Адам - мемлекеттің басты капиталы. Елбасы дәстүрлі халыққа Жолдауында адам капиталының маңызын ерекше атап өтеді. Халықтың жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік тұрғыда толыққанды қамтылуы - мемлекет үшін маңызды мәселе. Елбасы «Қазақстан-2030» стратегиясында «мемлекеттің басты міндеті халық үшін шешім шығару емес, өскелең ұрпаққа құндылықтардың жаңа жүйесіне бейімделуге және мемлекеттің даму сатысымен бірге болашағын қалыптастыруға жол ашу» деп нықтай көрсеткен. Расында, мемлекеттің басты міндеті - әрбір адамға бағыт-бағдар көрсетіп, адам ресурстарын дамыту. Осы ретте ел азаматтарының әрбіріне мамандық таңдауда да бағыт көрсету маңыздырақ.
Халқымызда «бұған жеткен де, жетпеген де арманда» деген сөз жиі ауызға алынушы еді. Жаңа ғасырдың табалдырығынан аттап тұрып, осы бір қарапайым, бірақ мәні терең сөзді қайталауға тура келді.
Шүкір, қойдай жуас, жылқы мінезді болып саналатыцн пейілі даласының кеңдігінен аумай қалған қонақжайлықты құт деп қанына сіңірген әншейінде жеріміз кең ғой деп бытырап жүре беретін, қажет кезінде бір тудың астына біріге алатын Қазақ Ұлты да XXI ғасырдың күнпарағын ашты.
Жақсы
Интересно
өте пайдалы бағдарлама екен
Қолдануға жақсы