Тақырыбы: Сәттілік формуласы
Мақсаты: Өмірдегі стрестік ситуацияларды жеңуге байланысты жағымды реакцияларды әрекетке келтіруге үйрету.
Міндеттері:
Жағымды эмоцияларды өздігінен іздеп пайдалануға үйрету;
Эмоционалдық күйді өздігінен реттеу тәсілдерге үйрету.
Материалдар: магнитофон, медиативті әуені бар үнтаспа, доп
Тренинг барысы:
1. Сәлемдесу.
Мақсаты: сенім атмосферасын құру, топты жұмылдыру.
Балаларды топтарға бөлу. Қатысушылар шеңбермен орналасады. Жүргізуші қолында доп, оң жақта отырған балаға допты тапсырады, оның аты бойынша бүгінгі күнге игі тілек, жақсы лебіздер айтады. Доп шеңбер бойынша кезекпен беріледі.
Жүргізуші: «Ыңғайлы отырып, көздеріңізді жұмыңыздар. Терең демалыңыздар. Шөлейт жерде жүргеніңізді елестетіңіз. Жан жағыңызға қараңыз. Артқа қарасаңыз үлкен тау тұр-бұл сіздің өміріңіздегі қиындықтарыңыз. Енді қиындықты қалай жеңуді білесіз. Сіз тәжірибе алдыңыз. Ғажайып оазис көріп тұрсыз. Бұл елес пе, әлде шөлейт жердегі жұмақ па? Жақынырақ барсаңыз, елес жоғалмайды. Ғажайып болашаққа кіріп, жан-жағыңызға қараңыз. Қандай әдемі гүлдер және ағаштар салынған. Бұл бақшада өз гүліңізді отырғызғыңыз келе ме? Жұмысқа кірісіңіз. (Үзіліс) Қарасаңыз. Сіздің еңбегіңізден кейін бақша одан да әдемірек болады. Бұны өз еңбегіңізбен құра аласыз! Ал енді біздің бөлімге қайтып келіңіз».
Талқылау: болашағыңызды қалай көрдіңіз? Әдемі бақша өсіру үшін еңбектені керектігін түсіндіңіз бе?
Жаттығу: «Зоопарк»
Мақсаты: дене бұлшық еттеріндегі қысымды түсіру. Жағымсыз эмоциялардан құтылуға көмектесу.
Нұсқау: қандай жануарға ұқсайтыныңызды ойлаңыз. Сол жануарды қимыл қозғалыспен, пантомимикамен көрсетіңіз. Ал енді жануардың антиподын атаңыз. Оны көрсетіңіз, басқалармен қарым-қатынасқа түсіңіз.
Талқылау: «Қандай әсері болды?»
Коллаж: «Менің болашағым»
Материалдар: әртүрлі журналдар, түрлі- түсті суреттер, қайшы, клей, А4 формат, магниттер.
Нұсқау: Сідер көз алдарыңызға өз болашақтарыңызды және болашақта қандай болатыңызды елестетіңіздер. Оны коллаж түрінде көрсетіңіздер.
Ол үшін сіздердің алдарыңызға әртүрлі журналдар берілген. Осы журналдың ішінен өзіңізге қажетті суреттерді қиып алып, өзіңіздің болашағыңыздың суретін құрастырып, А4 форматына жапсырыңыз.
Рефлексия:
Бұл жаттығудан қандай әсер алдыңыз?
Бүгінгі тренингте не нәрсе ұнады?
Қандай қиындық болды?
Қорытындылау: Өмірдегі кез келген қиындықтар адамға тәжірибе алу үшін және жеке бастың жетілуі үшін келеді. Әр нәрседен адам сабақ алып, одан да жақсырақ, мықтырақ және ақылдырақ бола алады. Яғни «Сәттілік формуласы» ол – алдымен алдыңы мақсат қою, сол мақсатқа жету үшін тынбай еңбектену. Өзіңе өзің сенімді болу.
Жақсы
Рахмет
Жақсы
Жақсы
Рахмет
емтихан алдында жиі қолдануға болады
Тамаша!