Тақырыбы: " Ғажайып білім алаңы"
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың физика курсынан алған білімдерін, табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Ұжымдық әрекетке, қарым-қатынас жасай білуге, өзіндік жұмысқа, ақпаратты тауып қолдана,пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интелектуалды ойын,қорытындылау, жүйелеу сабағы
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, плакат, үлестірмелі материалдар, суреттер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сайыстың жүргізілу барысымен таныстыру.
б) Әділқазылар алқасын сайлау.
Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі “Ғажайып физика ” атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки, кім шығады сайысуға,–дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға қатысатын *** және **** сынып оқушыларынан құралған “Эрстед” пен “Эврика” тобын ортаға шақырайық!
Әділ баға беруге,
Шақырайық ортаға
Әділқазылар алқасын– дей отырып ортаға әділқазыларды шақырайық!
Физика жайлы лирика
Физика!
Ғылымдардың нақтысы,
Жалқаулықты сүймейтін,
Оңайлықпен бас имейтін,
Көп оқымасаң миыңа кірмейтін,
Жалпылауды білмейтін
Пәннің қиын да жақсысы!
Физика!
Оның қиындығы сонда,
Ұстауға келмейтін қолға,
Көрінбейтін көзге торға,
Бөлшектерді іліп,
Санайтынын қайтерсің,
Ол, ол а?
Исі жоқ, ізі жоқ,
Дәмі жоқ, түсі жоқ,
Өріспен
Қулап салар жолға!
Физика!
Өте ұсақ пен алыпты,
Мұнай мен жарықты,
Пайдаланып,
Не бір техникаға жарытты.
Тұрмысты жеңілдетіп,
Қиындықтан арылыпты.
Жасай бер жаса физика!
Оқу мен сені қызыға,
Көп сырға жаным қанықты.
Физика!
Физика ғылым болғалы,
Пайдасын елге тигізді.
Машина, темір арбаны,
Алысқа жылдам жүргізді.
Жарық пен жерді қараңғы,
От жақпай суды қайнатты.
Шөліркіген далаңды
Су жеткізіп жайнатты.
Мың шақырым қашықта,
Сөйлеген жанда үйінде,
Сиғызып көп қапшыққа,
Көрсетті сол бір күйінді.
Физика заңымен Архимед,
Көрсе де біршама тауқымет.
Патшаның тәжінің қаншасы,
Таза алтын екенін айтып ед!
Жатқанда алма ағаш қасында
Түскен кеп бір алма басына,
Ньютонды әйгі еткен әлемге,
Тартылыс күші сөйтіп ашылған.
Физика ғылымдар ғылымы,
Заңдарды нақты әр ғұмырлы,
Жан досым мұны біз ұғайық,
Физика құрметтеуге лайық.
Шытырман физика есебін,
Көп оқып, көп білген шешеді.
Физика үйінде, тұрмыста,
Неліктен жауады қар қыста?
Қалайша бұлт пайда болады?
Найзағай тіледі ауаны,
Жарықта қанша түс болады?
Қане кім жауабын табады?
Күн нұры қайтып тоқ болады?
Тоқ қалай мұз жасай алады?
Тауықсыз балапан баса алған
Бұл ғажап физиктер жасаған!
Жүретін көлікті буменен,
Таситын адамды суменен,
Қозғалтқыш түрлерін шығарып,
Жарықты өлшеген люменмен.
Жол салып, көкті тілгілеп,
Шаралады Айды, Марсты.
Физиканы оқы білгің кеп,
Тұрса егер ғажап алысты.
Физика – ғажайып әлемі
Көп онда қызықтар әдемі,
Физика қоршаған жан – жағың,
Бәрінен құр босқа қалмаған!
Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік, сайысымыз сегіз бөлімнен тұрады.
1-бөлім “Бәйге”. Бұл бөлімде жалпыға бірдей 10 сұрақ оқылады, жалаушаларды тез, бірінші болып көтерген топ жауап бере алады. Егер берілген жауап қате болған жағдайда басқа топтардың жауап беруіне мүмкіндік беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
2-бөлім: “Сөз шебері” бөлімі. Бұнда экранға назар аударамыз. Экранда физикалық шамалар берілген. Бұл физикалық шамаларға мақал жазылған. Осы мақалдың 1) Тәрбиелік мәнін ашу
2) Физикалық тұрғыдан түсіндіру керек. Әр бір дұрыс толық жауапқа 5 ұпай беріледі.
3-бөлім: “Топ басшылар ” бөлімі. Бұл бөлімде әр топ капитандарына барлығына дерлік 15 сұрақ қойылады. Жауапты алдарындағы “Иә” не “Жоқ” сөздері жазылған карточкілер арқылы береді. Әрбір дұрыс жауап 5 баллдық жүйемен есептеледі
4-бөлім: “Қызықты тәжірибе”. Бұл бөлімде топ мүшелеріне 5 мин уақыт беріледі, сол уақыт ішінде берілген тәжірибені жасап, физикалық мағынасын ашу.
