kz ru en

Авторизация


Үштілділік — ұлы мақсаттарға жетелейді

Бұған дейінгі жазбамда Жезқазған қаласының физика пәні мұғалімдерінің "Үш тұғырлы тілділікті" қолдау және насихаттау жұмыстарын жүргізіп жатырғандығын баяндаған болатынмын. Бүгін әріптесім №8 қазақ гимназиясының физика пәні мұғалімі Ж.М.Касмединаның мақаласын жарияламақпын.

 

                                                Үштілділік — ұлы мақсаттарға жетелейді

Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.

Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған үш тұғырлы тіл саясатына баса назар аударуды қазіргі мұғалімдерге міндеттеп отырғаны баршамызға мәлім. Жаңа заманда жаңаша оқыту, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру – ұстаздардың борышы.

Сонымен бірге, үш тілді білу, оны нәтижелі үйрету үшін оның тіл мағынасын түсіну – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек-талабы үш тілді білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр.

Ағылшын тілі — әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті. Ағылшын тілін білу біздің оқушыларға шексіз мүмкіндіктер ашады, өйткені бұл тіл – жаһанданудың кепілі.

Физика пәнін ағылшын тілінде  оқытудың ерекшілігі физикалық терминдерді ағылшын тілінде енгізу. Зертханалық жұмыстарда қолданылатын құралдардың, қондырғылар мен материалдардың атауларын оқушылар ағылшын тілінде білу, сабақты бекіту кезеңінде берілген сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беру, алынған нәтижені түсіндіру, сәйкес қорытынды жасау қажет.

Үштілділікті пәнімізде қолдану мақсатымыз ағылшын тілінде физиканың негізгі ұғымдарын түсіндіріп, ағылшын тілінде ойлауын қалыптастыру және сол тілде сөйлеуге талпындыру. Сабақ оқыту барысында оқушыларымыз  үштілді терминологиялық сөздіктерді меңгереді. Кестеде берілген  ағылшын  әріптерінен физикалық термин сөздердің «Терминологиялық сөздігін» құрастырады. Bilimland сайтындағы  бейне роликтерді ағылшынша тыңдап, оны оқушылар қазақ тіліне аударады.

Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттіліктердің бірі десек болады. Үш тілде оқыту –  әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру заман талабы. Сондықтан, қорыта айтарым, тәрбие – тал бесіктен, яғни, шәкірттеріміз үштілді болып жетілсе, алдыңғы ұрпақ талай мақсаттарға жетеді.

        

 

                                                                                          № 8 гимназиясының 

физика пәнінің   мұғалімі  Касмедина Ж.М.

6
11

Комментарии (6)

Джамантаева Кулсинай,
Преподаватель

жақсы

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет

Абильдинова Ләззат,
Родитель

жақсы

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет

Сейтенова Асель,
Преподаватель

әріптесіңіздің жұмысын насихаттағаныңыз ұнады

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет