kz ru en

Авторизация


Жетістікке жету-өз қолыңда!

Мақсаты. Оқушылардың өзін-өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жасжеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу.

 

Әдіс –тәсілі: кездесу, әңгімелесу, психологиялық жаттығулар, сұрақ – жауап.

 

1-жүргізуші

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Баланың танымдық іздемпаздылығы мен белсенділігін шығармашылық бағытына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дарындылықтарын дамытуға ықпал етуде.

Дарындылық-бұл адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен  салыстырғанда  адамның   бір немесе бірнеше  іс-әрекет  төңірегінде  әдеттен тыс, сирек  кездесетін  жоғары   нәтижелерге  жету  мүмкіндігі.

Дарынды оқушы дегеніміз-өз қатарларынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі  бір  іс-әрекет  бойынша  асқан қабілеттілік танытып, жоғары  жетістіктерімен  дараланатын бала!

 

2-жүргізуші

     Армысыздар, бойында Абайдың ақылы, Бұхардың батасы дарыған, Абылайдың ары, Жамбылдың жаны, Қасымның қаны бар дархан қауым!

      Бүгін дарынды оқушылар  арасында өткізілетін «Жетістікке жету-өз қолыңда!» атты кездесуімізге қош келіпсіздер!

 

1-жүргізуші

Ол оқушылар әр түрлі үйірмелерге қатысып, өздерінің бойларындағы өнерін, білімін дамытып, шыңдап жүрген балалар.

      Үйге нұр, ұяға көрік, тұр­мыс­қа ажар, көңілге базар сый­лайтын ол әрине – бала. Ал егер бала дарынды болса ол тіпті, нұр үстіне нұр болары ақиқат. Ғұ­ла­малар: «Адам баласының бой­ын­дағы дарындылық тек бір ға­на пайызды құрайды. Ал қалға­ны оның тәрбиесі мен өзінің өсіп-жетілгеніне байланысты» дейді. Бұған қарағанда, адам бойындағы дарындылық қасиет барлық адамда болса керек. Көп жағдайда ол адамның өз қо­лын­да секілді. Осындай өздерінің бойына табиғат берген талантын шыңдап жүрген оқушыларды қошеметпен ортаға шақырайық.

 

2-жүргізуші

Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер:

3 «А» сынып оқушысы Қасымбекова Асылжан-әнші

3 «Б» сынып оқушысы Сабырбай Камила-әнші

4 «А» сынып оқушысы Иманғалиева Зере-мәнерлеп оқу

4 «Б» сынып оқушысы Әбдімұратова Ділнара-әнші

5 «А» сынып оқушысы Өмірбекова Арайлым-

5 «Б» сынып оқушысы Қонабаева Ділназ-

6 «А» сынып оқушысы Баржақсынов Елжас-күйші

6 «Б» сынып оқушысы Алтынхан Еркеназ-әнші

 

   Сұрақ – жауап.

Қонақтарға көрермен оқушылар  сұрақ қояды.

- Неліктен бұл өнерді таңдадың?

- Сабақ оқуға кедергі болмай ма?

- Көшбасшы болу үшін адамда қандай қасиеттер болу керек?

- Жетістікке жету өз қалыңда деген сөзді қалай түсінесіз?

- Кімге еліктейсің?

1-жүргізуші:

 

«Презентация»

Психолог: Рахмет, өте жақсы.  Қараңыздаршы, біздің алдымызда 4 білімді адам тұр: олар ақылды, белсенді, тәуелсіз, тәрбиелі, ғылым мен оқуды сүйетін патриоттар. Мен ойлаймын, біз өзімізді толық білімді адамбыз деп әлі есептей алмаймыз, біз тек сондай болуға ұмтылыс үстіндеміз, сол идеалға жету жолындамыз.

 

«Идеалдан қашықтық» жаттығуы

Қазір орнымыздан тұрып, әрқайсымыз өзіңізді идеалдан қандай қашықтықтамын деп есептейсіз, сол жерге барып тұрасыз. Дәл қазіргі кезде білімді адамнан қандай қашықтық сізді ажыратып тұр, соны бағалауға тырысыңыз.Оқушылар орындарынан тұрып, сынып ішінде өздерінің орындарын табады.

Психолог: Көріп тұрғандай, біз өзіміздің идеалымыз - білімді адамнан әр түрлі қашықтықта тұрмыз.Ал енді біз қазір бәріміз бірігіп осы қашықтықты қысқартуға тырысайық. Ол үшін әрқайсыңыз менің қасыма келіп бір кірпіштен аласыз (қызыл түсті қағаздан жасалған). Осы кірпіштерден біз идеалымызға дейін жол саламыз.

 

«Жол салу» жаттығуы

Енді әрқайсымыз «қасиет» жазылған кірпішімізді дауыстап айтып жерге қойып білімді адамға жол саламыз.Бүкіл кірпіштер салынып болғанда оқушылар дәл тақтының алдына жетеді. Сонымен бізге білімді адамға жету үшін МАҚСАТ, НИЕТ, ЫНТА, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ, ТАБАНДЫЛЫҚ, ОПТИМИЗМ, ЖІГЕР, БАТЫЛДЫҚ, ШЫДАМДЫЛЫҚ, АҚЫЛДЫЛЫҚ, ЖҮЙЕЛІЛІК, АЛҒА ҰМТЫЛУШЫЛЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ, БІЛУГЕ  ҰМТЫЛУ, ҚАЙРАТ,  ТӨЗІМДІЛІК, НАМЫС қасиеттер қажет екен. Сонымен біз жеттік, жолымыз ауыр болды-ау.

Иә, білімді адам болу оңай жұмыс емес екендігіне көзіміз жетті.

 

2-жүргізуші

Ендігі кезекті біздің өнерлі оқушыларымызға берейік. (өнерлерін көрсету)

Өнерліге қашан да есік ашық.

Өнерлі бала қашан да  сүйкімді.

«Қыз еркем кестесімен көркем.

Ұл еркем өнерімен көркем» - дейді қазақ атамыз.

Ендігі кезек сегіз қырлы, бір сырлы оқушылардың өнерлерін тамашалайық.

 

Қорытынды.

1-жүргізуші

«Құрметті дарынды түлектер, табиғат берген ерекше сыйды қастерлеп, дамыта біліңдер. Кемері толған кемелді ой мен білікті білімдеріңді, өнерлеріңді туған елдің керегіне жаратыңдар. «Келешектің кілті өздеріңде» - деп елбасымыз айтқандай білімдерің мен өнерлеріңді ары қарай шыңдап, табиғат берген талатты қадірлей біліңдер.

 

2-жүргізуші

Бойларыңда от бар екен байқадық

Жүректеріңде шоқ бар екен байқадық

Әрқашанда осы шоқты өшірмей

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым дей отырып осымен бүгінгі «Жетістікке жету-өз қолыңда!» атты кездесуіміз аяқталды.  

 Келесі кездескенше сау болыңыздар!

соңы

8
11

Комментарии (8)

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

ҰБТ және ОЖСБ тапсыратын оқушыларға пайдасы зор

Агедилова Айгуль,
Преподаватель

Қолдануға жақсы

Джамантаева Кулсинай,
Преподаватель

Өте жақсы

Ершаева Калдыгул,
Преподаватель

Жақсы

Есенгабулова Гульнар,
Преподаватель

Рахмет

Тасмурзаева Шынар,
Преподаватель

Пайдасы болғанына өте қуаныштымын

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

өте жақсы. рахмет

Сыздыкова Гульнар,
Преподаватель

Ой салдыңыз. Мен де осындай шараны өз сыныбымда өткізейін деген ой туды. Рахмет!