6-бөлім: “Физик бізде қонақта” сайысы. Бұл, бөлімде экрана көрінген 3 тақырыптар бойынша әр топ қысқаша өз ойларын ортаға салады. Ең жоғарғы ұпай 5 ұпай. Оны әділқазы алқасы өзі бағалайды.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда деп келесі бөлімімізді бастайық!
Бұл бөлімде топтарға сұрақтар қойылады. Кім бірінші болып жалаушаны көтерсе, сол топ жауап береді.
Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгере ме? (Өзгермейді)
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу. (Қаныққан бу)
Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі. (Орын ауыстыру)
Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)
Қандай денеде конвекция болмайды (қатты дене, вакуум)
Күннің көзі неше рет шығады? (365)
Дүниежүзінде ең көп тараған сұйық (су)
Денеге басқа дене әсер етпесе өз жылдамдығын сақтау құбылысы? (инерция)
Молекулалар арасындағы өзара әсерлесуі елеусіз аз болатын газ? (идеал газ)
Электрон грек тілінде қай сөзден шыққан? (янтарь)
2-бөлім: “Сөз шебері” бөлімі. Бұнда экранға назар аударамыз. Экранда физикалық шамалар берілген. Бұл физикалық шамаларға мақал жазылған. Осы мақалдың 1) Тәрбиелік мәнін ашу; 2) Физикалық тұрғыдан түсіндіру керек. Әр бір дұрыс толық жауапқа 5 ұпай беріледі.
Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен (жылу өткізгіштік).
Көсеу ұзын болса, қол күймейді (жылу өткізгіштік).
Қазан отпен, адам әрекетпен қызады (ішкі энергияны өзгерту тәсілі).
Отқа салса темір де балқиды (заттың агрегаттық күйі).
Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады (заттың агрегаттық күйі).
Түйені жел қозғаса, ешкіні аспаннан ізде (қозғалыс, тербеліс).
Ауызы күйген үрлеп ішеді (кебу).
Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды (күш, әрекет).
Нан піскенше күлше күйеді. (Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.)
Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. (диффузия құбылысы)
3-бөлім: “Топ басшылар ” бөлімі. Бұл бөлімде әр топ басшыларынабарлығына дерлік 8 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 5 баллдық жүйемен есептеледі
“Тапқырлар” тобының басшысына :
Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар? (3)
Қосарланып жегілген 3 ат бір сағат ішінде 12 км жол жүрді. Осыуақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүрген? (12км).
Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұшқан, ал Астанадан Алматыға 90 минут ұшты. Неге? (1 сағат 30 минут = 90 минут).
4-бөлім: “Қызықты тәжірибе”. Бұл бөлімде топ мүшелеріне 5 мин уақыт беріледі, сол уақыт ішінде берілген тәжірибені жасап, физикалық мағынасын ашу.
«Тарелкадағы тиынды қолды суламай қалай алуға болады?»
Қажетті құралдар: тарелка, су, тиын, сіріңке, қағаз.
Жауабы: Қағазды жағып стакан ішіне саламыз Стаканды тезірек тиынның жанына тарелка ішіне төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкадағы су оның ішіне жиналып,тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады. Мұның себебі, жану кезіндегі стакандағы ауа қысымы артып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығады, ішіндегі ауа қысымы атмосфералық қысымнан азаяды. Нәтижесінде тарелкадағы су ауа қысымы аз стакан ішіне қарай бағытталады.
«Піскен әрі аршылған жұмыртқаны бүтіндей бөтелкеге қалай салуға болады?»
Қажетті құралдар: бөтелке, піскен жұмыртқа, сіріңке, қағаз.
Жауабы: Жанған қағаз жалыны шыныдағы ауаны қыздырады. Қызған ауаның көлемі ұлғайып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығып кетеді. Шыны аузын жұмыртқамен жапқан кезде, жалын сөніп ондағы ауа суиды. Шынының ішіндегі ауа мен сыртындағы қысымы тең болмағандықтан, жұмыртқа ыдыс түбіне түседі.
"Қызықты үзіліс, яғни көрермендермен ойын.Экранда сөздер беріледі. Олар: Астана, Пермь, Қызылтас, Қызылорда, Алакөл, Шахтинск, және Электроскоп. Осы сөздердің соңғы әріптерінен француз оқымыстысының фамилиясын шығарыңдар. (Паскаль)
Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз."Ғажайып білім алаңы" атты интеллектуалды сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құттықтаймын! Сайысқа өз білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымды айтамын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Қорытынды. Әділқазылар алқасы екі топты бағалайды.
Жақсы
жақсы құрылған
жақсы ойластырылған
рахмет