі:  Алақай, мен мектепке барамын.

 

2. көрініс.   Мектептегі көрініс, қоңырау үні, мұғалім екі-үш бала

                   

Әжес:. Білім алсын қор болмасын ертең деп

            Мектепке алғаш ертіп келдім жетелеп.

            Ұстазға әкеп қайта-қайта тапсырды,

             Немерем ғой ренжімессің ерке деп.

 

 

Мұғалім:  ( бастауыштың мұғалімі сабақ түсіндіреді. «А» әрпін)

 

Балалар хормен: Өсті міне бойымыз,

                             Өсті міне ойымыз.

                             Отырсақ біз партада,

                             Толығар еді ойымыз.

 

3.Көрініс

 

Мұғалім: Балалар, біз 4-сыныпта оқимыз.Біз қандай болып өсіп келеміз?

 

Бала. Мектеп-қамқор анамыз,

         Оқып,білім аламыз.

         Өнерпаз боп өсетін,

         Біз азамат боламз!

 

 

Бала. Өсіп ой мен санамыз,

          Өмірге жол саламыз.

          Білім қуған баламыз

          Біз азамат боламыз!

 

 

         Музыка.фон  «Әкім болар ма екенбіз»

 

4.Көрініс.           Әжесі отырады

 

Немересі: «Сүйінші!,Сүйінші!

Әжесі:  Не болды, құлыным?

Немересі: Мен мектепте ғылыми жоба қорғадым, бас жүлдені жеңіп алдым. 

                      Алматыға жол сапарға шығамын.

 Әжесі: Сенің еккен алма ағашың міне, бүгін алғашқы жемісін берді.Ал сен 

                болсаң алғашқы жеңісіңмен қуанттың балам.Алар асуың көп 

                болсын, қадамыңа гүл бітсін.

 

Сахнаның артындағы дауыс:   Осындай сүйінші хабарлар әжесін қуанышқа бөледі.Тоқтамыс олимпаданың жеңімпазы.Тоқтамыс үздік оқушы.Тоқтамыс спортсмен.Тоқтамыс мүшайраның жеңімпазы.Тоқтамыс дарынды оқушы болып үлкен жетістіктерімен әжесін күннен-күнге қуанта берді.

5.Көрініс.      

Сахна сыртындағы дауыс. Гүләйым әженің немересі метепті «Алтын белгімен» бітірді.

 

 

 

6.Көрініс        

 

Сахна сыртындағы дыбыс.  5 жыл өтті. Кешегі Тоқтамыс бүгінгі күні жоғары оқу орнын бітіріп , туған жері Жезқазған қаласына келді.Қазір Тоқтамыс ел қамын ойлаған,ел сыйлаған әкім.

 

              Әжесі мен екеуі алма ағашының қасына келеді.

 

Әжесі:. Сен бір биік бәйтерек,

               Көкке бойы бойлаған

                Бәйтерексің дегенім – елдің қамын ойлаған

                Тамырың терең дегенім- ұстаздан алдың зор білім

                Жапырақтарым дегенім- жайқалды мынау өмірің.

 

Немересі: Рақмет, әже.Менің осындай жетістікке жетуіме, білімді азамат, 

                  білікті маман болып шығуыма бағыт-бағдар берген                   

                   ұстаздарымның еңбегі зор деп айта аламын.  Ұстаздарға мың 

                     алғыс!

 

Жүргізуші:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың

 

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иелік мәңгілік!

 

Ұстаз болған баршаға,
Ардақты жандар қаншама.
Шәкіртің күнде қуансын,
Шаршама ұстаз, шаршама

Жүргізуші:

Болашақтың өнерін қадірлейік,

Жастарды имандылыққа әзірлейік.

Тәрбие мен білімді тең игерген,

Болашағы қазақтың деп тілейік, - деп ортаға мектебіміздің мақтаныштары, «Оқжетпес» КВН командасының мүшелерін ортаға шақырамыз.

 

Жүргізуші: 

Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз, - деп әнші жұлдыздарымызды қошеметпен сахна төріне шақырамыз.

 

(Екі жұлдыз)

 

Жүргізуші: 

Өмірде жан екенсің, қия алмайтын,

Өлеңнің құшағына сия алмайтын.

Қазақты көргің келсе, міне, осы деп,

Көрсетсе, жер жүзіне ұялмайтын.

 

Жүргізуші:

Мектеп қой , еліміздің  қаны-жаны,

Бастауыштан басталады, бәрі-бәрі.

Бүгінгі мектепішілік салтанатта

Шырқалсын қазағымның тамаша әні

 

Ән. (Абден Даулет) ,   1сыныптар

 

Мектептің әнұраны 5 сыныптар

 

 

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы,- деп ақын Ғани Қайырбеков айтқандай, Ұстаздардың ұстазы, мектебіміздің басшысы ------------------------------ сөз кезегін береміз.

 

 

Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік.

            Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін!

Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін!

10
9

Комментарии (10)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Тәрбие сағатын жақсы құрастырыңыз

Ташетова Гулбаршын,
Преподаватель

«Менің  елім – менің  болашағым»атты тәрбие сағатын жан-жақты қамтығансыз. Өте керемет.

,
Пользователь

Пікіріңізге рахмет!

Уралбаева Кызгалдак,
Пользователь

Өте жақсы.

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

Көрініс  тамаша  ойластырылған.

,
Пользователь

Рахмет!

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

жақсы құрылған

,
Пользователь

Рахмет

Джамантаева Кулсинай,
Преподаватель

жақсы екен

,
Пользователь

Рахмет