kz ru en

Авторизация


Қазақ ұлттық киімінің физикасы

Қазақ ұлттық киімінің физикасы

Қазақтың  ұлттық   киімінің физикалық түсіндірмелерін  физика кітабының бірнеше тарауларында кездестіруге болады.

Мысалы: 8, 10 сыныптарда  «Жылу құбылыстары » тарауында  ұлттық киім физикасын таңыстыру ретінде  Абайдың «ескілік киім » атты өлеңінің алып қарайық ,

                                                                            «Ескілік киім»  

                                                                                   Абай

Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен,

Тон қабаттап кигенім –шидем шекпен.

Жейде-дамбал ақ саннан,жарғақ шалбар,

Жырым балақ,матамен әдіптелген.

Мықшима аяғымда былғары етік,

Киіз байпақ тондырмас ызғар өтіп.

Үлкен кісе белімде жез салдырған

Шақпағым ,дәндәкуім  жарқ-жұрқ етіп.

Күләпәра бастырған пұшпақ тымақ,

Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.

Тобылғыдан кесіп ап ,жіппен  қадап,

Артын белге қыстырған бар құрысқақ.

Қалмақы қара үзенгі,биік қасты ер,

Қанжығамда байлаулы жіптен шідер.

Жарғақ жастық көпшігім,жезді пыстан,

Бір келісті сайманым топқа мінер.

 

Сөздікті анықтауыш материал:

Әдіп-киімнің етек –жеңіне, өңіріне айналасына жиектеп салынған шүберек немесе басқа мата

Былғары-өнделген тері       

Дәндекуім-кісенің оқшантаймен қатар тұратын былғары қалта

Оқшантай-оқ қалташықтары

Жарғақ- киімге жарарлық құлын мен ешкінің иленген терісі

Жез- құрамында 50 пайызға дейін мырыш және басқа элементтер араласқан мыстың қорытпасы

Жейде- дамбал басты басты іш киімдер

Сан- матаның бір түрі

Кісе -белбеуге шытыра қадап бекіткен былғары қалта

Мықшима- бүгілген

Шекпен -жүннен иіріп өрмекпен тоқылған сыртқы киім

Шақпақ- тас оны жанап от шығарыды

Шидем- жүннен тоқылып істеленетін жылы сыртқы киім

Құрысқақ –тобылғы тиек

Пыстан -жезбен қапталған былғарыдан істелген тұрман

 

Енді көне мұраны көңілден ,ойдан өткізіп , физика ғылымымен сабақтасуын қарастырайық.

Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен,

Санап шықсақ  бұл 18  ғасырдың ортасында қазақтардың киген киімдері.

Тон қабаттап кигенім –шидем шекпен.

«Жылу өтімділігі» ұғымы тұрғысынан: қабат-қабат киілген киімдердін арасында ауа болады,ол өте жақсы жылу изоляторы болып табылады, өйткені ауаның жылу өтімділігі басқа заттарға қарағанда аз.

Салыстырып көруге кейбір заттардың жылу өтімділігін келтірейік:

 

            Зат

 Жылу өтімділігі (вт\м.к)

  Қызыл кірпіш

0,67

су

0,599

Қағаз

0,14

киіз

0,062

Жүннен тоқылған мата

0,052

Жібек

0,043-0,058

Қойдың жүні

0,038

мақта

0,042

ауа

0,025

 

 

Жейде-дамбал ақ саннан,жарғақ шалбар,

«Қатты денелердің механикалық қасиеттері» тақырыбы бойынша :

арнайы илеп жұмсартқан (үйкеліс құбылысымен жағымсыз жағдайда)

мал терісінен тігілген шалбар  (жарғақ) берік және жел өткізбейтін жылы  болады.

Жырым балақ,матамен әдіптелген.-

Балақтарды ,жендердің беріктік шегін арттыруға шүберекпен арнайы әдіптейді.Беріктік шегі максималды мәніне жеткенде ғана мата жыртылады.

 

Мықшима аяғымда былғары етік,-

Мықшима –етіктің аяққа ыңғайлығын (заттың серпімділік қасиеті бұл жерде жүргенде артық күш жүмсауға сеп) және беріктігін (механикалық қасиеттері) көздейтін пішіні.

Киіз байпақ тондырмас ызғар өтіп.-

Киіз сабалап біріктірген жүн,бірақ қандай сабаласада оның талшықтарының арасында бірталай ауа болады. Ал ауаның жылу сақтау қасиеті жылу өтімділігінің шамасымен байланысты.киіз жеке талшықтардан тұрғандықтан оңай деформацияланып, адамның аяғының қалыпына түседі, аяққа түсер қысымды кемітеді.Сондықтан киіз байпақ әрі жылы ,әрі жұмсақ аяқ киім.

Үлкен кісе белімде жез салдырған

Шақпағым, дәндәкуім  жарқ-жұрқ етіп

Ол кездегі қазақтың ер азаматы аттың үстінде көп уақыт өткізетіндігіне байланысты  белбеудің бел омыртқасына  бекіткіш  мәні мұқият ескеріленеді және оның беріктігі ені сол мәніне сәйкес келеді. Жезді беріктік  шегін арттыруға және әшекейлеуге  салдырады.Бұл белбеуге түрлі қажеттік жарататын қалталар ілінеді. Шақпақ тас –үйкеліс құбылысы арқылы дененің ішкі энергиясын арттырып от шығаруға қажет.Тастардан метеалдардан сәндік заттар жасау үшін зергерлер олардың жылу жұмсау арқылы физикалық қасиеттеріне әсер ететін агрегаттық күйлерін өзгертеді,ығысу  бұрау, иілу деформацияларына ұшыратады. Мұнда жездің балқу кристалдану меншікті температурасы серпімділік шектері, шағылтқыштық қасиеттері еленеді. Жарқ-жұрқ ету –жарық сәулесінің шағылу заңына байланысты неғұрлым шағылу коэфициенті көп болса ,соғұрлым көзге көбірек көзге түседі.

 

 

Қазақтың ұлттық киімінің ерекшеліктерін физика ғылымымен түсіндіруге болатындығын тағы бір мысалмен дәләлдеп кетейік.

Бірінші бала туғаннан кейін жас келіншек ерекше бас киім киіп жүреді.Оның аты-жаулық(кимешек, сулама, күндік)

Он бірінші сыныпта « Инфра қызыл, ультракулгін,рентген сәулелері »атты тақырыпты өткенде  оқушыларды  жаулықтың   физикалық мағынасымен таңыстыруға болады.

Қазақ халқы қашан да болса бас киімге  көп көңіл бөлген:  бесік жасты баладан бастап әр жас кезеніне ,жынысына байланысты түрлі бас киім үлгісі,материалы  туралы айтып  кетуге  болады.

10
9

Комментарии (10)

,
Пользователь

Өте жақсы жазылған

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

Қызықты екен

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет

Тасмурзаева Шынар,
Преподаватель

Өте жақсы 

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет

Джамантаева Кулсинай,
Преподаватель

қызықты

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет

Сейтенова Асель,
Преподаватель

өте жақсы

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет