«Жалпы ұлттық Мәңгілік ел идеясын таратудағы сынып жетекшісінің алатын орны»
«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасымыз халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». «Біз үшін ортақ тағдыр- бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы, біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыратын ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық.Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ- мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел».
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық - ұстаз. Олай дейтінім, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Мұғалім біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүректе мәңгі ұстаз болып қалады. Мұғалім - болашақ ұрпақтың бағбаны, келешектің кемелдендірушісі, баланың бойына білім мен бірге тәрбие сіңіруші, жанына жарық сәуле сеуіп, көкірегін нұрландырушы. Ең бастысы мұғалім адами касиеті мол, басқаға көмегін тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.
Шәкірт тәрбиелеу - ұлы міндет. Бала тәрбиесіндегі ата-анадан кейінгі жауапты адам сынып жетекшісі. Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу, ұстаздарға, мұғалімдерге байланысты.
«Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымды да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», деп Бауыржан Момышұлының даналық сөздерін көңіліме түйе келе, тәуелсіз еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп оқытуға өз үлесімді қосу мақсатында 2001 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Ш.Уәлиханов атындағы №26 қазақ орта мектебін үздік аяқтаған соң Жезқазған қаласындағы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетіне физика және информатика мамандығы бойынша құжаттарымды тапсырдым. Емтихандарды жақсы тапсырып студент атандым. Жезқазған Университетін 2005 жылы үздік дипломмен тәмамдап, қолыма физика және информатика мұғалімі біліктілігін растайтын диплом алып, еңбек тәжірибемді өзімнің туған жерім Қармақшыда С.Есқараев атындағы №27 мектептің физика және информатика пәндерінің мұғалімі болып бастадым. 2006 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетіне магистратураға қабылданып, 2008 жылы үздік дипломмен бітіріп, математика магистрі біліктілігін алдым. Сол жылы педагогика және психология мамандығы бойынша аталған университетке магистратураға қабылданып, 2009 жылы үздік дипломмен аяқтап, педагогика және психология магистрі біліктілігін иемдендім.
2008 жылдың қаңтар айынан бері Жезқазған қаласының №10 орта мектебінің мұғалімімін. Мектеп ұжымының әрбір мұғалімі бойында болатын төзімділік, сыпайлылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мұғалімге жүктелген міндет жеңіл емес екенін сезіне де, түсіне білдім. Білім беру, оқыту мен тәрбиелеу үздіксіз процесс. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өнер сүйюге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, кабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи танымдық, педагогика-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі.
Ендеше, Мәңгілік ел болуға менің сынып жетекшісі ретінде қосар үлесім қандай?– деген сұрақ мені жиі мазалайды. Әркім өз жолын тауып кететіндей бала тәрбиесі жеңіл нәрсе ме? Жоқ. «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», — деген екен М.Жұмабаев. Қандай тауып айтылған даналы сөз десеңізші. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді. Балаларға тәрбиелік жұмыс жүргізуді жан-жақты қарастырып, тиянақты көсететін тұлға – ол сынып жетекшісі. Сынып жетекшісі оқушылардың екінші ата-анасы емес пе!? Тіпті, Қазақстандық қоғамның «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің мақсаты адамгершілік, дене дамуы мен білім алушы тұлғасын рухани, ұлттық теңестіру мен әлеуметтендіруге бағдарлау қажеттілігімен айқындалып отыр. Балаларды қоғамның лайықты ізбасары етіп
дайындау, тәрбиелеп шығару үшін оқу, тәрбие жұмыстарын көбейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып отыруымыз қажет. Қазіргі заман талабына сай тәрбие жұмысының түрлерін, өткізу іс-шараларын үнемі өзгертіп, жаңартып отыру қажет.
Сонымен бірге, балалардың ұлттық тәрбие беру қажеттілігін түсінуі мен олардың бойында азаматтық көзқарас, патриоттық сезім, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру менің басты парызым.
Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу керек.
Тәрбие - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек тәрбиелі, білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарды көздеп отыр. Бүгінгі ұрпақ тәрбиелі білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз "Мәңгілік ел" боламыз. Міне, өзінің ісіне берілген сынып жетекшісі ғана мейірбан жеке тұлғаның қалыптасуына көмек көрсетуге қабілетті.
Рахмет
Тəрбие бойынша жақсы ой қозғалған
рахмет
Толық келісемін
жақсы жазылған
рахмет
рахмет
жақсы жазылған
рахмет