ХХІ ғасырда білімнің мақсаты мен міндеттері өзгерді. Әлемдегі ақпараттың көлемі үнемі артып келеді және оның әріқарай жинақталуы оқушылардың жүктемелілігіне алып келеді. Сондықтан бүгінгі таңда педагогтың міндеті оқушыларды білім мөлшерімен жабдықтау емес, білімді өз бетімен алу үшін құралдармен қамтамасыз ету болып табылады.
І. МӘТІНМЕН, МӘЛІМЕТТЕРМЕН ЖӘНЕ КЕСТЕЛЕРМЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕРЕК
І.1. ТИІМДІ ОҚУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
а . Білімді мәтіннен алу
Ақпарат* көздеріне нұсқайтын негізгі сөздердің* * астын сыз (тарау, параграф
немесе оқулықтың бөлімі). Тақырыптың мазмұнын сұрақ түрінде жаз.
Аббревиатураларды қолданып, дәйексөздерді дәптерге жаз.
Өзіңнің қандай жадың басым екенін анықтап ал да, оны жиі пайдалан. Егер сенің көру жадың басым болса, яғни көргеніңді есте жақсы сақтайтын болсаң, онда суреттерді, сызбаларды, карточкаларды, мәтіндерді, т.б. көз алдыңа елестет. Ал есту жадың басым болса, мұғалімнің түсіндіруін, әріптестермен талқылауларды, т.б. есіңе түсіру арқылы біліміңді бекіт.
б. Оқулық мәтінін оқу тапсырмаларымен салыстыру
Оқу тапсырмаларын оқып шық. Оқу тапсырмасын орындау үшін өзіңнің нені білетініңді және жаңадан нені меңгергеніңді анықта.
в. Білімді қолдану
Оқу тапсырмаларын орындау үшін жадыңда жаңғырған ақпараттан қажетті мәліметтерді белгіле.
Тақырыптағы оқу тапсырмаларын ретімен сабақтастыра орында. Алған білімді оқу тапсырмаларымен салыстыр. Оқулықтағы алғашқы 2-3 тапсырманы оқып шық. Егер ол тапсырмаларға жауабың толық болмаса, сабақтың мәтінін қайта оқып шығу қажет.
* Ақпарат – объектілер қасиеттерінің (жағдайларының) сигналда бейнеленуі немесе сигналға жасанды енгізілген, қабылданып, жаңара алатын хабар.
** Негізгі сөз - басқа негізгі сөздермен біріге отырып, мәтінді білдіретін мәтіндегі сөз.
Негізгі сөз мәтін талдаудағы мәтіннің мазмұнын білдіретін сөздер жиынтығы.
Негізгі сөздер - мәтінде жиі ұшырасатын сөздер
Негізгі сөздер көбінесе мәтіннің тақырыбы болып келеді
Әдетте, негізгі сөздер (тіркестер) бір бетте (мәтіндегі) кем дегенде 3-4 рет кезедеседі.
Негізгі мәтіннің 5-7% тығыздығы оңтайлы деп есептеледі. Бірнеше сөздерден тұратын тіркестер жағдайында тіркесті құратын барлық негізгі сөздердің жиынтық тығыздығын есептеу қажет және оның белгіленген шектерден аспайтындығына көз жеткізу керек. Негізгі мәтіннің 7-8% тығыздықтан асуы ешқандай кері әсерлер тудырмаса да, көп жағдайда айрықша мәнге ие болмайтындығы тәжірибе барысында дәлелденген.
І.2. САБАҚ БАРЫСЫНДА ОҚУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
а. Өз білім жүгіңді орнықтыр.
Алдыңғы тақырыптың мазмұнын есіңе түсір
Жаңа тақырыпты оқы
б. Өз қызметіңді жоспарла
Мәтінді* бірнеше бөлікке бөл: кіріспе, негізгі бөлігі, қорытынды.
Тақырыптың жоспарын құр.
в. Ақпараттарды «ықшамда»
г. Жоспардың әр сұрағына(2-3 сөйлемнен артық емес) жауап жаз
д. Өз жазбаларыңды берілген тақырыптың «тірек конспектісімен» салыстыр (қажет болған жағдайда өзгерістер енгіз).
