kz ru en

Авторизация


Қуыршақ пен бала біртұтас ұғым

Әрбір баланың өмірінде қуыршақ үлкен рөл атқарады. Бала қуыршақты жақсы көреді. Ол қуыршағымен ойнап қана қоймай, сөйлеседі, сырын айтады. Бала тәрбиесінде қуыршақ театрының алатын орны ерекше. Балалар театрының ең танымалы-қуыршақ театры. Шағын сахналық қойылым баланың сөйлеу қабілетінің дамуына бірден бір себепкер. Диалог түрінде сөйлеуге үйретеді. Қуыршақтарды қолдарына киіп ойнау кезінде қол саусақтарының жетілуіне, орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсері мол болады. Қуыршақ театры баланың өнерге деген қызығушылығын арттырады. Қазір адамдар театрға барғаннан гөрі үйде отырып, көгілдір экранға телміріп, компьютерлік ойындарға уақытын көп бөледі. Сондықтан балаларымыздың бос уақытын тиімді де мазмұнды пайдалануына ат салысуымыз қажет. Біздің мектепте 3-4 сынып оқушыларынан құрылған шағын қуыршақ театры бар. Бұл топқа бастауыш сынып мұғалімдері Сейтжанова А.У. мен Шулембаева Г.Б. басшылық етеді. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай ертегілер желісінен алынған сценарий құрастырылады. "Кім күшті? ертегісінің желісімен қойылған ертегілері көпшіліктің көңілінен шықты. Осы топ ұжымына шығармашылық тілейміз.

IMG_0244.JPG
IMG_0242.JPG
IMG_0245.JPG
IMG_0239.JPG
7
10

Комментарии (7)

Дуйсебаева Данагуль,
Преподаватель

Жарайсыздар!👍Тамаша бастау екен. 

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Жақсы

Тасмурзаева Шынар,
Преподаватель

Жақсы 

Малыбаева Куралай,
Преподаватель

рахмет!

Абдыкова Самал,
Преподаватель

Тамаша! Шығармашылық табыс тілеймін!

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

Өте жақсы

,
Пользователь

Тамаша екен