kz ru en

Авторизация


Білім берудегі инновация -өзекті мәселе

Білім берудегі инновация - өзекті мәселе

                         

  Қарқаралы қаласындағы академик О.А.Жаутыков атындағы жбб №1 қазақ орта мектебінде «Білім берудегі инновация, инновациялық ұғымдар: заманауи талаптар, жаңаша көзқарас» тақырыбында Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін тарату бойынша аудандық семинар өткізілді.

Аудандық семинардың мақсаты Білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдау деп алынды.

 Семинар өтетін залда жобалар жұмысын дәріптейтін  стендтер мен  мектепте деңгейлік курстардан өткен  17 мұғалімнің портфолиоларынан жасақталған көрме ұйымдастырылды. 2015-2016 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектебімен тәжірибе алмасып,тығыз байланыста болып жинақтаған тәжірибелерін аудан мұғалімдеріне насихаттауды көздеген семинарды аудандық білімді дамыту орталығының директорының орынбасары Қ.Ж.Муслимов пен мектеп директоры С.К.Кусаинов ашып, бағдарламамен таныстырды. Жұмыс жоспарына сәйкес қонақтар екі бағытқа бөлініп, «Оқыту түрлеріндегі интерпретация және кері байланыс беру» атты коучингті екі аудиторияда С.К.Кусаинов, А.О.Аменова және Г.Ш.Нарымбекова, Қ.С.Нарынбекова өткізді. Бұл коучингте критериалды бағалаудың тиімділігін көрсету, сабақтағы кері байланыс жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау, кері байланысты ұйымдастыру жолдары көрсетілді.

География пәнінен «Солтүстік Америка» атты ашық сабақты Л.Т.Матимбаева, Ж.Е.Кузембаев өткізіп, топтық жұмыс түрлерінің ерекшеліктеріне назар аударды.   Жеке жұмыс,топтық жұмыс түрлері жүзеге асты. Мұғалімнің табысты  кері байланысы оқушылардың түсінуіндегі арнайы мағыналар бойынша дұрыс немесе бұрыс жауапты айтпай, сипаттап беруі болып табылады.Оқушыларға сипаттамалық кері байланыс анық, түсінікті және сындарлы тілмен берілуі тиіс. Осындай жұмыс түрін көрсете білген сабақтар ретінде бастауыш сынып мұғалімі Г.Е. Сатжанованың  2-сыныпта  «Мың көлеміндегі сандарды қосу және азайту» тақырыбындағы математика пәнінен өткізген ашық сабағын айта кетуге болады. Мектептегі «Ағылшын тілін үйренейік» атты мұғалімдерге арналған үйірменің қатысушысы Н.Т. Жомартованың  ағылшын тілі мұғалімі А.А.Абишевамен бірлесіп өткізген «Дәрумендер және олардың маңызы. Майда, суда еритін дәрумендер» тақырыбындағы биология пәнінен ашық сабағы көрсетілді. Оқушылар биология сабақтарында ағылшын,орыс тілдерін тиімді қолдана білетіні, терминдерді жақсы меңгергені ерекше көзге түсті.                  Семинар жұмысының келесі кезеңінде  Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін таратуда Мектептің Даму Стратегиясының жоспарына сәйкес құрылған Жобалар бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Атап айтқанда, «Серіктестер» желілік қауымдастығының жұмысын үйлестіруші А.А.Жунусова қауымдастық жұмысының негізгі аспектілеріне тоқталып, іс-шаралардың жүзеге асу деңгейін саралап өтті . «Lesson study» зерттеу жұмыстары бойынша Г.Т.Таттымбетова жұмыс түрлері мен жеткен нәтижесін көпшілік назарына ұсынды. «100 кітап» жобасының жетекшісі И.М.Асанова жобаның  жүргізілу реті, өткізілген іс-шаралар жайлы мағлұматтар беріп өтті. «Шаңырақ» жобасының жетекшісі  М.М.Абдикаликова , жоба аясында  оқушылармен өткізілген танымдық- шығармашылық жұмыстарын презентация түрінде таныстырды.   Мектепті көгалдандыру жұмысын мақсат етіп алған «Жасыл бақ» жобасының жетекшісі Г.М.Бакирова жоспарлы жұмыстардың нәтижесін көрнекі түрде көрме ретінде көрсетіп өтті. З.А. Алимбекова бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығының, қоршаған ортаға деген қызғушылығының жоғары болуын негіз етіп алған «Таным «жобасын таныстырып, жұмыстың маңызды тұстарын тілге тиек етті. Қазіргі таңда өзекті болып отырған жаратылыстану бағытындағы сабақтарды ағылшын тілінде жүргізуі үшін  мұғалімдердің  тілді меңгеруіне арнап құрылған «Ағылшын тілін үйренейік» курсының жетекшісі А.А.Молдакулова атқарылған жұмыстар мен болашақтағы жоспарларына тоқталып өтті. Әр жобаның жетекшісі өз сөздерін көрнекі түрде презентация арқылы таныстырды Қорытынды сөз сөйлеген БДО әдіскері Д.Е.Қалиясова семинарда инновациялық үдерістерді қалыптастырудағы тұжырымдамалық, теориялық түсініктердің іс-жүзінде ойдағыдай жүзеге асырылуы қамтамасыз етілгендігін айтып өтті. Педагог қызметкерлердің өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасалғанын, жалпы семинар жұмысының жоғары дәрежеде өткендігін айта келе, мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

IMG_1038.JPG
0
6

Комментарии (0)