Мәтін – белгілі бір тәртіппен орналасқан және тұтас күйінде қаралатын сөйлемдер, жекелеген сөздер немесе символдар
І. 3. НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРДЫ АЙҚЫНДАУ
а. Мәтінмен танысу
Авторға, басылым жылына, автор пайдаланған библиографиялық дереккөздерге назар аудар.
Мәтіннің құрылымымен таныс (тақырыбы, тақырыпшалар, кіріспе, мазмұны, қорытындылар).
Мазмұндаудың сипатын анықта (ақпараттық немесе проблемалық)
б. Мұқият оқу
Негізгі ұғымдардың астын сыз.
Бұл ұғымдарды, сөздердің* мағыналарын білетін-білмейтініңді тексер (білмесең – сөздікке жүгін)
Дәптер шетіне азат жолдардың тақырыпшаларын жаз.
Негізгі идеяларды байланыстыратын лексикалық бірліктерді белгіле (немесе, осылайша, керісінше, осылай, бірақ, басқаша)
в. Негізгі идеяларды қалай анықтайды
А) маңызды емес ақпаратты (қажетсіз қайталаулар, мысалдар) алып таста
Б) артық сөздерді алып таста, қажетті терминдерді ғана сақта.
г. Жоспар дайындау
Қисынды реттілікті сақтап, жоспарды пункт түрінде дәптерге жаз.
д. Мәтін құру
Мәтін жазуға көмекші құрал ретінде құрылған жоспарды пайдалан.
Жоспардың әр пунктін қажетті ақпаратпен толықтыр.
е. Тексеру
Басты идеяның астын сыз.
Ақпараттардың ойдағыдай жүйелі баяндалғанын, сөйлемдердің анық және дұрыс құрылғанын тексер.
* Сөз – бірқатар ақпарат беретін алфавит символдарының сабақтастығы
І.4. МАҢЫЗДЫ ЕМЕС МӘСЕЛЕЛЕРДІ ОҚУДАН ҚАЛАЙ АУЛАҚТАНУ КЕРЕК
а. Сұрақтарды шектеу
Сұрақтарды оқып шық.
Нұсқауларға(түйіндеме, қысқаша түсініктеме, аннотация) назар аудар
Негізгі сөздердің мәнін анықта. Оларды басты назарда ұстасаң, оқып отырған тақырыптан ауытқымайтындығыңа сенімді боласың.
Оқып отырған тақырыптың ұйымдастырылу деңгейін анықта (ағза, жасуша, органелла, молекула). Көрсетілген сұрақтардың тізіміне кірмейтін болса, ультрақұрылымдарды терең оқудың қажеті жоқ.
б. Тақырыпты айқындау
Тақырыптағы әр идеяны зерттелетін пәнмен салыстыр.
Зерттелетін сұраққа қатысты идеяларды ғана есте сақта.
Тақырыптың дамуын қадағалау үшін сұрақтарды тағы бер рет қайталап оқып шық.
в. Редакциялау
Редакциялау барысында негігі түйінді басты назарда ұстау үшін тақырыптың бастапқы сұрағына орал.
І.5. МӘТІНДІ ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕК
а. Мәтіннің (сұрақтың) құрылымымен таныс.
Зерттелетін сұрақтарды белгіле.
Сұрақтар нөмірленбеген болса, белгіленген негізгі сөздерге назар аудар.
б. Бірінші рет оқу (жалпы түсінік үшін)
Жылдам шолу жасау барысында зерттелетін тақырыпты білуге мүмкіндік беретін сөздер мен сөйлемдерді бір түспен сыз.
в. Екінші оқу (тақырыпты талдау)
Мәтінді мұқият оқы, тақырыптың мақсаттарына сәйкес негізгі сөздердің астын сыз. орындау қажет нәрселерді басқа түспен белгіле: суреттеу, түсіндіру, сызбалау, талдау және т.б.
г. Ақпараттың жеткіліктілігі
Әр жағдайда өз біліміңнің* жеткілікті болар-болмасын немесе қосымша ақпарат көздерін пайдалану қажеттілігін анықта. Нақтылаушы сипаттағы ақпаратты ескеріп отыруды ұмытпа: «белгілі болғандай», «құжатқа сәйкес», т.б. жолдармен берілген сұрақтарға көңіл бөл. Жалпылаушы сұрақ білімге де, ақпарат көзіне де жатады, сондықтан көрсетілген дереккөздерді қараудан бас тартпа.
