kz ru en

Авторизация


асыл тастардың адамға пайдасы

Өмірде біреулер асыл тасы бар, жүзік, білезікті қолына, сырғаны құлағына, алқаны мойнына жәй әшейін сән-дік үшін тақса, кейбіреулер оның адамға энергия беру көзі, ғарышпен байланысқа түсіру құралы екенін біледі. Ал енді ғалымдардың ай-туынша, осы асыл тастар- дың барлық қасиеттерін бойына жинаған бір мысқалдайы әркімнің денесінде де бар. Табиғатта жетілген элементтер түрінде кездесетін алмаз, көмір, өзен тастары адамның организміне қажет болғандықтан, өзінің саналы күш-қуатымен оның белгілі орталықтарына әсер ете алады. Яғни, ғалымдардың дәлелдеуінше, жүзіктегі, білезік, алқа, сырғадағы асыл тастар адамның энергия қабылдау көздерінде жетпей тұрған күш-қуатты ғарыштан жинап береді Таңғажайыптылығы сол, адамдар саусағына жүзік кигізгенінде ол өз энергиясымен де, минерал ретіндегі табиғатымен де, түсімен де сәйкестене кетіп, үндес энергетикалық орталыққа тартыла бастайтын болып шықты.

Адамның қолдары түрлі орталыққа тартылу қабілетіне сәйкес әртүрлі аураға ие. Бас бармақта – қызыл түсті аура, сұқ саусақта – қызғылт сары аура, ортаншы саусақта сары түсті аура, аты жоқ саусақта – көкшіл – күлгін, шынашақта – жасыл түсті аура бар дейді зерттеушілер.

      Сары, қызғылт сары түсті тастар адамның физикалық табиғатына өте жақын. Сол себепті мұндай тастарды барлық адамдар тағып жүре алады. Жасыл түсті тастар бойында жақсылы-ғы мен жамандығы алмасқан, алайда түбінде жақсылығы жамандығын жеңетін адамдарға тән екен. Күлгін түсті тастар көк (ғарышқа тән) және қызыл (динамикалық) түстердің қоспасынан құралғандықтан, оның адамға әсері өте айрықша өткір. Олай болса, асыл тасты бұйымдар таңдағанда да мамандармен пікірлескеннің ешқандай артықшылығы жоқ. Біз енді жекелеген асыл, қымбат, бағалы тастардың құпия сырларына, табиғатына тоқталсақ.

   Қызыл түсті тастар тобы Лағыл (рубин) – минерал, корундтың бір түрі. Ол бірінші класты асыл тас. Лағыл тобына қызыл жақұт, шпинель, пироп, турмалин, тағы да басқалар жатады. Лағылдың жасанды түрлері 19 ғасырдың аяғында-ақ шығарыла бастаған болатын. Лағыл – зергерлік тас. Оны сағат өнеркәсібінде, кванттық генераторларда қолданады. Көп адамдардың түсінігінше асыл тастардың королі – рубин. Алайда зерттеушілер Жер Ананың қойнындағы барлық минералдардың бірдей қымбат екендігін дәлелдейді. Негізінен, лағыл – адамның психикасына күшті әсер етіп, оның мінезін ұштай түседі. Мейірім-ді жан бұрынғыдан да мейірімді, қатал адам бұрынғыдан да қаталданып кетеді. Олай болса, лағыл көзі бар жүзікті сыйларда оны мінезі қан дай адамның тағып жүретінін есіңізге алып, ойланыңыз. Асыл тастардың тылсым сырын зерттеушілердің түсіндіруін-ше, адамдар лағыл жүзіктерді елді өзіне тәнті еткісі келген де, бойын сенімсіздік жайлап алғанда тағу қажет деп ақыл айтады. Мұндай сәттерде әлгі лағыл көзі бар бұйымдар адамдардың ой-санасына, бойына күш-қуат қосады. Гранаттар – барлық қасиеттері жағынан лағылдан кейінгі асыл тас. Гранаттың құрылымы рубиннен (лағылдан) бір саты төмен.

    Мамандар гранатты – бейнетқор адамның тасы дейді. Өйткені, ол өзінің түсіне сәйкес эмоционалды жұмыс ырғағын сіңіріп алады екен де, адамға ерекше шабыт, іскерлік қасиеттерді сыйлайтын көрінеді. Гранат таққан адам бұл тастың құрылымының әсерінен бұрынғыдан да жинақы, жылдамырақ бола түседі. Оның табысқа жеткізетін кілт екенін түсінеді. Гранатты қандай металлмен де тағуға болады. Гранат иесіне экономикалық табысқа жетуге көмектеседі. Гранаттар адамның жүйке жүйесіне қажетті күш-қуатын молықтырады. Оны қандай металлмен де таға береді. Зерттеушілер гранат иесін табысқа жеткізеді деп те болжам айтып, еліктіреді. Негізінен, гранаты бар сақина, жүзіктер адамның сұқ немесе аты жоқ саусағына тағылады. Төменгі энергетикалық орталықтың (ішек-қарын, несіп жолдары жүйесі) жұмысын жақсартады деп есептелетін анартасты бір күн (24 сағат) суға салып қойып, сол суды ем ретінде де ішетіндер бар. Сонан соң бір апта демалу қажет. Гранатты денеңдегі қызыл түсті энергетикалық орталыққа қарайтын бір жерің ауырғанда, соған қоюға болады.

    Лал (мейірбан шпинель). Ол өзінің құрылымы жағынан лағылға ұқсас. Оны таққан адамның да мінезі ұшталады, бойына сенімділік бітеді деген пікірлер бар. Мамандар лалды да рубин тәрізді абайлап пайдалануға кеңес береді. Мұндай асыл тасы бар жүзікті адамдар айына бір-үш рет аты жоқ саусаққа алтынмен көмкеріп тағуға тиіс. Оның да емдік қасиеті лағыл тасындай.

   Қызыл ақық (сердолик). Өзінің құрылымы арқылы адам биоөрісімен ерекше қарым-қатынасқа түсетін бұл минерал мөлдір емес. Мамандар қызыл сердоликті адамды пәле-жаладан сақтайды деп есептейді. Қызыл ақық адамның психикасына әсер етпейді, адамның (қызыл ақық тасты жүзік таққан) энергетикалық орталықтарын бөтен сұқ көз-ді адамдардың биоөрісінен, қасақана қадалған жанарының отынан сақтайтын күшке ие. Қызыл ақық тасты кез келген металлмен көмкеріп, аты жоқ саусаққа тағуға болады. Тек осындай тасты алқаны мамандардың пайымдауы бойынша, үшінші және төртінші энергетикалық нүктелердің арасына, яғни жүрек пен асқазанның ортасына, қай-қайсын да жаппай, қайсы бір орталықта энергияның көзі болып кетпеуін қадағалай тағуды мамандар еске салады. Қызыл ақық несеп жолдарын, жыныс органдарын суық тию ауруларынан сақтайды деген сенім бар. Әрине, мұның бәрі Аллаһ Тағаланың мейірім шапағатымен жүзеге асатын шипалық емдер ғой. Алайда біз асыл тастардың табиғатын, олардың адам ағзасына тигізетін әсерін жоққа да шығармаймыз.

   Бір қызығы, мамандардың айтуынша, барлық қызыл түсті тастар адамның денесінде 6 сағаттан артық тағылып жүретін болса, ол сол кісінің нәпсісін де оятады екен. Оған біреу сенер, біреу сенбес, бірақ та біз осы мақаламызды даярлау барысында пайдаланған медициналық, отбасылық әдебиеттерде, газет-журналдарда солай деп жазылған. Қазақ атамыз: «Білгенге-маржан», - дейді ғой. Сондықтан да біз бұл болжамдарды да оқырмандардың назарына сала кетуді жөн көріп отырмын.

      Қызғыл сары опал. Түсі күн сияқты жарқырап тұрады. Құрылымы тұрақты. Энергиясы күшті бұл тастың адамға сыйлайтыны: махаббат, құштарлық, қуаныш, бақыт. Мұндай көзі бар жүзік, алқа таққан адам шаршап, шалдықпайды. Осы тастан жасалып, күміспен қабысқан жүзікті адамдар оң қолының сұқ саусағына, аты жоқ саусағына тағады, басқа да әшекей етіп пайдалана алады. Қызғылт сары опал адамның несеп жолдарына, жыныс органдарына шипалы. Сары түсті тастар Сары түсті тастар - өмірге деген іңкәрлық символы болып сенімге ұялаған. Сары берилл. Ол – сақиналы силикаттар тобына жататын минерал. Бериллдің жасыл түстісі-изумруд, көк және көгілдірі-аквамарин, қызыл, қызғылт түстісі воробьевит, сарысы-гелиодар деп аталады. Берилл жылтыр, қатты. Асыл тастардың табиғаты туралы болжам айтушылар: ол өзінің энергиясымен үшінші орталықты-астралды әлемнің «шабуылынан қорғайды». Ол басқа металлдардың ішінде күміске ерекше жақын. Металлмен көмкерілген, осындай тасы бар жүзікті аты жоқ немесе ортаңғы саусаққа, сол қолға салып тағады. Сары берилл ер адамға жақын тас.

