kz ru en

Авторизация


Электр өрісіндегі өткізгіштер

Электр өрісіндегі өткізгіштер

А – деңгейі

 1 .  Жібек жіпке алюминий гильза ілінген. Осы гильза зарядталған ба, соны анықтау керек, ал егер зарядталған болса , ол зарядтың таңбасы қандай?  Бірнеше тәсілді айтыңдар.

 2. Изоляциялаушы тағанға бекітілген металл екі шарды зарядталған таяқшамен модулі жағынан бірдей, ал таңбалары қарама-қарсы зарядтармен қалай зарядтауға болады?

3. Бір жапырақ жұп-жұқа металл фольга электрленген таяқшаға тартылып, одан жалма - жан кейін тебілетін себебі не? Осы жағдайды түсіндіріңдер.

4.Теріс зарядталған эбонит таяқшаның көмегімен электроскопты қалай оң зарядтауға болады?

5. Судың ішіне ε=81, нүктелік заряд  q=10-8 Кл орналасқан. Осы зарядтан 2,1  м жердегі электр өрісінің кернеулігін табу керек.

 (0,25 В/м)

 

Б - деңгейі

6. Егер зарядталған шексіз пластина бетіндегі зарядтың беттік тығыздығы  354 нКл/м2-қа тең болса, ол пластина өрісінің кернеулігі қандай болатынын     табыңдар.

7. Егер май ішінде бір-бірінен 6  см қашықтықтағы бірдей екі заряд бір-біріне 0,4 мН күшпен әсер ететін болса, бұл зарядтардың әрқайсысының мәндері неге тең болатынын табыңдар. (20нКл)

8. Сұйық диэлектрлік 4 нКл зарядтан 3 см қашықтықтағы өрістің кернеулігі 20 кВ/м. Диалектриктің диалектрлік өтімділігі қандай?(2)

9. Су ішіндегі шамалары бірдей екі нүктелік зарядтардың бір - бірінен қашықтығы 90  мм, олар бірін-бірі 4*10-5Н күшпен тартады. Зарядтардың шамасын есептеп табыңдар. (5*10-8Кл)

      С - деңгейі

 10.     Радиусы 3  см металл шарға 16 нКл заряд берілген. Шардың центрінен 2  см және 4  см қашықтықтағы нүктелердегі зарядтың тығыздығын және өрістің кернеулігін табыңдар. (1,4 мкКл/м2)

 11.Зарядталған шар зарядының беттік тығыздығы о. Шар бетінен оның диаметріндей қашықтықта орналасқан нүктедегі өрістің Е кернеулігін табыңдар. (Е=σ/ε)

 12. Бірдей екі зарядты суға батырғанда олардың судағы ара қашықтығы ауадағыдай болу үшін зарядтардың әрқайсысының мәндерін неше есе өзгерту керек? (9 есе)

 13. Екі зарядты керосинге батырғанда олардың өзара әсер күші ауадағыдай болу үшін ол зарядтардың ара қашықтығын қанша есе өзгерту керек? (1,45 есе азаяды)

14.  Зарядталған өте кішкентай шар керосинге батырылған. Шардан қандай қашықтықта өрістің кернеулігі батырғанға дейінгі 29 см қашықтықтағыдай болады? (20см)

2
7

Комментарии (2)

Джамантаева Кулсинай,
Преподаватель

жақсы екен

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет