kz ru en

Авторизация


Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.

Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.

А -деңгейі

1.    Кедергісі 9,5 Ом электр лампасы, кедергісі 12 Ом реостат және ұзындығы 4 м қимасы 0,4 мм2 мыс сым тізбектей қосылған. Тізбектің кедергісін табыңдар.

2. Кедергілері 2; 3; 4 Ом өткізгіштер параллель қосылған. Қосылған өткізгіштердің жалпы кедергісін табыңдар.

3. Кедергілері 540, 270 және 135 Ом үш резистор параллель қосылған. Тізбектің жалпы кедергісін табыңдар. (770Ом)

4.   Бірдей төрт сым резисторды параллель жалғағанда олардың жалпы кедергісі 200 Ом болып шықты. Әр резистордың кедергісін табыңдар. Кир,8. 800 Ом.

5.  Кедергісі 8 Ом сымды тең төрт бөлікке бөліп, оларды өзара параллель жалғаған. Осы қосындының кедергісін табыңдар. (5см)

Б -деңгейі

6. Егер өткізгішті ортасынан бүктеп ширатып қойса, оның кедергісі неше есе өзгереді? (4)

7. Кедергісі 240 Ом-ға тең, 120 В-қа есептелген электр шамын 220 В кернеуі бар желіден қоректендіру керек. Көлденең қимасының ауданы 0,55 мм2 болатын қандай ұзындықтағы нихром өткізгішті параллель қосу керек?

8.Кедергісі 240 Ом-ға тең, 120В-қа есептелген электр шамын 220 В кернеуі бар желіден қоректендіру керек. Көлденең қимасы 0,55  мм2 болатын қандай ұзындықтағы нихром өткізгішті шаммен тізбектеп қосу керек. (100  м)

9.  Жалпы кедергісі 120Ом болу үшін 300 Ом өткізгішке кедергісі қандай өткізгішті параллель қосу керек?

10.  Тізбектеліп қосылған 2 өткізгіштің жалпы кедергісі 5 Ом ал параллель қосылған сол 2 өткізгіштің жалпы кедергісі 1,2 Ом. Әр өткізгіштің кедергісін табыңдар.

11.Электр тізбегі тізбектей қосылған 2 Ом және 4 Омдық кедергілерден тұрады. Тізбектегі ток күші 0,3 А. Әр бір өткізгіштегі кернеуді және жалпы кернеуді табыңдар.

12.Тізбек бөлігі ұзындығы 2  м және көлденең қимасының ауданы 0,48 мм 2 болат сымнан, ұзындығы 1 м және көлденең қимасының ауданы 0,21 мм 2 болатын тізбектей жалғасқан никель сымнан тұрады. 0,6 А ток күшін алу үшін, тізбек бөлігіне қандай кернеу беру керек? (1,5 В)

13. Тізбек кернеуі 24 В ток көзіне жалғастырылған тізбектеп қосылған үш өткізгіштен тұрады. Бірінші өткізгіштің кедергісі 4 Ом, екіншісінікі 6 Ом, ал үшініші өткізгіштің ұштарындағы кернеу 4 В. Тізбектегі ток күшін үшініші өткізгіштің кедергісін, бірінші және екінші өткізгіштердің ұштарындағы кернеулерді табыңдар (2 А, 8В, 12В)

С – деңгейі

14.  Электр тізбегі өзара тізбектеп жаланған ұзындықтары тең бірдей материалдан жасалған төрт сымнан тұрады. Бірақ олардың көлденең қималары әртүрлі: 1 мм2, 2 мм2, 3мм2, 4 мм2. Тізбектің ұштарындағы кернеу 100В әрбір өткізгіштегі кернеуді анықтау керек

15.Кабель әрқайсысының қимасы 0,6 мм2 екі болат тарамнан және

қимасы   0,85 мм2-лік 4 мыс тарамнан тұрады. Ток күші 0,1 А болғанда кабельдің әрбір километріндегі кернеудің түсуі (төмендеуі) қандай?                     (0,48В)

16.  3В кернеу мен 0,3 А ток күшіне лайықталған 4 шамды параллель қосып, 5,4 В-қа тең кернеу көзінен қоректендіру керек. Шамдарға тізбектеп қандай кедергілі резистор қосу керек?

17.   Кернеуі 45 В ток көзінен кедергісі 20Ом, 30В кернеуге есептелген қыздырғыш спиральді қоректендіру қажет. Мынандай 3 реостат бар: А)6 Ом, 2А; Б)30 Ом, 4 А; В) 800 Ом, 0,6 А. Осы реостаттардың қайсысын алу керек?

18. Әрқайсысы 6 кОм 3 резистор арқылы қандай кедергі алуға болады?

19.  Тізбектей жалғанған өткізгіштнрдің біреуінің кедергісі басқасының кедергісінен n есе үлкен. Егер осы өткізгіштерді параллель қосса, тізбектегі ток күші неше есе өзгереді? (кернеу тұрақты). (n+1/n)

20.Кернеуі 120В тізбекке  екі кедергі қосылады. Олар тізбектей жалғанса ток 3А, параллель жалғанса ток 16 А болады. Кедергілердің шамалары қандай? (10, 30Ом)

6
8

Комментарии (6)

Серикбаева Шолпан,
Преподаватель

Образцовый план урока

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет

Тасмурзаева Шынар,
Преподаватель

Жақсы құрылған

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет

Джамантаева Кулсинай,
Преподаватель

жақсы

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет