Жезқазған қаласының Кеңгір селосының №2 ЖОББМ физика пәні мұғалімі
Б.К. Жансейітованың мақаласын назарларыңызға ұсынбақпын.
Физика пәні мұғалімдерінің үш тілділікті оқу үрдісіне енгізу бастамасы
Бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпаққа көп тiлдi меңгертуге баса назар аударылуда. Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе, халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Президентiмiздiң «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 79-қадамында айтылған бiлiм беру жүйесiнде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тiлiнде оқытуға кезең-кезеңмен көшу мәселесi бойынша Жезқазған қаласы мектептерінде бiршама жұмыстар атқарылуда. Осыған орай қазіргі күні Жезқазған қаласының білім бөлімі басшылығымен Жезқазған қаласы физика пәні мұғалімдерінің үш тілділікті оқу үрдісіне енгізу шығармашылық тобы құрылды. Шығармашылық топ физика пәнінен үш тілде терминдер сөздігін құрастыруды қолға алды. Оның өзіндік себебі де бар. Себебі қазір жарияланатын және шығарылатын ғылыми-техникалық әдебиеттер негізінен ағылшын тілінде. Ғылыми техниканың дамуы адамдардың практикалық және кәсіби тұрғыда көп тілді меңгеру қажеттігін тудыруда. Сол себепті әрқайсымызға жаңа ақпарат алу үшін ағылшын тілін білу керек. Ал оқушыларда ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру, олардың интеллектуалдық қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарын дамыту бастамасының бірі - арнайы физикалық терминдер мен ұғымдарды үш тілде үйрету болып табылады.
Бар мүмкіндігімізше қаланың №1,2,5, 10,21 жалпы білім беретін орта мектептерінен№7 мектеп-лицейі мен №8 гимназияның шығармашылық топқа енген пән мұғалімдерімен бірлесіп, оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында біраз ізденімпаздықпен жұмыс істедік. Осыған орай жеткен нәтижемізге тоқталсақ, сөздікті қолдану барысында балалар физика пәні терминдерінің мағынасын ағылшын тілінде меңгереді және тек тілді ғана меңгеру емес, сол тіл арқылы физика ғылымын оқуға сенімі нығаяды. Сөздік 7-сынып бағадарламалық материалдары мен жекелеген тараулары бойынша тақырыптарды қамтыды. Бір ұтымдысы, физика пәнінен терминдер ағылшын және орыс тілінде де ұқсас келеді. Жаһандық терминология базасының бірдейлігі бізге оқыту үшін оңтайлы болды. Бүгінгідей ақпараттық технология өркендеп тұрған заманда оған толық мүмкіндік бар. Осы бір жаңашыл қадам кейін шәкірттеріміз бізге алғыс айтатындай шығармашылық жоба болады деп сенім артамыз.
Жезқазған қаласының Кеңгір селосының №2 ЖОББМ
физика пәні мұғалімі Жансейітова Б.К.
Тіл мәселесі қазір жиі қозғалуда, сіздің мақалаңыз жақсы жазылған екен
рахмет. Әріптесімнің еңбегімен де бөлісуді жөн көрдім
жақсы
жақсы
рахмет
жақсы
рахмет
әріптесіңіздің еңбегін насихаттағаныңыз жақсы екен
рахмет