д. Ппроблеманы зерттеу
Мәтінде кезектесіп келетін сұрақтар көп болса, олардың барлығына ортақ элементтерді анықта. Аталған проблемаға қатысты сұрақты құрастыр, тұрлаусыз сұрақтар жиынтығын бір сұрақпен қорыт.
* Білім – адамның айналадағы және өзін қоршаған ортадағы құбылыстар, нысандар, оқиғалар жайлы игерген және қорытқан ақпараттары («интерьерленген ақпарат»)
І.6. МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ
а. Тақырыпты оқу
Тақырыпты оқу – ол мәтіннің мағынасын анықтайды.
б. Берілген тақырыптың мақсатты нұсқауларымен танысу (олар көрсетілген жағдайда).
Бұлар мәтінді тереңдеп оқу алдында жасалады, сондай-ақ оқудың тиімді әдісін анықтауға көмектеседі.
в. Пайдалы ақпараттарды таңдау
Мақсатты нұсқауларға қатысты негізгі сөздердің астын сыз. Мәтінді түсіну үшін өзіңе қажетті ақпаратты анықта.
г. Мәліметтерді қисынды мазмұндау
Оқу кезеңдерін мәтін хронологиялық тәртіпте мазмұндалатындай етіп бөл.
Қойылған мақсатқа жету үшін мәтінді пайдалан.
д. Мәтіндегі ақпаратты бұрын алған біліммен саралау
Мәтіндегі ақпарат пен бұрын алған білімді пайдалана отырып, қойылған сұрақтардың жауабын тап. Бұл орайда оларды өз түсініктемелеріңмен толтықтыруға тырыс.
І. 7. МНЕМОНИКАЛЫҚ ТІРЕКТЕРДІ АЙҚЫНДАУ
а) Мәтінді алдын ала бөліктерге бөлшектемей тұрып, материалды оқу барысында негізгі ойларды ажыратып ал. Мәтіндегі негізгі ойлар бір бастаудан тараған «жылғалар» сияқты тұтас мағыналық байланыста болуы керек. Негізгі ойлар төңірегінде бөліктер өздігінен құрылады.
б) Айқындалған ойлардың негізінде қысқа әңгіме құрастыр(«кім туралы, не туралы айтылады?» және «Ол туралы не айтылады?»). Егер жазған сөйлемдерінің қайсы бірі басқаларына сйкес келмесе, онда негігі ой айқындалмаған, сондықтан мәтінннің сол жеріне қайта оралу қажет.
в) Мнемоникалық тірек пункттері (негізгі ойлар) толық, өздігінен құрған немесе мәтіннен алынған сөйлемдермен берілуі керек.
Мнемоникалық тіректерді құру бойынша оқу әдістемесі аптасына 2-3 сабақ жиілікпен (20-30 минуттан) барлығы 5-7 сабақты құрайды. Қысқа әңгімені есте сақтап және қайта айтып беру (негізгі ойларды айқындап) қабілет-қарымы ойдағыдай кез келген балаға қиындық тудырмайды.
І. 8. ЖОСПАДЫ ҚАЛАЙ ҚҰРУ КЕРЕК
А нұсқасы
а) Әр бөлімде кім туралы (немесе не жайында) және не айтылатыны түсінікті болу үшін жоспардың пунқтерінде негізгі ойларды білдір;
б) Әңгімінің бөлімдерін мағынасына қарай өзара байланыстыр;
в) Жоспардың пукттерін айқын білдір: олар бастауышы, баяндауышы және басқа сөйлем мүшелері бар сөйлем түрінде құрылуы керек.
Жоспар құрылып болған соң, мәтінді оқып шығып, бірінші пунктте не айтылатынын, екінші пунктте не айтылатынын және т.с.с. нақтылау қажет. Содан соң оқулықты жауып, жадыңда сақталғанын жоспарға қарап отырып (оқулыққа емес), дауыстап айтып көру керек. Кейін айтылғанда ұмытылып қалғандарын белгілей отырып, есте қалғандарын дауыстап қайталап айтып, мәтінді тағы бір оқып шығу қажет.
Б нұсқасы
а. Кіріспені құру
Мәтінде суреттелген оқиға немесе құбылысты анықта. Оның маңыздылығын айқында.
Тақырыптың бас жағында мазмұндалған сұрақтарды оқы. Болмаса, оларды өзің құрастыр.
