kz ru en

Авторизация


    Авторизация


  • Топ блогов
  • Кем стать
  • Проф. сообщества
  • База педагогических знаний
  • Учебные заведения
  • Анкетирование
  • Сообщества

Блог пользователя



Элементы 1—13 из 13.

Майбасова Ляззат,
Преподаватель

10 сәуір күні Астана қаласының  20 жылдығына  орай, жоспар бойынша 4 «Ә» сыныбында «Астана – бас қала» тақырыбында бейнетаныстырылым көрсетілді. Астана қаласының атақты жерлері мен қаланың көрікті жерлерін таныстыру деген мақсатпен көрсетілген бұл бейнефильмнен оқушылар Астана қаласын квадрокоптермен түсірілеген бейнесін көрді. Өте қызықты, әрі әсерлі болды.


3

Майбасова Ляззат,
Преподаватель

Сәлеметсіз бе. Сізге арнайы https://ust.kz сайтқа тіркеліп, жеке кабинетке доступ алуға болады. Онда сіз сертификаттар мен алғыс хаттарды тегін жүктеп алуыңызға  және әріптестеріңізге де алып беруіңізге болады. Барлық шығындарды "Яндекс - www.yandex.kz " және "Ұстаз тілегі  ust.kz"  сайттары өтейді.  Акцияға қатысып отандық сайттардың дамуына үлес қосыңыз! Қазіргі уақытта сайтта 40 000 жуық материалдар жинақталған. Барлық...


5

Майбасова Ляззат,
Преподаватель

16-20 наурыз аралығында мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Ұмсынай Амантаевна өзінің талантты шәкірттерін ертіп Шымкент қаласындағы VІ Республикалық "Жұлдызға жол" аттыбалалар мен жасөспірімдер байқауына барып келді. "Отан деп соғар жүрегім" атты бұл байқауда менің оқушым Байыр Айдын мелодика аспабымен Абай Құнанбаевтын шығармасын орындап "Аспаптық музыка" лауреаты атанып, ІІІ орындық дипломмен мадақталды. Ұстаздан шәкірт озар демекші, бұл жетістік Айдынның ұстазының адал еңбегінің нәтиж...


4

Майбасова Ляззат,
Преподаватель

4 «Ә» сыныбында «Алғыс жүректен шығады" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып оқушыларымен сұхбат түрінде өткен сабақ «Шаттық шеңберінен» басталды . Балалар бір бірлеріне ризашылықтарын айта отырып, гүл шоғын сыйлады. Мұғалім мен оқушылар арасында сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында оқушылар өз ойларын ашық айта білді. Сабақ соңында тілек ағашына жүректен жүрекке деген лебіздерін жазып, ілді. 


1

Майбасова Ляззат,
Преподаватель

Астана қаласы "Шабыт" білім беру-әдістемелік орталығы" ЖШС ұйымдастырылуымен мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен жол жүру қауіпсіздігі бойынша "Бағдаршам" балалар суреттерінің интернет-байқауының жүлдегерлерін жоғары дәрежеде дайындағаным үшін дипломмен марапатталдым. Бұл сайыста оқушыларым Бескен Диас ІІ орын, Қасқатай Нұрасыл ІІІ орындармен, Абеуова Сабина сертификатпен марапатталды. Қуанып жатырмыз.


3

Майбасова Ляззат,
Преподаватель

Қыстың соңғы күнінде "Салт дәстүрім - таусылмайтын байлығым" тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім. Сынып оқушыларын үщ топқа бөліп қонақжайлылық жайында әңгіме өрбіттік. Әр топ бір салт дәстүрге тоқталып, атап өтсек "Қымызмұрындық", "Саумалық", "Уызқағанақ" сияқты ұғымдарды ашып айтып, көріністермен үлестіріп отырды. Ары қарай қазақи тәрбие беру мақсатында "Табақ тарту" ойыны болды. 1-топ Арнайы қонаққа, 2-топ Қыдырма қонаққа, 3-топ Сыйлы қонаққа арналған табақтарға ет мүшелеп салудан жарысты....


8

Майбасова Ляззат,
Преподаватель

Бүгін қуанышты жағдай болды. "IQ" - Интеллектуалды орталығының ұйымдастырылуымен Республикалық "Көркем жазу", "Қыс қызығы" атты білімділер байқауынан бір оқушым ІІ орын алса, тағы бір оқушым алғыс хатқа ие болды. 


5

Майбасова Ляззат,
Преподаватель

25 қазан күні “Достығымыз жарасқан” жобасы аясында 4-сыныптар арасында  “Дос және достық ” тақырыбында тренинг сабақ өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты:  оқушылардың дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту; адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету; адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Трениг барысында оқушылар 5 топқ...


3

Майбасова Ляззат,
Преподаватель

9 қараша күні Шет ауданынан кәмелетке толмағандарға арналған инспекторлар келіп, 4-сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алу, әңгімелер жүргізу.

Испекторлар оқушының мектептегі міндеттері мен құқықтары туралы бас айтып өтті. Әлімжеттік көрсету, бір біріне ауыр сөздер айтып, ренжіту, кешке көшеге шықпау, бөтеннің көлігіне мінбеу сияқты әңгіме жүргізді. Оқушылар тыңдап, біраз ақпараттар алды.


1

Майбасова Ляззат,
Преподаватель

21 қазан күні 4 –сыныптар арасында Алтын күз мерекесі өтті. Ертеңгілікті Гүлімжан Кенжетаевна ашып,  екі оқушы жүргізді. 10 оқушы жеміс-жидектердің киімін киіп, тақпақтарын айтты. Қыздар жапырақтар биін билеп, “Күз жомарт” әні орындалды.  Алтын күздің пайдасын, қызығы мен кереметін, молшылығын айта отырып оқушылар күзгі еңбек жайлы білімдерін кеңейтті, табиғатты аялауға тәрбиеленді. Сынып Алтын күз мерекесіне сай безендіріліп, мерекелік көңіл-күй болды. 


2

Майбасова Ляззат,
Преподаватель

27 қазанда «Адам өмір қауіпсіздігінің негіздері» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: сабақта, мектепте, мектеп ауласында, үйге қайтаржолда, теміржол торабы маңайындағы өмір қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру. Оқушылар үш топқа бөлініп, ӨҚН байланысты әңгіме жүргізілді. Күзгі демалысқа, және қыс айларына арналған қауіпсіздік ережелерімен танысты. Оқушылар оз ойын ашық ай...


1

Майбасова Ляззат,
Преподаватель

11 қазанда қазақ тілінен «Сөйлемнен берілген білімді қайталау» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: оқушылар 3-сыныптағы сөйлемнен берілген білімді қайталап, сөйлем жайлы толық мағлұмат алады. Сабақта “Болжау ағашы”, “Ойшақыру”, “Топтық жұмыс”, АКТ, т.с.с. әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар тапсырмаларды интерактивті тақтада орындады. Сабақтың кезеңдері бір-бірімен байланысысып отырды, әр тапсырма сайын формативті бағалау болды. Сергіту сәті үш...


2

Майбасова Ляззат,
Преподаватель

Мен бүгін математика пәнінен "Қайталау" тақырыбында Қысқы универсияда желісімен ашық сабақ өткіземін. Түнімен отырып шабытпен құрастырған сабақ жоспарымды ұсынамын. Бағалап, пікір жаза отырыңыздар. Өзіме сәттілік тілеймін!


6