kz ru en

Авторизация


Ұстаздық қызмет - ұлы құрмет

Ұстаздық қызмет – ұлы құрмет

 

«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндет»

                                                                                                                  Бауыржан Момышұлы

 

Халқымыздың ұлы батыры осылай жоғары баға берген ұстаз еңбегі ерен де, ерекше еңбек. Осынау кең ғаламды, бүкіл адамзатты  мойындатқан ұлы құрметтің иесі – ұстаз болуының сыры неде деп ой қорытып көрейік.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр және келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім нәрін санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы " заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу" деп атап көрсеткеннен кейін, жүзден артық мектептер салынып, материалдық базаларын нығайту үшін жаңа пән кабинеттері ашылып, интерактивті тақталар орнатылды. Назарбаев зияткерлік мектептері, дарын мектептері ашылып, дарынды оқушылармен жұмыс жақсарды. Көптеген мектептерде «Білімал» - электронды оқыту кешені енгізілді. Қaзaқстaн мeктeптeрінe Пeдaгoгикaлық шeбeрлік oртaлығының Кeмбридж унивeрситeтінің білім бeру фaкультeтімeн бірлecіп әзірлeгeн бaғдaрлaмaның мaқсaты - ХХІ ғaсырдa мeмлeкeттік мeктeптeр жүйeсіндe жұмыc істeйтін мұғaлімдeрдің кәcіби біліктілігін aрттырып, бoлaшaқтa oқушылaр білімді жaй ғaнa иeлeніп қoймaй, oны өмірдe өз oрнымeн қoлдaнa білуіне бaғыттaу бoлып тaбылaды. Бaғдaрлaмaдaн күтілетін нәтижелер оқушылaрғa қaлaй оқу керектігін үйретіп, нәтижесінде еркін, өз ойлaрын нaнымды жеткізе aлaтын, ынтaлы, сенімді, сыни көзқaрaсы дaмығaн, сaндық технологиялaрдa кұзырлылық тaнытaтын оқушы ретінде қaлыптaсуын көздейді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. Сондықтан қазіргі мұғалім тек өз пәнін терең біліп қана қоймай, тарихи – танымдық, педагогикалық – психологиялық білімді болуы керек. Сонымен қатар, қазіргі заман мұғалімі жаңа педагогикалық технологиялар мен ақпараттық технологияларды меңгеріп қана қоймай, шығармашылықпен өз білімін одан әрі дамытып отыруы керек. Бұл – қазіргі заман талабы. Қазіргі күнде мемлекетіміз тарапынан білімдендіру және тәрбие мәселелеріне үлкен көңіл аударылып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев болашақ ұрпақтың тәрбиесін мемлекеттің ең өзекті мәселелерінің бірі ретінде алға тартып отыр. Мемлекетіміз тарапынан жылдан – жылға мол қаражат бөлініп, заманауи мектептер мен бала бақшалардың іргелері қалануда. Өкіметіміз балалардың толық білім алуына, мамандық иесі болуына, немесе шетелде өз білімін жалғастыруына да барлық жағдайларды жасап отыр. Осыған жауап ретінде біз, ұстаздар міндеті – білімді, интеллектуалдық деңгейі дамыған бәсекеге қабілетті жас буынды тәрбиелеу болып табылады. Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, саясаты тұрақты, дүниеде төрден орын алатын орны орнықты болу үшін мемлекеттің мықты тірегі жан – жақты дамыған, білімді, жетік мамандар қажет. Өйткені, барлық міндетті тек қана мамандар шешеді. Сол мамандар біз, ұстаздардың тәрбиелеуі әрі мақтаныш, әрі жауапкершілік, үлкен құрмет. Бүгінгі партада отырған жас – ертеңгі ғалым, ғарышкер, саясаткер, журналист, актер, ақын, дәрігер... Осы жас буынның ертеңгі күні кез – келген шетел мамандарымен тайталаса алатын, бәсекеге қабілетті болуы – ұстаздар еңбегінің үлкен жемісі. Сан ғасырлардан бері адамның психикасы мен жан дүниесінің қыры мен сырын зерттеп келе жатқан ғалымдар әлі де көп жұмбақ сұрақтарға жауап таба қойған жоқ. Осындай шым – шытырман бала жанын түсіну оңай емес. Ал, түсініп оны дұрыс тәрбиелеу одан да күрделі. Бұл тәрбие мәселесі – математиканың қаншалықты қиын есебімен де салыстыруға келмейді.

«Бала - өмір гүлі» деген дана халқымыздың дау туғызбайтын тұжырымы бар. Олай болса, гүлді жақсы көрмейтін жан жоқ шығар, сірә?! Баланы жақсы көрмей тұрып, оны тәрбиелеу мүмкін емес. Сол сияқты өз пәніңді жетік білмей тұрып, балаға ұғындыру мүмкін емес. Мықты дәлдікті, күрделі нақтылықты, қатаң логиканың негізінде құрылған математикамен айналысқан адамның мінезі мен болмысы осыған бет бұратын сияқты. «Математика – ғылымдар патшасы» - демей ме?! Өз басым ұстаздық еткен 20 жыл уақыт ішінде осы бір қызық та қиын пәнді оқушыға үйрету – осы пәнді өзің оқып үйренгеннен қаншалықты қиын екеніне көз жеткіздім. Математикаға қызығушылық оқушылардың біреуінде аз болса, біреуінде көптеу. Осыны жоғалтпай әрі қарай дамыта алсақ, біздің еңбегіміздің жанғаны. Көптеген оқушыларымыздың Қазақстан Республикасының халықаралық математикалық олимпиадаларында жүлделерге жетіп жүргені сол еңбектің бір көрінісі деп те бағалауға болады. Сөзімнің соңында айтарым: Ұстаздың ұлылығы – оның ел болашағы болған жас буынды адамгершілікке, ұлтын ұлықтайтын, еліне ерінбей еңбек ететін, халқын қастерлейтін, өз Отаны үшін бәріне дайын шын мәніндегі АДАМды тәрбиелеуінде дей келе ұстаздық қызмет – шын мәнінде ұлы құрмет!

2
5

Комментарии (2)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Жақсы

Аменова Айнагуль,
Пользователь

Рахмет!