Тақырыбы: Физика білгірі
Мақсаты : Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттыруға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Мультимедиялық подиум, слайдтар
Қажетті құралдар: Қорап, доп, сурет,аспаптар: Динамометр, электроскоп, мензурка
Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.
Бүгін де физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп
Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «Физика білгірі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Ал, оқушы, ұстаздар
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа ,
Қол соғып қарсы алайық,- деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
1 нөмірдегі сайыскеріміз 8А сынып оқушысы
2 нөмірдегі сайыскеріміз 8Б сынып оқушысы
3 нөмірдегі сайыскеріміз 9А сынып оқушысы
4 нөмірдегі сайыскеріміз 9Б сынып оқушысы
5 нөмірдегі сайыскеріміз 10А сынып оқушысы
6 нөмірдегі сайыскеріміз 10А сынып оқушысы
Әділ-қазы алқасына бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
Әділқазылар алқасымен таныстыра кетейін:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Өткізілу кезеңдері:
1- тур Ойға шабуыл ( Әр сұрақ 1 ұпай)
2-тур Логикалық сұрақтар
3-тур Көмекке келетін жұмбақтар ( әр сұрақ 5,3,2, 1 ұпай )
4-тур Физика тілінде сөйлесейік ( әр сұрақ 1 ұпай )
5-тур Аспаптар
1 тур Ойға шабуыл ( 1ұпай)
1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
2) Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
3) 1 кг массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма? (бірдей)
4) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты (зодиак)
5) Өзі арық, сөзі- әріп (қалам)
6) Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол....? (инерция)
7) Электр заряды жоқ бөлшек ? (нейтрон)
8) Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма? (тебіледі)
9) Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама... (энергия)
10) Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)
11) Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім? (Архимед)
12) Ең көне музыкалық аспап қалай аталады (ысқырық)
13) «Тон жылытады» деген тұжырымдама дұрыс па? ( жоқ)
14) Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім? (Архимед)
15) Темір не? (металл)
16) Интернет беті қалай аталады? (сайд)
17) Ең кішкентай заряд? (электрон)
18) Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп )
19) Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ кім( Талғат Мусабаев ғарышкер)
2- тур логикалық сұрақтар ( 1ұпай)
1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)
2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4. неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
5. дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
10. қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)
12. жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
13. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
14. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)
15. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)
16. Дүниедегі ең жүйрік не? ( ой- қиял)
3-тур. Көмекке келген жұмбақ
Шарты: 1-көмек:5 ұпай; 2-көмек: 3 ұпай; 3-көмек: 2 ұпай
4-көмек: 1 ұпай
1. Ғалым туралы …..
а) Зарядталған денелердің өзара әсерін тексерген 5 ұпай
б) k=9*109 Н*м2/Кл2 3 ұпай
в) Француз физигі, электростатиканың негізгі заңын ашқан ғалым 2 ұпай
г) зарядтың өлшем бірлігі ретінде алынған 1 ұпай
(Шарль Огюстен Кулон)
2. Жанды нәрсе туралы…..
а) Көзі қырағы,жанған жарықта алыстан көреді 5 ұпай
б) Жүрегіңнің қуаты 2.2 Вт 3 ұпай
в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді 2 ұпай
г) жердегі ең ақылды кім? ( адам) 1 ұпай
3 Зат не?
а) Адам организмнің 65 процент 5 ұпай
б) Заттың үш күйінің біреу 3 ұпай
в) Үш күйде де бола алады 2 ұпай
г) Жерде онсыз өмір жоқ 1 ұпай
4. Қорапта бір физикалық дене бар?
а) Ғылымда, физикада зерттеу жұмыстары үшін қолданылады 5 ұпай
б) Беттік ауданы ең аз геометриялық фигура 3 ұпай
в) Спортшы осы денемен дос 2 ұпай
г) Шар тәріздес ( доп) 1ұпай
1, 2 турдың қорытындысы шығарылып, ұпайы жоғары оқушылар ортаға шығады.
4-тур Физикалық тілде сөйлейік (1 ұпай)
Қай тілде,сөз мағынасын ашу
Метр (грек сөзі « өлшеймін»)
Диффузия (латын сөзі «жайылу, таралу»)
Электр (грек сөзі « электрон,эбонит»)
Гелиос (грек сөзі « күн деген мағынаны білдіреді»)
Конвекция латын сөзі « тасымалдау»
Гипотеза (грек сөзі «болжам»)
Кило (грек сөзі « 1000 есе»)
5-тур Аспаптар ( 1 ұпай )
Аспапты білеміз бе? Нені өлшейміз?
Динамометр
Мензурка
Электроскоп
Амперметр
Вольтметр
Барометр
Спидометр
Қорытындылау
(Ең жоғарғы ұпай алған оқушы «Физика білгірі» атағын беру)
Талаптанайық жас достар ғылым деп,
Ғылыммен ұлтымыз да, ұлт болып білінбек,
Ғылыммен тереземіз теңдік ап
Болашақтың атар таңы күлімдеп.
Өте жақсы кұрылған
рахмет
Өте жақсы. рахмет
рахмет
Құрылымы өте жақсы екен
рахмет
Өте жақсы
рахмет
жақсы. үнады
рахмет
жақсы құрылған
рахмет