Сұрақтарға сүйене отырып, мәтіннің негізгі мақсатын айқында.
б. Қорытындыны жасау
Қорытындыны мазмұндау алдында, ойыңды тиянақтап, басында қойылған сұрақтарға жауап бер.
Қорытындыны, мүмкін болса, бір сөйлеммен түйінде.
в. Жоспар құру
Мәтінді бөліктерге бөл (әдетте,әрбір бөлік мәселенің әр қырын көрсеті).
Әр бөлікті нөмірле және әрқайсына тақырып қой (жоспардың бірнеше нұсқасын жасауға)
Мәтіндегі түйінді толымды мазмұндауға мүмкіндік беретін нұсқаны таңда.
Жоспарды мұқият сарала. Оның мәтінді кіріспеден қорытындыға дейін толық қамтитындығына көз жеткіз.
І.9. ТҮЙІНДЕМЕНІ (РЕЗЮМЕ) ҚАЛАЙ ҚҰРУ КЕРЕК
а. Мәтінді талдау. Басты идеяларды мазмұндау
Автордың кім екенін, басылым жылын анықта.
Мәтіннің құрылымын анықта: тақырыбы, тақырыпшалар, кіріспе, мазмұны, қорытындылар
б. Мұқият оқу (қолға қарандаш алып)
Маңызды терминдердің астын сыз.
Мәтіннің маңызды сәттерін белгіле.
Сөздердің мағынасын білетін-білмейтініңді тексер
Дәптерге тақырыпшаларды жаз.
Сөйлемдегі сөздер мен фразалардың арасындағы байланысты талда.
Параграфтар мен мәтін бөліктерін байланыстыратын сөздерді анықта (немесе, осылайша, керісінше, осылай, бірақ, басқаша)
в. Қорытындыны құру
Барлық маңызды еместерді(қажет емес қайталаулар, парафразаларды*, плеоназмдарды**, т.б.) алып таста.
Басты ойды білдіру үшін қажетті терминдерді ғана сақта.
г. Жоспар құру
Мәтіннің негізгі идеяларын реттілікпен сабақтастыра жаз
д. Жоспардың алғашқы түрін құру
Жобалық жоспар құр
Ақпаратты жаз және мәтін бөліктерін бірдей етіп бөл.
Есіңде болсын, сөз бен сөйлемдердің жоғары шекті мөлшері – мәтін көлемінің 10-20% аспау қажет:
әр жолдағы сөз саны – 10-нан артық емес;
әр беттегі жол саны – 20-дан артық емес.
*Парафраза - өзге бір мәтінді, басқа біреудің ойын (соның ішінде әдеби туындыдағы) өз сөзімен айтып берудің түрлі амалдары: қысқа мәтінді жан-жақты түсіндіру, көлемді мәтінді қысқаша мазмұндау (бейімдеу), түсінікке ауыр соғатын мәтінді қысқаша түсініктер беру арқылы оңайлатып мазмұндау, прозалық мәтінді өлеңгп айналдыру, өлеңді прозаға айналдыру. Сондай-ақ жарым-жартылай айтып беру де парафразаға жатады.
**Плеоназм – мағыналары ұқсас немесе толық бірдей сөздердіқажетсіз қатар қолдану. Мысалы: «әйел ана», «жас бозбала», «ақсақал қария», «өз көзімен көру».
І.10.ҚҰЖАТТАРДЫ ТАЛДАУ
1. Мәтінмен танысу
Авторы кім және құжаттың түрі (газеттік мақала, ғылыми ақпарат немесе зерттеу және т.б.) қандай екендігіне назар аудар
Әр құжаттың маңыздылығын анықта.
2. Мәтінді мұқият оқу (қолғақарындаш алып)
Маңызды ұғымдардың астын сыз.
Мәтіннің маңызды үзінділерін белгіле.
Барлық сөздердің мағынасын білетініңді анықта.
3. Құжаттарды салыстырмалы талдау
Әр құжатты кестеге* жаз.
Негізгі идеяларды жаз.
Үлгі:
1 құжат
2 құжат
Тарауы
Тарауы
Негізгі ойлар
Негізгі ойлар
4. Жоспар құру
Нақты құжатта орын алған негізгі идеяларды ескере отырып, жоспар құру.
Анық жаз.
Өз ойыңды анық, дұрыс жеткіз.
