kz ru en

Авторизация


ата-аналар жиналысын өткізу әдістемесі

Ата –аналар жиналысы –бұл ата-аналар мен мектептің өзара әрекеттестігінің бір формасы. Бұл әрекеттестік формасы қажетті әрі маңызды, бірақ кей кездерде ұйымдастыру жұмыстарында кемшіліктер байқалып қалады . Кейде бір сарынды, сондықтан ата-аналар жиналысқа аз қатысады,келмейді. Осындай сәтте сынып жетекшілері ата-аналарға реніш білдірмей,үнемі уағыз айтудан аулақ болып, тек балаларының болашағы, олардың бақыты мен жақсы өмір сүруі үшін ойлануға жетелейтін ата-аналар жиналысының тартымды үлгілерін жасауға тура келеді.

    Ата-аналардың мектеппен ынтымақтастығының басты бағыттарының бірі-оқу жылында 4-5 рет өткізілетін сыныптық ата-аналар жиналысы болып табылады. Сыныптық ата-аналар жиналыстарында сыныптағы оқу-тәрбие процесінің міндеттері талқыланады, ата-аналар мен мектеп ынтымықтастығының стратегиялық бағыттары анықталады, бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары шығарылады.

    Педагогтардың,ата-аналар мен балалардың бірлескен әрекеті табысты болуы үшін барлығы да бірлескен іске оң көзқарас танытып, ұйымдаса,бірлескен жоспарларды жүзеге асырып, ол әрекеттің қортындысын шығарып отыруы тиіс.   

  Қарым–қатынас балаға біріңғай талап қою,бірлескен әркеттерді ұйымдастыру,баланың отбасындағы және мектептегі жүріс –тұрысын зерттеу, оның даму бағдарламасын жасаудан  тұрады.

    Отбасы-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі. Бұл тәрбие барысында ата-аналар баласының күнделікті өмірі мен ісіне басшылық жасайды. Олардың рухани және еңбек дәстүрлері рухында тәрбиелейді.осылардың бәрі баланың жан дүниесінің қалыптасуына әсері мол.Осындай мәселелер де ата-аналар жиналысына негізге тақырыптар етіп алуға болады.

   Мақсаты:

Мектептегі ата-аналар жиналысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Міндеттері:                                                                                                                                             

 *  Үштік одақ (бала, ата-ана, мұғалім) тұрақты байланыс орнату ынтымықтастық педагогикасы қажет екенін біледі                                                                                                                                                                                                                                                                                        

* Сыныптағы ата-аналар жиналысының түрлерімен танысады.

* Сыныптағы ата-аналар жиналысын даярлау ережелері туралы біледі.

* Кез келген ата-аналар жиналысында қамтылатын міндеттермен таныс болады.

* Сынып жетекшілері үшін ескерілетін психолгтың кеңесімен таныс бола

* Жиналыста жалпылама айтуға болмайтын іс-әрекеттермен танысады.

* Ата-аналар жиналысының үлгі тақырыптарымен таныс болады.

* 1-сыныптар үшін ұйымдастырушылық ата аналар жиналысының үлгісі ұсынылады

1

* Ата-аналар жиналысын даярлау және өткізу кезінде ескерілетін жағдайлар

* Ата –аналарға берілетін сауалнама (тест) үлгілерін алады.

* Сынып ата-аналарымен өткізілген тренинг жиналыс үлгісімен таныс болады.

* Ата –аналарға берілетін  «Бала көңілін табыңыз» атты кеңес үлгісі беріледі.   

    Үштік одақ (бала, ата-ана, мұғалім) тұрақты байланыс орнату ынтымықтастық педагогикасы қажет екені.

   Ынтымақтастық педагогикасы деген не? Орыстың жаңашыл педагогы Ивановтың сөзімен айтқанда, «Ынтымақтастық педагогикасы бірін-бірі қамқорлыққа алған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жолдастығы» дейді.Ал жаңашыл педагог,психология ғылымының докторы Ш.А.Амонашвели: «Ынтымықтастық педагогикасы дегеніміз-оқушы мен педагог қарым-қатынасының түбегейлі, гуманистік, демократиялық негізде өзгеруі» дейді.

  Осы мақсаттарға жету үшін жаңашыл педагогтер-оқытушылар оқушымен,

оқушының ата-анасымен,барлық басқа мұғалімдермен ынтымақтасуы керек. Ата –аналармен ытымақтасу дегеніміз-балаға үйде де,мектепте де бірдей талап қою деген сөз емес. Ол-ата-аналарды педагогиканың, психологияның,дербес методиканың негіздерімен таныстырып,өз баласын сүюді үйрету. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, ата-анаға өкпе-арыз айтпай,оқуда, тәрбиеде  балаға жәрдем керек болса,бірлесіп, аяғына нық тұрғызуға көмектесу.

  Мен өз сыныбымдағы ата-аналар жиналысын өткенде алдағы тоқсанда өтілетін негізгі тақырыптарды белгілеп беремін. Өтілетін әр пәнді өтудей дербес әдістеменің басты талаптарымен таныстырамын.Әр оқушының әр пәнді оқуда қол жеткізген табыстары мен кемшіліктерін ашып айта отырып, оқушының ,ата-ананың міндеттерін белгілеймін.

  Ата –аналар мен жүйелі байланыс жасап, балаларының оқуы, тәртібі жайлы                                                                                                                                                  

пікірлесіп, ата-аналардың өздерін сабаққа қатыстырып,баласының жауабын тыңдатып,балаға жеке тапсырмалар беремін.Мектеп пен ата-ананы жақындастырудағы   бірден –бір жұмыс бұл мектептегі өтілетін ата-ана жиналыстырының дұрыс ұйымдастырылуы болып табылады.

