kz ru en

Авторизация


"Біздің мүмкіндіктеріміз-2018" байқауы

2018 жылдың 6-7 сәуір күндері Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Біздің мүмкіндіктеріміз –2018» байқауының қорытынды кезеңін ұйымдастырып өткізді. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша грамоталармен марапатталды.

  Жеңімпаздар:

«Ең функционалды сауатты команда»– Балқаш қаласы, С. Сейфуллин атындағы №7 МГ

«Бірлігі ерекше команда»– Қарқаралы ауданы, Жәутіков атындағы ЖББОМ

«Шығармашыл ұжым»– Бұқар жырау ауданы, Көкпекті ЖББОМ

«Ең ынтымақты команда»– Жезқазған қаласы, №13 ЖББОМ

Қатарынан 3 жыл өтіп отырған атылмыш байқауға Қарқаралы қаласындағы академик О.А.Жаутыков атындағы ЖББ №1 қазақ орта мектебінің командасы алғашқы жылы қатысып бас жүлде «Ең функционалды сауатты команда» дипломына ие болса, биылғы оқу жылында да жүлдегерлер қатарынан көріне біліп «Бірлігі ерекше команда» номинациясын жеңіп алды. Облыс бойынша барлық мектептерден (лицейлер, гимназиялар) ақтық кезеңге 16 команда іріктеліп тек 4 ғана номинациямен марапатталатын бұл байқаудың екі мәрте жүлдегерлері атанған №1 қазақ орта мектебінің команда мүшелерінің З.А.Мырсамыкова, А.О.Аменова, Д.Ж.Ахметов, А.Е.Рахимова, М.М.Абдикаликова, А.А.Абишева, Т.Т.Туйтебековалардың  білімділік пен біліктілік сынға түскен байқаудағы шеберліктерін атап айтқан жөн. Намысты қолдан бермей ерекше дәлелді жауаптарды ғана емес, сауатты дискуссия жасай біліп, топта жұмыс жасап, әріптестерімен бір пікірге келуде, әрі өз пәнінің аумағында өз тәжірибесімен дәлелді, әрі нақты жауап беруді талап еткен байқаудың жеңімпаздарына шығармашылық табыстар тілейміз.Ақтық сайыс кезеңдерінде "Әдістемелік бірлестік", "Ақпараттық сауаттылық", "Жағдаяттарды шешу", "Оқушымен әңгіме", "Ата-анамен әңгіме" атты бағыттар бойынша өтті. Байқауды ұйымдастырушылар мен әділ-қазылар алқасының шынайлығы мен әділдігін баса айтқан жөн. Байқаудың жоғары дәрежеде өткенін айта келе Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Г.Кожахметова мен директордың орынбасары Б.Әбдікерееваның еңбектерін ерекше атап өткен орынды.

2
2

Комментарии (2)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Құттықтаймын

Аменова Айнагуль,
Пользователь

Рахмет!