25 қазан күні “Достығымыз жарасқан” жобасы аясында 4-сыныптар арасында “Дос және достық ” тақырыбында тренинг сабақ өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту; адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету; адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Трениг барысында оқушылар 5 топқа бөлініп, әр түрлі жұмыстар жүргізілді. Соның ішінде “Жаман жолдас” ертегісі көрсетіліп, қорытындысына дәйексөз айтылды. “Жүректен жүрекке” тренингі өткізілді. Оқушылар топтасып достық гүлін жасап, көрші тобына сыйлады. Эссе оқыды, мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіре отыра достық үйін құрастырды. Оқушылар оз ойын ашық айтып, белсенділік көрсеткенінің арқасында сабақ мақсатына жетті.
Жақсы құрылған
Жақсы