Қызықты логикалық сұрақтар
1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белгілі болса?
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
5. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар.
6. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан жәнеоған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
7. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 4 Құрастырған: Маженова Жаңагүл, Байназаров Талғат
8. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?
9. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
10. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
11. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
12. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
13. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
14. Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады?
Өте қызықты екен
рахмет
Ойлау қабілетін дамытатын сұрақтар жақсы екен
рахмет
жақсы сұрақтар
рахмет
жақсы
Өте қызықты
рахмет
Қызықты
рахмет
жақсы
рахмет