kz ru en

Авторизация


Электр сыйымдылық. Конденсаторлар

Электр сыйымдылық. Конденсаторлар

А – деңгейі

 1.  өткізгішке 1*10-8 Кл заряд беріліп, оны 100 В потенциалға дейін зарядтаған, өткізгіштің электр сыйымдылығын фарада(ф), микрофарада(мкФ), пикофарадамен(пФ) есептеп табыңдар,

2.Электрленген металл таяқшаның зарядының шамасын анықтаңдар, ол таяқшаның электр сыйымдылығы 0,05 пФ, потенциалы 3 кВ.

3.Конденсатордың электр сыйымдылығы С=5пФ. Егер конденсатордың  астарлары арасындағы потенциалдар айырмасы  U=1000 В болса, онда оның әрбір астарында қандай заряд болғаны?

4. Конденсаторды 1,4 кВ кернеуге дейін зарядтағанда ол 28 нКл заряд алатын болса, конденсатордың сыйымдылығы қандай болмақ? (20пФ)

5. Мектеп конденсаторының ең үлкен сыйымдылығы 58 мкФ. Оны 50 В-қа тең тұрақты кернеу көзінің плюстеріне қосқанда онда қандай заряд жинақталады?

6. Егер конденсаторлардың пластиналарының арсындағы парафинделген қағаз қабаттың орнына қалыңдығы сондай жалпақ слюданы пайдаланса конденсатордың сыйымдылығы қалай өзгереді? (2,53 есе)

7. Жазық конденсатордың әрбір астарының ауданы 20 см2, олардың ара қашықтығы 0,1 см және диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі ε=6. Конденсатордың электр сыйымдылығын табыңдар. (100пФ)

8.Сыйымдылығы С1=30 мкФ және С2=40 мкФ болатын екі конденсатор берілген. Осыларды параллель жалғағанда конденсаторлар батареясының сыйымдылығы қандай болады? Тізбектей жалғағанда ше? (7,17 мкФ)

Б - деңгейі

9. Жазық конденсатордың әр пластинасының ауданы 520 см2. Конденсатордың сыйымдылығы 46 пФ болу үшін оның пластиналарын ауада бір - бірінен қандай қашықтыққа орналастыру керек? (100 пФ)

10.  Сыйымдылығы 200 пФ конденсатор жасау үшін қалыңдығы  0,2 см (ε=2) парафинделген қағаздың екі жағына да алюминий фольгадан жасалған дөңгелектерді желімдеп жапсырады. Бұл дөңгелектердің диаметрі қандай болу керек?

11.Жазық конденсатор пластиналарының әрқайсысының ауданы 401 см2. Пластиналар заряды 1,42 мкКл. Пластиналар арасындағы өріс кернеулігін табыңдар.

12.     Егер конденсаторға 3,8 кВ кернеу берілген болса , қалыңдығы 4 мм шыны қабатпен бөлінген жазық конденсатор  пластиналарындағы зарядтың беттік тығыздығын табыңдар.

(59 мкКл/м2)

13.    Бірінші конденсатордың сыйымдылығы 0,5 мкФ, ал екіншінікі 5000 пФ. Осы конденсаторда бірдей заряд қорын алу үшін, оларға түсірілген кернеулерді салыстырың (100 есе көп)

14. Бір конденсатордың сыйымдылығы 200пФ, ал екіншінікі 1мкФ. Конденсаторды бір ғана тұрақты кернеу көзінің полюстеріне қосқан кезде оларда жинақталатын зарядты салыстырыңдар. (500)

15. Конденсатордың пластиналарының жұмыстық ауданын екі есе азайтса, конденсатордың сыйымдылығы неше есе өзгереді? (1,5)

16. Сыйымдылықтары бірдей (С12=2 мкФ) екі конденсатор біріне-бірі тізбектей жалғанған. Осы конденсатор батареясын 100 В- ке дейін зарядтау үшін қанша заряд (q)керек болады?(10-4Кл)

 

С - деңгейі

17.Сыйымдылықтары С1=2 пФ және С2=3 пФ екі шар 20*10-8Кл зарядпен зарядталған және бір-бірімен қосылған.  Қосылғаннан кейінгі шарлардағы заряд мөлшерін табыңдар. (8.10-8Кл)

18.Жазық конденсатор кернеуі U=200 В ток көзі арқылы зарядталды. Содан соң конденсатор осы ток көзінен ажыратылды. Егер пластиналардың ара қашықтығын  бастапқы d=0,2 мм -ден d1=0,7 мм-ге дейін арттырсақ және пластиналар арасындағы кеңістікті слюда мен толтыратын болсақ, онда олардың арасындағы кернеу қандай болар еді? Слюданың диэлектрлік өтімділігі ε=7-ге тең.(100В)

19.Ауа конденсаторының пластиналары арасындағы кеңістікке қатты диэлектрикті енгізгенде конденсатордың кернеуі 400 В-тан 50 В-қа дейін кеміген. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай?(8)

20. Жазық конденсатор пластиналарының ара қашықтығы 3 есе 

арттырылды. Егер конденсатор: а)кернеу көзінен ажыратылса; б)тұрақты кернеу көзіне қосылып қалдырылса заряд, пластиналар арасындағы кернеу және өріс кернеулігі неше есе өзгереді?(1,1/3)

21. Сыйылымдықтары 2 және 3 мкФ болатын екі конденсатор батареясы бір-біріне тізбектей қосылып, 400 В кернеуге дейін зарядталған. Батареяның сыйымдылығын және конденсатор клеммалары ұштарындағы кернеуді анықтаңдар. (160 В)

22.Сыйылымдылықтары бірдей екі конденсатор параллель жалғанған. Осы конденсаторлар батареясын аккумулятордың полюсіне (U=2 В) қосқанда, әрбір конденсатордың астарында q=10-4 Кл заряд болған болса, батареяның сыйымдылығы неге тең болғаны?

33.Кернеуі U тұрақты ток  көзіне жалғанған пластиналарының ауданы S және олардың ара қашықтығы  d конденсатордың ішіне, паралель етіп қалыңдығы ℓ металл пластина енгізілген. Конденсатордың осы жағдайдағы электр сыйымдылығы қандай? Конденсатордың энергиясы қандай шамаа өзгереді?

2
6

Комментарии (2)

Серикбаева Шолпан,
Преподаватель

Сложные вопросы

Джамантаева Кулсинай,
Преподаватель

жақсы