* Кесте – белгілі бір тәртіппен графалар мен бағаналарға орналасқан сандық немесе басқа да мәліметтер, мысалы, көбейту кестесі, турнир кестесі т.с.с
І.11. ҚҰЖАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАРМЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕРЕК
а. Ақпаратты талдау
Негізгі сөздерді анықта.
Таныс емес сөздердің мағынасын анықта.
Өзің белгілеген өлшемдер негізінде мәліметтерді топтастыр (өзіңе қандай ақпараттардың қажеттігіне қарай).
б. Құжатқа түсіндірме беру
Зерттелген мәліметтердің негізінде жаңа білім (құжатты зерттей отырып алған білім) мен бұрын алған білімнің арасында байланыс орнат.
Зерттелген тақырып бойынша қорытынды шығар және оны жазбаша түрде мазмұнда.
* Мәліметтер - кейбір ақпараттық үрдісте беруге және өңдеуге жарамды фактілер мен идеяларды формалды түрде көрсету.
І. 12. МӘЛІМЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ТЕХНИКАСЫ
а. Сұрыптау
Зерттелетін тақырып бойынша ақпараттан мәліметтерді таңда.
Бұл мәліметтерді жазып ал.
б. Салыстыру
Алған білім мен жаңа фактілердің* арасындағы байланысты тап (мүмкін болған жағдайда).
в. Мәліметтерді мазмұндау
Әр фактіні жекелей зерделеп, нәтижесін жазып отыр.
Алдымен екі нәтижені, кейін барлық нәтижелер топтарын салыстыр (айырмашылықтары мен ұқсастықтарын, т.б. анықта)
г. Топтастыру
Нәтижелерді белгілі бір тәртіппен топтастыр (өлшемдері берілмесе, оларды өзің белгіле)
Топтастыруды қисындық сабақтастықпен, хронологиялық тәртіппен немесе басқа да өлшемдер бойынша жасауға болады (жұптап немесе басқалай тәсілдермен)
д. Мәліметтердің берілуі бойынша мәтінді редакциялау
Топтастырудың өлшемдерін мазмұнда.
Топтастырудың өлшемдерін қалайша белгілегеніңді түсіндір.
Жалпы қорытындыларды сарала, бұл орайда өзің анықтаған заңдылықтардың** астын сызып отыр.
* Факті – бұл болып кеткен оқиға немесе оның шынайылығына барлығының келіскен, келіспегеніне қарамастан ақиқат болып саналатын көрініс.
** Заңдылық – табиғаттың, қоғам мен рухани мәдениет құбылыстарының қалыптасу және даму үрдісінің кезеңдері мен формаларын айқындайтын шынай дүние құбылыстарының үнемі қайталанып отыратын қажетті, маңызды өзара байланысы.
І.13. КЕСТЕЛЕРМЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕРЕК
а. Алғашқы қарап шығу.
Кестеде берілген ақпаратты, айнымалы шаманы, өлшем шарттарын мұқият оқы.
Кестеден қажетті мәліметті таңдау үшін зерттелетін сұрақтың мәнін нақтыла.
Өлшем бірліктерін анықта.
б. Кестені оқу.
Қосымша ақпаратты алу үшін кестені көлденеңінен(горизонталды) және тігінен(вертикалды) оқу қажет.
Кестедегі шамалардың шектеулі мәнін тап.
в. Кестелер арқылы суреттеу. Кестедегі мәліметтерді талдау.
Түрлі өлшемдерге сәйкес әр шаманың өзгеруін белгіле. Дәлелденген немесе құжаттан шығарылған ақпаратқа сүйен.
г. Кестені синтез арқылы суреттеу
Түрлі ауытқулардың қатынасын анықтап, түйіндеме жаса.
Себеп-салдарлық байланыстарды түсіндір.
І. 14. ФОТОСУРЕТПЕН* ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕРЕК
А нұсқасы
а. Фотосуретте ненің бейнеленгенін, бейненің нақты көлемін, масштабын, шкаласын анықта.
б. Мүмкін болса, фотосуреттің қашан жасалғанын анықта.
в. Фотосуреттегі бейненің шынайы немесе шынайы емес екенін анықта (жасанды түстер, коллаж** т.б.)
г. Сол фотосуреттің неліктен дәл осы мәтінде орналасқанын ойла.
д. Фотосуретпен танысудан не түйгеніңді анықта.
* Фотосурет – жарық сезгіз материалмен статикалық бейнелерді алу және сақтау
** Коллаж – сан түрлі бейнелердің бөліктерін қиып алып, қағазға, кенепке немесе сандық нұсқаға жапсыру арқылы жасалатын туынды, шығармашылық жанр.
Б нұсқасы
а. Бақылау
Алдымен фотосуретті толық қабылдау үшін қарап ал, кейін құжатқа қоса берілетін: тақырыбы, шкаласы, бағыты, бақылау техникасын ескере отырып, барлық бөлшектерін қарап шық.
б. Түсіну
Ненің фотоға түсірілгенін дәл анықтасаң, бейнеленген элементтерді айқында. Олай болмаса, зерттелетін құрылымды анықта.
Нақтыланбаған түсініктер мен идеяларға жол берме.
Бақылау нәтижесінде алынған ақпаратты берілген пән бойынша өз біліміңмен біріктір.
в. Орындау
Фотосуретті сызба* түріне көшіріп көр. Өзіңе бағдар болатындай етіп, қарандашпен бірнеше нобайлар жаса. Қағаз бетінің ортасындағы үлкен сызба, беттің шетіндегі шағын сызбадан қарағанда пайдалырақ.
г. Шартты белгілер тізімі
Ол әбден қажет. Суреттің тиісті элементтерін қосатын горизонталды сызықтардың шетіне терминдерді жаз.
* Сызба – жүйені, құрылғыны, бірнәрсе бөліктерінің өзара орналасуын, нысандар арасындағы байланысты бейнелейтін сызулар.
І.15. ГРАФИКТІ* ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК
1. Графикті талдау
График уақыт немесе өзге де бір «х» өлшемдерге байланысты тәжірибе жасаушының қалауы бойынша өзгеріске ұшырайтын қандай да бір құбылыстың өзгерісін бейнелейді. Бұл өзгеріс {y=f(x)} деп белгіленеді, мұндағы у-зерттелетін құбылыс, ол х- айнымалы шамаға тәуелді болады. Графиктің барлық элементтеріне: график осьі, масштабы, өлшем бірліктеріне мұқият бол.
2. Графикті жұмысқа дайындау
Графикті бөліктерге бөл және оларды белгіле.
Графикке тән нүктелерді белгіле.
Алған білімді пайдаланып, графикке тән нүктелерді сипаттауға тырыс.
Түсіндіре алмасаң, арнайы немесе қосымша әдебиетті пайдалан.
3. Редакциялау-талдау
Өз білімің және тақырыпты оқығанда алған білімнің негізінде графикке тән нүктелерді сипатта. Бір графикте бірнеше қисықтар салынса, олардың арасындағы қатынасты анықта.
* График - қандай да бір Ү шамасының басқа бір Х шамасына тәуелді түрде өзгеруін бейнелейтін сызық. График фигуралардың қиындылары мен аудандарының ұзындығы бейнеленетін қандай да бір шамалар арасындағы нүктелер бойынша құрылады.
І. 16. ГРАФИК ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕРЕК
а. График құру
X және Y осьтеріне (Y-зерттелетін функция, X – айнымалы шама) соңғы шамаларды жаз.
Графикті өзіндік бөліктерге бөл.
б. Талдау
Графиктің бұл бөліктерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтай отырып талда.
в. Түсіндіру және мазмұндау
Графикте бейнеленген нәтижелерді түсіндір.
Графиктегі мәліметтердің байланысын анықта.
Нені бекітуге, гипотеза* ретінде нені ұсынуға болатынын анықта.
* Гипотеза – дәлелденбеген пайымдау, болжам немесе жорамал.
І. 17. ИЛЛЮСТАЦИЯЛАНҒАН БАЯНДАМА
Иллюстрацияланған баяндаманы әзірлеудің кезеңдері:
а. Ақпаратты «ықшамда».
б. «Ықшамдалған» ақпаратты іріктеп ал.
в. Іріктелген ақпаратты маңыздылығына қарай құрылымда
г. Кодтық белгілерді таңдап ал.
д. Графикалық және сөздік тілдерде сабақтастық байланыстар арқылы іріктелген ақпаратты келтіріп, қағаз бетіне баяндама әзірле.
Иллюстрацияланған баяндама білім алуға, оны дамытуға, нығайтуға, тіпті, оған өзіндік баға беруге, сондай-ақ «талдап қорыту» операциясын игеруге мүмкіндік береді.
7 бағыттан артық мәселелерді адамның нашар қабылдайтындығын есте ұстау қажет. Көптеген адамдар құрамында 7-ден артық сөздерден құрылған сөйлемдерді нашар қабылдайды. Иллюстрацияланған баяндамада 4 үзіндіден артық болдырмауды ұсынамыз. Адамның қабылдауына бағдарланған ақпаратарды құрылымдауда 4-7 бірлікпен санамалауға ұмтылу керек.
І.18. АУЫЗША БАЯНДАУҒА АРНАЛҒАН КАРТОЧКАЛАРМЕН ЖҰМЫС
а. Түрлі ақпараттық дереккөздерді пайдаланып, проблеманы зерттеу.
б. Қажетті ақпаратты іріктеп ал.
в. Ақпаратты болжамды мазмұндау тәртібімен орналастыр.
г. Өзің ауызша мазмұндайтын негізгі сұрақтарды анықтап ал.
д. Сұрақтарды карточкаларға жаз.
е. Әр сұрақты карточкада толыққанды жоспар ретінде мазмұнда.
І.19 АНЫҚТАМАЛЫҚ ӘДЕБИЕТПЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕРЕК
а. Анықтамалықтан нені табу қажет екенін айқындап алыңыз.
б. Аннотациямен танысыңыз (ол көбінесе титул парағының келесі бетінде жазылады), бұл - анықтамалық мәнін, оны әрі қарай пайдаланудың мақсаттылығын анықтауға мүмкіндік береді.
в. Қажетті ақпаратты табыңыз, іздеуді анықтамалық соңында берілетін тақырыптық алфавит арқылы немесе пәндік көрсеткіш бойынша жүзеге асыруға болады.
г. Ақпаратты толыққанды тану үшін анықтамалықта пайдаланылған қысқартулар тізімін мұқият зерттеңіз (олар, әдетте анықтамалықтың басында берілетін «Қысқартулар мен шартты белгілер» тарауында келтіріледі).
Сабақ барысында анықтамалықпен жұмыс дағдысын меңгерту жөніндегі тиімді педагогикалық тәсілдер:
● Жауаптарын іздеу анықтамалықты қолдануды талап ететін сұрақтардан құрылған тапсырмалар;
● анықтамалықтың көмегімен тиісті кестелерді толтыру.
І.20. АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ СҰРЫПТАУ КЕРЕК
Ақпаратты іріктеуде мынадай өлшемдерді басшылыққа алыңыз:
а. Әділдік – ешқандай пікір, пайымға тәуелді болмаса ақпарат дұрыс болады.
б. Анықтық - /анық еместік, күмәнды, (жалғандық) - нақты ақиқат жағдайды көрсетсе, ақпарат сенімді болады.
в. Толықтық /шалалық – түсінуге және шешім қабылдауға жеткілікті болса, ақпарат толыққанды саналады.
г. Өзектілік/ өзекті емес (ескірген немесе маңызсыз) – нақтылы уақыт үшін маңызды, елеулі болса, ақпарат өзекті, көкейкесті саналады.
д. Құндылық(пайдалылық) / пайдасыздық – ақпараттың құндылығы оның көмегі арқылы мәселенің шешілуімен бағаланады.
е. Айқындық (түсініктілік) / көмескілік – ақпарат алушыға ұғымды болса, ақпарат түсінікті болады.
І.21. МӘТІНГЕ ҚАЛАЙ ТҮСІНІК БЕРУ КЕРЕК
а. Мәтінді мұқият оқып шық
Мәтіндегі негізгі ұғымдардың астын сыз.
Өзің маңызды деп тапқан мәтіндегі үзінділерді белгіле.
Барлық сөздердің мағынасын білетін-білмейтініңді тексер.
б. Негізгі тапсырманы тұжырымда - ол кейде тапсырмаға берілген сілтемелерде немесе тапсырманың өзінде болуы мүмкін.
в. Қозғалған проблемалардың қатысы бар салаларды анықта.
г. Өз пайымдауларыңды өзіңше дәлелде - пайымдаулар берілген тақырып бойынша формалы* және формасыз** білімге сүйенуі қажет.
* Формалы(нысанды) білім - нақтыланған және айқын тұжырымдалған, көмескісіз, жеңіл жеткізуге болатын, жадта жинақталып, сақталған білім.
** Формасыз(нысансыз) білім көбінесе адам миында айқын емес, нақты суреттеп және жүйлеп бірден бірге жеткізуі қиын, сынақ пен қатіліктер, өмірлік тәжірибелер нәтижесінде қалыптасады.
«Ақпараттық құрт» техникасын адам кез келген типтегі ақпараттық тапсырмаларды шеше отырып, жүзеге асырады. Мұндай бағыттағы мәселемен айналысатын әуесқойды, яғни адамды (басты әуесі кітап қопару болғандықтан «кітап құрты» деп аталуы ұқсатығына қарай) біз «ақпараттық құрт» деп атаймыз.
Педагогикалық тәжірибелер мен арнаулы зерттеулердің нәтижесі ақпараттық тапсырмаларды табысты шешу үрдісі жеті негізгі кезеңнен тұратындығын және олардың әрқайсысының екі қадамы болатындығын көрсетіп отыр.
1. Анықтау
1.1. Ақпараттық проблеманы анықтау.
1.2. Қажетті ақпараттарды бірегейлеу.
2. Басқару
2.1. Мүмкін деген дерккөздердің барлығын айқындау.
2.2. Олардың ішіннен ең үздіктерін таңдап алу.
3. Кіру (доступ)
3.1. Лайықты дереккөздері табу
(теориялық немесе практикалық)
3.2. Дерккөздер ішінен керек ақпаратты табу
4. Интеграция
4.1. Түрлі дерккөздерден алынған материалдарды ұйымдастыру
4.2. Ақпаратты лайықты үлгіде көрсету.
5. Бағалау
5.1. Өнімнің сапасын бағалау.
5.2. Жұмыстың тиімділігін бағалау.
6. Жасау.
6.1. қолдағы ақпарат негізінде нақты проблеманы шешу.
6.2. Қолдағы ақпараттың нақты проблеманы шешуге
бағышталғандығы туралы қорытынды жасау.
7. Жеткізу
7.1. Қажетті ақпаратты алып шығу.
7.2. Ақпаратты жеткізу.
Ақпараттық құрт компьютермен
1. Анықтау
1.1. Ақпараттық проблеманы анықтау.
1.2. Қажетті ақпараттарды бірегейлеу.
Ақпараттық технологияларды №1 қадамға
1. Веб-страница
2. Онлайндағы пікірталас
3. Электронды почта
4. Интернеттегі Чат
2. Басқару
2.1. Мүмкін деген дерккөздердің барлығын айқындау
2.2. Олардың ішіннен ең үздіктерін таңдап алу.
1. Интернетте және мәліметтер базасында іздеу стратегиясы
2. Негізгі сөз
3. Пәндік айдарлар
4. Фразалар
5. Булев логикасы
3. Кіру (доступ)
3.1. Лайықты дереккөздері табу
(теориялық немесе практикалық)
3.2. Дерккөздер ішінен керек ақпаратты табу
1. Интернеттің іздеу бөлімдері
2. Мәліметтер базасының жазылымдары
3. Электрондық почта
4. Интернеттің іздеу жүйесі
4. Интеграция
4.1. Түрлі дерккөздерден алынған материалдарды ұйымдастыру
4.2. Ақпаратты лайықты үлгіде көрсету.
1. Мультимедиялық тұсаукесер (PowerPoint, Hyperstudio, KidPix)
2. HTML
3. Электрондық почтаға салу
4. FTP
5. Бағалау
5.1. Өнімнің сапасын бағалау.
5.2. Жұмыстың тиімділігін бағалау.
1. Файлдарды көшіру және декомпрессиялау
2. Мәтін үзінділерінің тікелей көшірмесін жасау
3. Мәтіндік редактордың көмегімен белгілемелер жасау
4. Мліметтерді ұйымдастыру мен талдау үшін электрондық кестелер мен мәліметтер базасын пайдалану
6. Жасау.
6.1. қолдағы ақпарат негізінде нақты проблеманы шешу.
6.2. Қолдағы ақпараттың нақты проблеманы шешуге
бағышталғандығы туралы қорытынды жасау.
7. Жеткізу
7.1. Қажетті ақпаратты алып шығу.
7.2. Ақпаратты жеткізу.