Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесінің орны ерекше. Критериалды бағалау жүйесі оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты орнатып, оқу үдерісі барысында оқушының оқуға деген уәжін оятып, өз жіберген қателіктері мен жеткен жетістіктерін дамытатын құрал болып табылады.
ПӘНІ: геометрия
МЕКТЕП: О.А.Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебі
КҮНІ: 09.10.2017 ж.
МҰҒАЛІМНІҢ ЕСІМІ: Аменова Айнагуль Омурзаковна
СЫНЫП: 8 «Б»
ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ: 23
ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ: 1
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Параллелограмм, тік төртбұрыш, ромб және квадрат қасиеттері
мен белгілері
САБАҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚУ МАҚСАТЫ
параллелограмм, тік төртбұрыш, ромб, квадрат қасиеттері мен белгілерін меңгереді
САБАҚ МАҚСАТТАРЫ
Барлық оқушылар:
- геометриялық фигуралардың басты қасиеттері мен белгілерін ажыратады, ұқсастықтарын біледі
Оқушылардың басым бөлігі:
геометриялық фигуралардың қасиеттері мен белгілерін біледі, бір-бірлерінің арасындағы байланысты түсінеді
Кейбір оқушылар:
геометриялық фигуралардың қасиеттері мен белгілерін теория мен практика жүзінде қолданады
ТІЛДІК МАҚСАТ
Оқушылар:
- Фигуралар қасиеттері мен белгілерін математикалық тілде айтып, формула түрінде жаза алады.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
-әр топ өздеріне берілген фигураның:
а) анықтасын; ә) қасиеттерін; б) белгілерін білу керек
Жазылым бойынша ұсыныстар:
-Венн диаграммасы бойынша екі фигураны салыстыру;
-Семантикалық карта толтыру;
-Ақпараттық ағындар сызбасын сызу.
Бағалау критерийлері – оқытудың мақсатын және ара қатынасын белгілеуге сәйкес белгі. Дескрипторлар – жетістік деңгейінің сипаттамасы. Критериалды бағалау жүйесінің ең басты функциясы - оқушының білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Сабақтың эпиграфы: «Адамның ақыл – ойының кеңейе түсуіне математиканың тигізетін әсерін айтып жеткізу қиын. Математика ой, ақыл шегін кеңейтеді» (О.А.Жәутіков)
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын тексеру (жұптық жұмыс)
Венн диаграммасы (жұптық, топтық жұмыс)
Семантикалық карта (жеке жұмыс)
Ақпараттық ағындар сызбасы(жұптық жұмыс)
Рефлексия
Үйге тапсырма, бағалау
“Сағат дос” әдісі
9.00 – гі достар
12.00 –гі достар
15.00 –гі достар
18.00 –гі достар
Сабақ бойынша білімді критериалды бағалау парағы
Сыныбы_______ Оқушының аты жөні_______________
р/с
Тапсырма-лар
Критерий-лер
дескрипторлар
ұпайлар
Тапсырма-лар ұпайы
1
900
Үй тапсырмасы
Есеп шығару
Критерий орындалған жоқ
0
Есептің 1/4 бөлі орындалды
1
Есептің 1/2 бөлі орындалды
2
Есеп толық жауабымен шықты
3
2
1200
Венн диаграм-масы
Жұптағы жұмыс
Критерий орындалған жоқ
0
Фигура қасиеттерін жақсы біледі
1
Фигура қасиеттерін өте жақсы біледі
2
3
1500
Семантика-лық карта
Тақырыпты толық түсіну
(жеке жұмыс)
15 –тен төмен
0
16-17 дұрыс
1
18-19 дұрыс
2
20 дұрыс
3
4
1800
Ақпараттық ағындар сызбасын құру
Жұптағы жұмыс
Критерий орындалған жоқ
0
Ойымен бөлісті
1
Дәлелді идеялар айтты
2
Барлық ұпай
Бағасы
Үй тапсырмасын тексеру
Салыстыру (Венн диаграммасы)
1 топ: Параллелограмм (тік төртбұрыш)
2 топ: Квадрат (ромб)
3 топ: Тік төртбұрыш (квадрат)
4 топ: Параллелограмм (ромб)
Семантикалық карта
Параллело
грамм
Тік
төртбұрыш
ромб
квадрат
Қарама-қарсы қабырғалары тең
+
+
+
+
Барлық қабырғалары тең
+
+
Қарама-қарсы бұрыштары тең
+
+
+
+
Барлық бұрыштары тең
+
+
Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді
+
+
+
+
Диагональдары тең
+
+
Диагональдары перпендикуляр және бұрыштың биссектрисасы болады
+
+
Ақпараттық ағындар сызбасын сызу (галерея аралау)
Рефлексия – синквейн әдісі (параллелограмм, тік төртбұрыш, ромб, квадрат)
1. Бірінші тармақ (жол) 1 зат есім тұрады
2. Екінші тармақ 2 сын есімнен тұрады
3. Үшінші тармақ 3 етістік болу керек
4. Төртінші жолда 4 сөзді фраза
5. Бесінші жолда 1 сөзден тұратын синоним сөз
Бағалау (критериалды бағалау парағындағы ұпайды бағаға ауыстыру)
Ұпайды бағаға ауыстыру: «5» - 9-10
«4» - 7-8
«3» - 5-6
«2» - 0-4