kz ru en

Авторизация


Денсаулық күні

Адам баласына ең қажетті құндылықтардың бірі-денсаулығы.Денсаулық- зор байлық.Адам күш –қайраты, бар жақсы қасиеттерді спортпен шұғылдану арқылы жанына серік ете алады.Біздің мектебімізде де бұл айтулы іс-шара өз дәрежесінде ұйымдастырылды.

    Күн тәртібіндегі бағдарлама бойынша іс-шара таңғы жаттығумен басталды. Мектеп директоры А.Ж.Тұрғынбеков сөз алып, оқушыларды талмай спортпен шұғылданып, мектебіміздің, ауданымыздың атын биікке көтеруді тіледі.

 Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.А.Арунов  5-11 сыныптар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды.Бұл жарысқа оқушылар белсене қатысып өздерінің мықты ойыншылар және салауатты өмір салтын ұстанатынын көрсете алды. Шағын футболдан жарыстың қорытындысы бойынша  1 орынды   11-сынып оқушылары иеленді, 2-орынды 9-сынып оқушылары алса,3 -орынды 7-сынып оқушылары қанағат тұтты. Бастауыш сыныптар арасында 4 «А» сынып жетекшісі А.Беспаева  көңілді мәре сайысын ұйымдастырды. «Көңілді мәре»  сайысында әр түрлі ойындар жүргізіліп, оқушылар белсене ат салысты. Сондай-ақ  әділ қазылар алқасының шешімімен «Көңілді мәре»  сайысында 1-орынды 4 «А» сыныбы  алса, ал 2-ші орынды

3-сынып алды.Топтар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ал барлық сайыстардың  қорытындысы ретінде    5-11 сыныптар арасында би үйірмесінің жетекшілерінің ұйымдастыруымен  би жарысы өтті. Би жарысының қорытындысы бойынша 9,10 және 11-сынып оқушыларының биі үздік деп танылып,5,6,7,8-сынып оқушыларының биі  жақсы деген бағаға ие болды.  Денсаулық күніне орай өткізілген  барлық іс-шаралар көңілді әрі сапалы өткізілді деп танылып  өте жақсы деген баға берілді.

тег: Спорт
0
1

Комментарии (0)