kz ru en

Авторизация


Электр өрісінің кернеулігі.(Деңгейлік тапсырмалар)

Электр өрісінің кернеулігі.

А – деңгейі

 

 1.    Электр өрісінің қайсыбір нүктесіне енгізілген 0,33*10-7 Кл зарядқа     1*10-5 Н күш әсер етеді. өрістің осы нүктедегі кернеулігін табыңдар? (3*102Н/Кл)

 2 .   Электр өрісінің кернеулігі 2 кВ/м - ге тең нүктеде орналасқан 12 нКл зарядқа қандай күш әсер етеді?

 3. өрістің қандай да бір нүктесінде  2 нКл зарядқа 0,4 мкН күш әсер етеді. өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті табыңдар (200 В/м)

 4. 3*10-8 Кл заряд кернеулігі 6*104 Н/Кл-ға тең өріс нүктесіне орналастырылған. Зарядқа әсер ететін күш қандай? (1,8*10-3Н)

 

Б – деңгейі

 

 5.өрістің 5*10-9 Кл зарядқа 3*10-4 Н күш әсер ететіндей нүктесіндегі кернеулігін табыңдар. Егер қарастырып отырған нүкте зарядтан 100 мм қашықтықта болса, өрісті тудыратын зарядтың шамасы қандай болады? Орта-ауа

 6. Зарядтан 9 және 18  см қашықтықтағы нүктелерде орналасқан

36 нКл заряд өрісінің кернеулігін табыңдар,

 7. Жер бетіндегі өріс кернеулігі 130 Н/Кл, өрісті жердің заряды тудырады деп, сол зарядтың шамасын есептеп шығарыңдар.  (6*105Кл)

 8. Кернеулігі 10 кВ/м өрістегі электрон қандай үдеумен қозғалады?(1,76*1015м/с)

 

С – деңгейі

 9. Әрқайсысы 0,1 мкКл зарядтар бір-бірінен 6  см қашықтықта орналастырылған. Зарядтардың әрқайсысынан 5  см қашықтықтағы нүктенің өріс кернеулігін табу керек, Есепті:а)екі оң заряд үшін; Б)бір заряд оң, екіншісі теріс жағдайлар үшін шығару керек. (576 кВ/м, 432 КВ/м)

 10.Модулі жағынан біреуі екіншісінен 4 есе артық екі заряд бір-бірінен а қашықтықта орын ауыстырылған. Егер зарядтар аттас болса, өрістің қай нүктесінде кернеулік нөлге тең болады? Әр аттас болса ше? (а,2а)

 11.Екі нүктелік зарядтар 3,35 және -6,6 нКл бір-бірінен 5  см қашықтықта орналасқан. Оң зарядтан 3  см және теріс зарядтан 4  см  қашықтықтағы нүктедегі өріс кернеулігін анықтау керек.

(50,5 кВ/м)

 12.Кернеулігі 1,3*105 В/м вертикаль төмен қарай бағытталған біртекті электр өрісінде массасы 2*10-9  г сұйық тамшысы тепе-теңдік жағдайда тұрып қалды. Тамшының зарядын және ондағы басы артық электрондардың санын табыңдар.

(-1,5*10-16Кл,940)

3
11

Комментарии (3)

,
Пользователь

жақсы

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет

Джамантаева Кулсинай,
Преподаватель

жақсы