Әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ғылыми білімнің түрлі салаларында әлемдік іс- тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарты екендігін дәлелдейді. «ҚР 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында», «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» еліміздің білім беру жүйесіндегі барлық сатылардағы мәселелерді мәдени тұрғыдан жіктеп бергендігін ескеретін болсақ, соның ішінде 12 жылдық білім берудегі кәсіби білімге қатысты бірқатар қиын мәселелерді шешу міндеттері ерекше аталады. «ҚР Білім туралы» заңының 8 бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген