kz ru en

Авторизация


Кулон заңы (Деңгейлік тапсырмалар)

Кулон заңы

А  деңгейі

 1.     Бірінен-бірі 3  см қашықтықта тұрған әрқайсысы 10 нКл екі заряд өзара қандай күшпен       әсерлеседі?

 2.      1 мкКл және 10 нКл екі заряд 9 мН күшпен біріне-бірі қандай қашықтықтан әсер етеді?

 3.      Егер шыны таяқшаның заряды 8*10 -8  Кл-ға тең болса, үйкелгенде одан қанша         электрон ажыратып алынған?

 4.     Егер металл шарда 4*10 10  артық электрондар бар болса,оның заряды қандай                           болғаны?            (- 6,9*10-9  Кл)

 5.      Кішкентай екі шариктің зарядтары 2*10-7  Кл және 4,5*10-7 Кл                                                               Олар вакуумда 0,1 Н күшпен өз ара әсер етеді.Шариктердің ара қашықтығын есептеп табыңыздар? (9,1*10 -2м)

 6.     Екі бұлттың арасындағы орташа қашықтық 20 км. Олардың электр зарядтары 10 және 20 Кл-ға тең. Бұлттар қандай электр күшімен өз ара әсер етеді?

 7.      Массасы m=0,03 г су тамшысында қанша электрон бар? Су молекуласының массасы m 0=3*10-23 г(1022 )

Б деңгейі

 8. Сутегі атомындағы электрон мен ядроның ара қашықтығы 0,5*10-8 см болса, олардың өзара әсерлесу күшін анықтаңдар. (9,2*10-8Н)

 9. Зарядтардың біреуін 4 есе арттырғанда, өзара әсер күші өзгеріссіз қалу үшін, олардың арақашықтығын неше есе өзгерту керек? (2)

 10. Сутегі атомындағы ядро мен электронның өзара әсерлесуінің кулондық күші олардың гравитациялық әсерлесу күшінен неше есе артық? Электрон массасы mе=9,11*10-31 кг, протонның массасы mp=1,67*10-27кг. Гравитациялық тұрақты G=6067*10-11   Н*м2/кг2  (2,3*1039)

 11.  Бір-бірінен 10 м қашықтықта орналасқан кішкентай екі шардың бірдей теріс зарядтары бар және олар 0,23 мН күшпен өзара әсерлеседі. Әр шардағы артық электрондардың санын табыңдар, (1011)

 12.Ара қашықтығы 6  м бірдей екі нүктелік зарядтары бос кеңістікте 0,1 Н күшпен әсерлеседі. Осы зарядтардың шамасын табыңдар.

 13. Судың бірдей екі тамшысының біреуінде артық электрон бар. Тамшылардың өзара тебілу күші олардың бір-біріне тартылу күшіне тең. Тамшылардың радиустары қандай?

 14.Бір-бірінен 40  см қашықтықта бірдей екі шар орналасқан: олардың біреуіндегі заряд 9*10-9 Кл. Шарларды бір-біріне тиістіріп қайтадан сол қашықтыққа орналастырады. Тиістіргенге дейінгі және тиістіргеннен кейінгі олардың әсер күшін табу керек

(1,10-6Н ; 6,9*10-7Н)

С деңгейі

 15. Егер массасы 0,03  г бір тамшыдағы электрондардың 1%-ін екінші тамшыға бере алатын болсақ, онда бір-бірінен 1  км қашықтықтағы су тамшысы қандай күшпен өзара әсерлескен болар еді? (2,3 106Н)

 16. 1*10-8 Кл және 2*10-8 Кл нүктелік зарядтар вакуумда бір-бірінен 1  м қашықтықта бекітілген. Зарядтарды қосатын түзудің бойында, олардың әрқайсысынан бірдей қашықтықта -3*10-9 Кл заряды бар кішкене дене орналастырылған, сол денеге әсер ететін күштің модулі мен бағыты қандай болады? (1,1*10-6Н)

 17.   90 нКл  және 10 нКл зарядтар бір-бірінен 4  см қашықтықта орналасқан. үшінші зарядқа басқа екі заряд тарапынан әсер ететін күштер модулі жағынан тең, бағыты жағынан қарама-қарсы болу үшін осы үшінші зарядты қай жерге орналастыру керек? (3  см)

 18.      Бірдей екі шар әрқайсысына ұзындығы L=2м, жіп арқылы бір нүктеге ілініп қойылған, Шарлардың әрқайсысына q=2*10-8 Кл бірдей заряд бергенде, олар r=16 см қашықтыққа ажырады. Әр жіптің керілу күшін табыңдар, 

(3,5*10-3Н)

19.    q және 4q зарядпен аттас зарядталған бірдей екі металл шар бір-бірінен r қашықтықта тұр. Шарлар бір-біріне тиістіріліп қойылды. өзара әсер күші бұрынғыдай болып қала беруі үшін, оларды қандай x қашықтыққа ажыратып қою керек? (x=1,25 r)

3
7

Комментарии (3)

,
Пользователь

өте жақсы

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет

Джамантаева Кулсинай,
Преподаватель

жақсы