Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.
Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.
Уақыты: 7-10 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.
ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.
б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.
Кіріспе:
- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.
-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.
- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)
- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …
- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …
- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …
- Алма бағы …
- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …
- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …
- Дәмі керемет …
- Жеген сайын жегіңіз келеді …
- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …
- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.
- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …
- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …
- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …
- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …
- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?
Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …
- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.
Жүректен жүрекке
Әр адам бір- біріне жылы лебіздерін білдіріп, бір- біріне жүрекшелерін сыйлайды.
Психологтың қорытынды сөзі.
Күнде өсіп-қарап, зерттеп бағады,
Зерттеген соң, зердеге сап алады.
Не тілесе соны біліп, түсінер,
Білген сайын іштен жиі күрсінер.
Ілім білген дана атанар ақыры,
Білім елге пайда берер ашығы!
Туғаннан-ақ білімге ынта болмаса,
Оқу іздеп қиналмаңдар онда аса…
Бала білім жолын қусын десеңіз,
Бесігінде-ақ ілім жоғын көсеңіз…
Бала миы – дақ тимеген қағаз нақ,
Миға сөзін ұмытпасқа жазар бақ.
Жүсіп Баласағұни
Ұсыныс
1. жас мамандардың оқушылар арасында мәнерін жетілдіру.
2. сабақты ізденіспен,оқыту әдістерін қолдана отырып өту.
Дәл бүгіннен бастап....
Біздің тағдырымыз өз қолымызда!Сибилла Ф.Партридждің жазған «Дәл бүгіннен бастап» атты ерекше де пайдасы орасан зор кеңесін назарларыңызға ұсынбақпын! Массагеттік достарыма да үлкен көмегі тиеді деген үміттемін. Жақсы тілек тілеп,адамдарға жақсылық тілегеннің өзі бақыт екен. Оны тек іштей түсініп, жүрекпен ұғына білу керек. Және де бәрі тек қана шынайы болуға тиіс, бұл жақсылықтың ең бірінші қағидасы. Шынайылықтың шыңы – иманның бастауы болып саналатын –адамгершілікте. Иманымыз бен бойға жиғанымыз кемерінен асып жығылсын, достар!
Дәл бүгіннен бастап....
1. Иә,дәл бүгіннен бастап мен бақыттымын! Дәлірек айтқанда, Авраам Линкольннің «Адамдардың көпшілігі қанша бақытты болғысы келсе, сонша бақытты» деген сөзін басшылыққа аламын. Бақыт дегеніміз-айналамыздағы қалыптасқан жағдайдың нәтижесі.
2. Дәл бүгіннен бастап, мен өзімнің ойымдағы емес,мені қоршаған өмірге бейімделе бастаймын. Мен өзімнің отбасымды, жұмысымды, айналамда болып жатқан жағдайларды дәл сол күйінде қабылдаймын және оған етене араласуға тырысамын.
3. Дәл бүгіннен бастап мен өзімнің денсаулығым туралы ойлана бастаймын. Мен дене шынықтыру жаттығуларын жасап,өз үсті-басыма күтім жасаймын Дұрыс тамақтанамын, өз денсаулығыма зиян келтірмеуге тырысамын.
4. Дәл бүгіннен бастап мен өз ой-өрісімді кеңейте бастаймын. Білімімді толықтырамын. Миымды жаттықтыратын, қозғауға күш беретін кітаптар оқимын.
5. Дәл бүгіннен бастап мен өз-өзімді жетілдіруді қолға аламын. Ол үшін мен үш нәрсе жасауым керек: мен бір адамға өзі білмейтіндей етіп пайдалы іс жасаймын; одан басқа жаттығу ретінде өзіме пайдалы екі іс жасаймын.
6. Дәл бүгіннен бастап барлық адамға достық ниетпен қараймын. Жақсы жағымнан көрінуге тырысамын. Мүмкіндігінше өзіме жарасатын киім киіп, адамдармен дауыс көтермей сөйлесем, ешкімді сынамауға, ешкімге жөнсіз тиіспеуге, ешкімді басынбауға тырысамын.
7.Дәл бүгіннен бастап бүгінгі күнмен өмір сүремін, өз өмірімдегі проблемаларды бірден шешу мүмкін еместігін есіме сақтаймын.
8.Дәл бүгіннен бастап мен өз істерімді жоспарлап, әрбір сағат сайын не істейтінімді жазып отырамын. Мен дәл осы жоспарым бойынша жазылғандарды жүзеге асыра алмауым да мүмкін, бірақ мен оны жасап қоямын. Бұл маған екі жаман әдеттен – асығыстық пен шешімсіздіктен арылуға мүмкіндік береді.
9.Дәл бүгіннен бастап мен жарты сағат жалғыздықта, тыныш жерде отырып тынығамын, ойларымды қалыпқа келтіруге тырысамын.
10.Дәл бүгіннен бастап мен бақытты болудан, әдемілікке сүйсінуден, сүюден, сүйікті болудан қорықпаймын. Мен жақсы көретін адамдардың мені де жақсы көретіндігіне сенетін боламын.
өте жақсы
Қуаныштымын
мұғалімдермен жұмысқа тиімді
Менің сабағыма тиімді екен
Жақсы
Рахмет
Өте жақсы.Рахмет