kz ru en

Авторизация


Математика пән мұғалімдерінің аудандық семинары

Қарқаралы ауданының математика пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинарда "Оқыту түрлеріндегі интерпретация және кері байланыс беру" тақырыбында коучинг өткіздім. Аудан бойынша 27 мұғалім қатысқан коучинг қызықты өтті. Берілген тапсырмаларды критерийлер бойынша орындап, кері байланыс берген топтар жұмыстары нәтижелі шықты.

Мақсаты: Білім  берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдау. Метапәнділік – оқушының функционалдылық сауаттылығын дамытудың негізі. Интерпретация – қызығушылық тудыратын мәселелерге, мәселен ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі.  Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқыту мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады.Мәліметтерді интерпретациялау негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. Бұл кезеңде бағалау үдерісі ақпараттың қолдану мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әртүрлі нысанда жүргізіледі.

тег: коучинг
2
6

Комментарии (2)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Тамаша

Аменова Айнагуль,
Пользователь

Рахмет!!!