kz ru en

Авторизация


Халық ауыз әдебиетінің физикалық мазмұны: мақал-мәтелдердің физикалық мазмұны

Халық ауыз әдебиетінің физикалық мазмұны: мақал-мәтелдердің физикалық мазмұны

 

Мақал-мәтел адам баласының тұрмыс тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірін, еңбек әрекетін, оның табиғат құбылыстарымен қарым қатынасын дөп басып шынайы көрсетіп отырған. Мақал мәтелдердің ескірмес, тот баспас қасиеті оның бейнелеу, теңеу, суреттеу ерекшеліктеріне жете көңіл бөлінгендігінде. Сондықтан да, олардың зор дидактикалық және тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар кейбір мақал мәтелдерде табиғат құбылыстары, құбылыстар арасындағы өзара байланыс өте айқын беріле білген. «Жылу берілу түрлеріне байланысты мынандай мақал мәтел «Қол жұмылмай жылынбайды». Мақалдың тәрбиелік мәні, әрбір алға қойылған іс әрекеттің ойдағыдай, табысты орындалуы үшін бірліктің, ынтымақтастықтың қажеттілігі туралы болса, ал физикалық тұрғыдан адам жылуды алақаны арқылы бере алатындығы және жылу берілудің дененің ауданына тәуелділігі, қол жұмылғанда жылудың ұзағырық сақталатындығын байлпныстые болады. Тағы бір мақал «Жұпарды жасыра алмайсың». Тәрбиелік мәні жақсының жақсылығын жасырғанмен ел таниды. Адал адам қашанда жақсы ықыласқа бөленетіндігі меңзеледі. Ал, физикалық мәнін былый түсіндіруге болады. Жұпардың иісінің молекулалары ауа молекулаларымен араласып таралатындықтан диффузия құбылысы болып өтеді, сондықтан жасырылған жұпарды иісінен тануға болады. Мақал –мәтел адам баласының тұрмыс тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірін, еңбек әрекетін, оның табиғат құбылыстарымен қарым қатынасын шынайы көрсетіп отырады. Мақал мәтелдерде теңеу, суреттеу жете көңіл бөлінеді. Табиғат құбылыстары арасындағы өзара байланыс айқын көрінеді.

 

Физикалық шамаларды өлшеу:

- Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

- Қарыстан сүйем жуық.

- Гауһарды мысқылдап өлшейді.

 

Диффузия

- Бір құмалақ бір қарын майды шертеді.

- Жұпарды жасыра алмайсың

 

Молекулалардың өзара тартылуы және тебілуі.

- Бүргені тұту үшін де бармағыңды сулайсың.

- Білтесіз шырақ жанбайды, жігерсіз жігіт оңбайды.

- Ағаш тамырынан су ішеді.

- Орындалмаған уәде судағы жазу секілді.

- Бос қап тік тұрмас

 

Механикалық қозғалыс:

- Шапқан озар, жатқан қалар.

- Қимылдаған қыр асар.

- Тура жол ең қысқа жол.

- Аттыға жаяу жолдас болмас.

 

Инерция.

- Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер.

- Сабы бос шотпен отын жарма, сабырсыз доспен жауға барма.

- Қоянды аяғы, қасқырды аузы асырайды, түлкіні құйрығы құтқарады.

- Шапшаң жүргенде шаң жұқпас.

- Жапалақты тасқа ұрсаңда жапалақ өледі.

Таспен жапалақты ұрсаңда жапалақ өледі.

- Пішенді салқында шап, қойды салқында бақ.

 

Күш

- Биіктен төмен жүгіру оңай, ал төменнен өрге жүгіріп көр.

- Төбеге төмменнен су ақпас, ұзақтан үрген ит қаппас.

- Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды.

- Бидайдың кеудесін көтергені, дақылы жоқтығы, Жігіттің кеудесін көтергені, ақылы жоқтығы.

- Мәуелі ағаш майысқақ.

- Иін ағаш иілгенмен сынбас.

- Шешен сөзінен сынады, ине көзінен сынады.

