Тақырып: Нағыз байлық
Оқыту мақсаты: Мәтін мазмұнымен танысуы.
Барлығы: Мәтін мазмұнымен танысады.
Көпшілігі: Талдау жасай алады.
Кейбіреулері: Берілген жағдайға баға бере алады. Өз пікірін білдіреді.
Тілдік мақсат:
Сөздік жұмысын жүргізе отырып, мағыналас сөздерді анықтау. Оқушылардың мәтіннен өздеріне таныс емес сөздерді немесе сөз тіркестерін табуы.
Байлық – богатство – wealth, нағыз – настоящий - present
Кіріспе
Оқушылар Т, Б, С, О әріптер арқылы топтарға бөлінеді.
Т – табыс, Б – байлық, С – сүйіспеншілік, О – отбасы мүшелері
Өтілгенді қайталау
Қожанасыр деген кім?
-Қожанасырдың есегі туралы не айтылған?
Сұрақтар: Сенің жауабың: Қожанасырдың жауабы:
1. Бір тәулікте неше сағат бар?
2. Төрттен төртті алса, не қалады?
3. Жаңа ай туғанда ескі ай қайда кетеді?
4. Кітап ескіре ме?
5. Байлықты қайдан алуға болады?
(Әрбір оқушыға тапсырма түрінде таратылып беріледі, жауаптары бағаланады)
Презентация
Байлық деген не?
-Бай болсаңдар не істер едіңдер?
-Нағыз байлық деген не?
Берілген сұрақтар бойынша постер қорғайды.
Суреттерді қажеттілігіне қарай топтастырады. «Ромб» диаграммасы бойынша топтастырады.
«Ромб диаграммасы бойынша бағалау»
Берілген суреттерді маңыздылығына қарай
-Жоғарғы жаққа ең қажеттісін қою
-Үшінші қатарға 3 сурет
-Төртінші қатарға 2 сурет
-Ең соңғы қатарға 1 сурет
Жаңа сабақ
- Табыс, Байлық, Сүйіспеншілік үшеуінің қайсысын таңдап, үйіңе кіргізер едің? Неге?
Оқушылар өз таңдауларын айтады.
Мәтінмен жұмыс
1) мұғалімнің оқуы
2) оқушылардың өздігінен оқуы
3) рөлмен оқу
4) сөздік жұмысы
Мәтіннен «от» сөзімен келетін сөздерді ата. (Отбасы, отаға, отана)
«Отана, отаға, отбасы» сөздерінің мағынасын сұрау. Осы сөздерді басқа сөзбен ауыстырып айту.
Бекіту.
Топтарға тапсырма:
-Шешесі бақытты, өткені ...
-Бала бақытты, өйткені ...
-Әкесі де бақытты, өйткені ...
-Қонақтар да бақытты, өйткені ...
«Бала-періште» дегенді қалай түсінесіңдер?
Әр топ 3 мин ақылдасады да, өз ойларын ортаға салады.
Мына есеп бойынша берілген ойдың мәтін мазмұнына сай келетінін таңдау.
Нағыз бақыт формуласы:
Сүйіспеншілік болса = Табыс + Байлық
Байлық болса = Сүйіспеншілік
Табыс болса = Сүйіспеншілік + Байлық
Рефлексия
Лотер Зомверттің «бес саусақ» тәсілі
Бас бармақ – неден қиналдың?
Балан үйрек - кімге көмектестің ?
Ортан терек – көңіл күйің
Шылдыр шүмек – не үйрендің?
Кішкене бөбек – қандай жетістікке жеттің?
Оқушылар әрбір саусағын бірте-бірте аша отырып, сұрақтарға жауап береді.
Бүгінгі сабақтағы өз еңбектеріне қолдарын шапалақтайды.
Үйге тапсырма
Жақсы
Жақсы
Өте жақсы мазмұнды сабақ.
рахмет)
Отлично!