kz ru en

Авторизация


Математикадан функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары

МАТЕМАТИКАДАН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар білімді де түрлендіруді қажет ететіндігін атап көрсетті. Математикалық сауаттылық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде екерекше көңіл бөлу қажет. Математикалық сауаттылық оқушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең минимальды талап ретінде қарау қажет. Математика пәні міндетті пәндердің бірі болғандықтан оқушылардың даярлығы, математикалық ұғымдарды қолдана білу деңгейлері стандарттан төмен болмауы тиіс. Бірақ оқушылардың қабілеттері мен математикалық білімдері, ол білімдерді қолдану деңгейлері әр түрлі болады. Осы орайда математикалық сауаттылық моделін қарастырған жөн. Математикалық сауаттылық моделі шынайы әлем проблемаларын математикалық әлеммен ұштастыруға, тәжірибедегі мәселелерді пайымдай отырып, оның математикалық моделін құруға алғы шарт болып табылады.

Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа тоқталсақ:

1.    Математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.

2.    Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі.

3.    «математикалық сауаттылық» ауызша жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгеру қабілетін шыңдайды.

4.    Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.

5.    Математика болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қалыптастыруда да тәрбиелік мәні бар.

Математикалық сауаттылықтың тағы бір ерекшелігі пәнаралық байланыста. Математика сабағының басқа пәндермен байланыс кезінде олардың математикалық сызбаларымен қосындыларын жинақтауда. Педагогика тарихында пәнаралық байланыс ертеден зерттеліп келе жатқан негізгі мәселелерінің бірі болып саналады. Педагогикалық ой-пікірдің дамуында және мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланыс проблемасы көптеген педагогтарды толғандырған. Яғни пәндердің өзара байланысы туралы пікір он сегізінші ғасырда пайда болған. Математика сабағында пәнаралық байланысты негізге ала отырып, сұрақ-жауап, баяндау, проблемалық ситуацияларды туғыза отырып оқушыларды алға қойған мәселені шешуге, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, бірін-бірі бағалай алуға, өз ойларын нақты, толық жеткізе білуге көңіл бөлінеді. Осы аралықта 5 сыныпқа арналған «Логикалық математика», 9-11 сыныптарға арналған «Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» курстарның көмегі тиеді. Тәжірибеге сәйкес оқушылардың төмендегідей есептерді шығару барысында функционалдық сауаттыллықтары дамып, ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасады.

№ 1. Біздің ықшам ауданда 5 үй бар. Әрбір үйде 5 мысық бар. Әрбір мысық 5 тышқан аулайды. Тышқандарды ұстай алмаса, әрбір тышқан 4 уыс ұн жейді. Егер әрбір уыс ұн 5 граммға жуық болса, мысықтар тышқанды ұстағанда неше кг ұн сақтап қалады? (3,125 кг)

№ 2. Егер 8 адам 8 сағатта бір жұмысты бітіретін болса, адамдардың біреуі осы жұмыстың жартысын неше сағатта бітіре алады? (332 сағ)

№ 3. Делдал 3000 теңгеге тауар сатып алып, 3500 теңгеге оны сатты. Келесі күні осы тауарын 4000 қайта сатып алып, екі күннен кейін 4500 теңгеге сатса, делдал осы саудада қанша пайда не шығын көрді? (1000 тг пайда)

№ 4. Ахметтің анасының 3 баласы бар. Егер олардың үлкенінің аты – Қыркүйек, ортаншысының аты – Қазан болса, кенжесінің аты кім болғаны? (Ахмет)

№ 5. Бір ауылда 80 үй бар. Осы ауылдағы 60 үйде ат, 50 үйде есек болса, ауылдағы ең аз қанша үйде ат та, есек те бар? (30)

№ 6. Бір қатарда Қанаттың артында 36 адам бар. Ал Аслан Қанаттан 23 адамнан кейін тұр. Асланның алдында 51 адам бар болса, онда қатарды неше адам болғаны? (65)

№ 7. Сапар: «осы жерде тұрған үшеуміз және бәріміз өтірікшіміз» деді. Бірақ Русланға оның сөздері ұнамады: «сен ғана өтірікшісің» деді. Жанна ренжіп: «екеуің өтірікшісіндер», осы үшеуін танитын бір адам «олардың барлығы сөйледі, олардың барлығы өтірікші немесе барлығы шындықты айтады. Бірақ кім өтірік айтады, кім шындықты айтады мен айта алмаймын». Осы жерде қанша өтірікші адам бар? (2)

Әр түрлі қызықты есептер адай ойының дамуына жетелейтіндігі сөзсіз. Оның ішінде салу есептерінің де маңызы зор [5]. Осының дәлелі ретінде төмендегідей бірнеше есептерді орындап, ойлау қабілеттерін тексеруге болады.

1-тапсырма. Сіз қайықпен саяхатқа аттандыңыз. Төменде көрсетілген теңдеуді пайдалана отырып, тапсырманың текстің құрыңыз? 

Сонымен, қазіргі уақыт жаңа әдісті, шығармашылық ізденісті талап етеді. Мұғалімнің негізі міндеті – оқушыларға терең де, тиянақты білім беру.

Білім беру маңызы жаңартылған сайын, әрбір пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері туындауда. Бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңалауды іске асырудың қажеттілігі күн санап арта түсуде.

0
1

Комментарии (0)