      Сары топаз. Ол – ғажайып мөлдір минерал. Бұл асыл тастың түрлері аз емес. Соған қарамастан, олардың ішінде сары түсті энергетикалық әсері өте күшті асыл тас. Зерттеуші мамандар сары топазды бақытты тасқа жатқыза-ды. Олар: «Сары топазды түнде басқа жастап қоюға, төсектің жанына төбеден жоғары ашық кеңістікке іліп қойған жөн. Сонда ол адамның ұйқысын бір қалыпқа келтіріп, ұйқыдан шошып оянудан, ұйқылы-ояу сөйлеуден, қорылдау дан емдеп жазады»,- дейді. Зерттеушілер мұны әлемдік тәжірибеге арқа сүйеп айтады, осылайша ой қорытып, адамның үмітін үкілейді. Сары топазбен неврастения, лейкоцитоз ауруларына әсер етуге болады деген пікір қалыптасқан.

       Сары циркон. Әдемі асыл тастардың бірі. Тек қана құрылымы жағынан сары топаздан әлсіз. Сол себепті адамдармен де қарым-қатынасы әлсіз саналады. Көп адамдар пәле-жаладан сақтайды деп оны бойтұмар етіп тағып алады. Жалғыз-ақ есте болатын жағдай дініңе, ұлттық салт-дәстүріңе, наным-сеніміңе сәйкес саған қандай бой-тұмар қажет, сол туралы ойланып алып қана, мұндай тастан бойтұмар тағасың ба, тақпайсың ба, өзіңнің шешкенің дұрыс. Мамандар сары циркон, адамның ақылын толыстырады дейді. Осы тастан жасалып, барлық металлмен көмкерілген сары цитронс жүзігін оң қолдың сұқ, ортаншы саусағына салады. Гиацинт. Бұл минерал жартылай мөлдір. Адамның психикалық энергиясын күшейтеді деп есептеледі. Гиацинт – адамға екі жақты әсер ететін тас. Біріншіден, ол адамның жақсы қасиеттерін дамытады. Екіншіден, ол адамды бір-бірімен ұрыстырып та қояды. Бұл тас өз қателігін түсініп, оны түзеткен адамдарға ғана бақыт әкеледі. Мамандар бұл таспен де ішек-қарын, асқазан ауруларын түзеуге болады деп жорамал айтады.

Сары түсті тастардың ішінде сары ақық (сердолик), янтарь да бар. Сары ақық – ғажайып минерал. Өңдеп, тегістеуге әдемі. Бойтұмар тасқа пайдаланады. Янтарь болса, бұл – беріш болып қатқан шайыр, бойында миллиондаған жылдардың энергиясы бар деп айтылады. Бұл тас энергияны жинақтап, 3 энергетикалық орталыққа береді де, ой-сананың, адам ағзасының белсенді жұмыс істеуіне ізгі ықпалын тигізеді.

Жалпы, табиғатта жасыл, көк, көгілдір, басқа да түсті тастар бар. Ол туралы әңгіме қозғау болашақтың ісі.

11
10

Комментарии (11)

Тасмурзаева Шынар,
Преподаватель

👍👍👍

,
Пользователь

рахмет

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

Қызықты  мәліметтер  екен.

,
Пользователь

рахмет

Ташетова Гулбаршын,
Преподаватель

Жақсы пайдалы кеңес алдым.

,
Пользователь

рахмет

Байзақова Інжутас,
Преподаватель

керемет мақала, рахмет

,
Пользователь

пікіріңізге рахмет!

,
Пользователь

Тылсымға толы табиғат

Темирова Айнаш,
Преподаватель

жақсы

,
Пользователь

Иə, бастысы пайдасы зор