   Ата-аналарды алдын ала шақырып қою керек,балалардың сыныптан тыс өмірін көрсететін бейне материалдарды даярлап, ата-аналар жиналысы өтетін сынып бөлмесін безендіру қажет. Тап-таза сыныпта мұнтаздай киінген жарқын жүзді педагог қарсы алғанда ата-аналардың көңіл күйі көтеріле беретінін есте сақтау керек.

Сыныптағы ата-аналар жиналысын даярлау ережелері.

1.Ата-аналар жиналысының тақырыбы ата-аналар үшін өзекті болуы тиіс.

2. Ата-аналар жиналысы ата-аналарға қолайлы уақытта өткізілуі тиіс.

3. Ата-аналар жиналысын өткізу жоспары ата-аналарға белгілі болуы тиіс.

4. Сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым –қатынасы сыпайы әрі сенімді болуы тиіс.

5. Сынып жетекшісі балаларға ат қойып, айдар тақпауы керек.

6.Ата-аналар жиналысы педагогикалық жағынан  жақсы даярланған болуы тиіс.

Кез келген ата-аналар жиналысыда қамтылатын міндеттер.

* Сынып оқушыларының оқудағы жетістіктеріне талдау жасау.Мұғалім ата-аналарды сыныптың жалпы жетістіктерімен таныстырады.

* Ата-аналарды сыныптағы әлеуметтік-экономикалық ахуалмен таныстыру.

* Психологиялық-педагогикалық білім беру. Ата-аналарды кейінгі уақытта жарық көрген педагогикалық  және тәрбие туралы әдебиеттер ,басылым беттеріндегі ақпараттармен таныстыру дұрыс болады.

* Ұйымдастырушылық мәселелерді талқылауға істелінген жұмыстар сыныптағы (ертеңгілктер, трининг т.б ) жайлы есеп беру мен алдағы атқарылатын істер туралы ақпарат беру.

* Ата-аналармен жеке  әңгімелесу.Бұл кезде  оқуында және дамуында проблемалары бар балалардың ата-аналарына баса назар аударылады. Бұл кезеңнің күрделілігі сол, мұндай ата-аналар көбіне жұрт алдында сын естуден қауіптеніп,жиналыстарға келмейді

2

  Сынып жетекшісі бұл жерде оларды кінәлау емес, керсінше көмек көрсетуге тырысатын жер екендігін түсіндіруі тиіс.

  «Мен сізді түсінемін!», «Мен сізбен келісемін!» деген сияқты келісім тактикасы өте тиімді болады.

    Кез-келген уақытта ата-ана көңіліне назар аударып, сыпайылық танытуды естен шығармаған дұрыс.

Сынып жетекшілері үшін ескерілетін психолгтың кеңесі.

Жиналыс басталар алдындағы жабырқау көңіл күйді өзгерту.

Жиналыс өткізуге 1-1,5 сағаттан артық уақыт кетірмеңіз.

Адамға өз есімін есту  жағымды әсер етеді, сондықтан ата-аналардың аты-

жөндері жазылған парақ алдарыңызда ашулы жатуы керек.

Жиналысты бастар алдында талқылануға жоспарланған мәселелер тізімін оқып беріңіз.

Педагогикалық талдау жасаудың «алтын ережесін» алдымен жағымды нәрседен бастауды, содан кейін барып жағымсыз нәрселерді сөз ету, әңгімені болашаққа ұсыныстар жасаумен аяқтауды ұмытпау керек.

Келуге уақыт тапқандары үшін бәріне алғыс айтыңыз (әсіресе әкелерге) Ата-аналарға айтылған сөздердің барлығы балаларға жетуі міндетті емес екенін ескертіңіз.

Ата-аналарға балаларына оқу қаншалықты қиын тиетіндігін түсінетініңізді жеткізіңіз.

Жеке әңгімелесу кезінде балалардың қол жеткізген табыстарына баға

беріңіз,жағымды мүмкіндіктерін сөз еткеніңіз жөн.

Ата –ана жиналыстан өз баласына көмектесе алатындығына деген сеніммен қайтуы тиіс.

Жиналыста жалпылама айтуға болмайтын іс-әрекеттер.

Келген ата-аналарды өткен жиналысқа қатыспағаны үшін кінәлауға болмайды.

Жекелеген оқушылардың жұмыстарын салыстыруға болмайды

Бүкіл сыныпқа жағымсыз баға беруге болмайды.

Ата-аналарға қарым-қатынаста уағыз айтушылық үнмен сөйлеуге болмайды.

 Барынша сыпайы әрі өнегелі болуға тырысыңыз!

Жиналыс қортындысын шығару жиналыс үстінде-ақ басталады.айтылған сөздерге қортынды жасалып, шешім қалыптастырылады.Ата-аналар жиналысының

қорытындысы туралы ақпарат мектеп әкімшілігіне жеткізілуі тиіс.

11
43

Комментарии (11)

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет.

,
Пользователь

пікіріңізге рахмет

Тасмурзаева Шынар,
Преподаватель

Жақсы 

,
Пользователь

рахмет

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

сынып  жетекшілерге  өте қажетті  ақпарат.  рахмет.

,
Пользователь

пайдасы тисе, мен ризамын

Ташетова Гулбаршын,
Преподаватель

Тиімді материал. Рахмет.

,
Пользователь

пікіріңіз мен үшін құнды

Байзақова Інжутас,
Преподаватель

ата ана жиналысы осылай өтсе қалмай барар едім! рахмет

,
Пользователь

осылай өткізілу қажет. Пікіріңізге рахмет

Конысбаева Рая,
Преподаватель

рахмет өте керек материал атааналар жиналысының түрлерін жазсаңыз жақсы болар еді