- Жіп жіңішке жерінен үзіледі.

 

Үйкеліс күші:

- Саусақ бірікпей, ине ілінбейді.

- Етікті нәл сақтайды,жігітті әл сақтайды.

- Тар киім тез тозар.

- Найза салу ерліктен, ат жауыры терліктен.

 

Архимед күші:

- Отты май құйып өшірмес болар.

- Суға тамған май батпас.

- Сүт тасыса қаймағы төгілер, ашу тасыса ақылы төгілер.

- Өтірік иін ағаш сияқты. Екі ұшын суға салсаң ортасы көрінеді,

Ортасын батырсаң екі ұшы көрінеді.

Кемені суға дария батырмайды, дауыл батырады.

 

Қысым:

Қатты бұтаққа өткір балта керек.

Бізді қапқа жасыра алмайсың.

Қатынас ыдыстар:

Дария жанынан құдық қазба.

 

Механикалық жұмыс:

Күшіне қарай ісі.

Күші жоқ ит те жүгірмес.

Қара күш айлаға бас иеді.

 

Күш моменті:

Терек қисайған жағына жығылады.

Биік ағаш бұрын құлайды.

Ағаш ұстаған жерінен сынбас.

Жел тұрды десе, үйіңе арқан сал,

     Жау келді десе, қарығы қалқан сал.

- Екі аяқты адам түгіл, төрт аяқты мал да сүрінеді.  

- Екі тізгін жоқ болса, ат басын адам бұра алмас.

- Бәрі бірдей сай болса, Шайтан түгіл жын алмас

- Ошақтың бір аяғы сынса, Қазандағы ас төгіледі.

- Тасбақаны төңкерген соң, Өлтірудің не керегі бар

- Кетпеннің басын бассаң, Сабы маңдайыңа тиер.

- Тарының дәні де таразының табағын төңкеріп тастайды.

 

Жылу берілудің түрлері:

- Тонның жылуы терісінен емес жүнінен

- Астарды шапан тоңдырмас, Үш өрім жіп үзілмес.

- Көсеу ұзын болса, қол күймейді.

- Көктеректің жапырағы желсізде де «сыбдырлайды».

- Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды.

- Қол жуылмай – жылынбайды.

- Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.

- Ескі мұз – ерігіш, жаңа дос жерігіш.

Қатты денелердің балқуы және қатаюы:

-Тау мен тасты су бұзады, Адамзатты сөз бұзады.

-Мезгілі жеткенде мұз да ериді.

-Отқа салса темір де балқиды.

-Қар жауды деп қуанба аязы бар.

 

Булану және конденсация:

-Жазда апта бойы суланса, Бір түнде кебеді

Күзде бір күн суланса, апта бойы кебеді.

-Күн шыққан соң суарған суды, күн жұтады. Күн батқан соң суарған суды, жер жұтады.

-Аузы күйген үрлеп ішеді.

-Быламық бетінен суыйды, Көже түбінен суыйды.

-Дән себілмей астық өнбейді, Дария буланбай шық түспейді.

Қайнау:

-Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады.

-Ыстықтан су қайнайды.

 

Отын энергиясы:

-Өзі сөнейін деп тұрған отқа су бүрікпе.

-Отты үрлеген жағады, Шындықты іздеген табады.

-От пен су біріне-бірі – у.

-Теректің жануында мін жоқ, Бірақ жылуында мән жоқ.

-Азықсыз адам алысқа бармайды.

-Ас адамның қуаты, Ат адамның қанаты.

 

Электр заряды:

-Найзағай биік ағашты бұрын соғады.

-Ашық күнгі найзағай секілді.

-Жалғыз еменге жай түскіш.

8
13

Комментарии (8)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Жақсы, тәрбие және білім оқушыға өте қажет

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет

Тасмурзаева Шынар,
Преподаватель

Қызықты екен

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет

Джамантаева Кулсинай,
Преподаватель

қызықты

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет

Сейтенова Асель,
Преподаватель

қызықты екен

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет