«Стратегиялар» тақырыбын «Әуенді тап» (угадай мелодию) ойыны желісінде көрсетудің қысқаша сценарийі
Командадағы 4 адамның 1-уі жүргізуші, қалған 3-уі ойыншылар. Ойын үш кезеңнен тұрады:
І кезең: Үш ойыншы ойынға шығады. Ойынды бірінші ойыншы бастайды.
Шарты: Ойын таблосындағы стратегияларды білім беру мен оқытудың әдістерін негіздейтін 7 модульдер атауымен көрсетілген, әрі ноталарға жасырылған сұрақтар негізінді 20 секунд ішінде табу керек. Ойыншылар алдарында тұрған қоңырауды соғу арқылы жауап береді. Дұрыс жауап берсе, нотаға сәйкес берілген ұпайды иеленеді, ал қате жауап берсе екі ойын ойналғанша ойнамайды.
Ойын таблосы
Білім беру мен оқыту әдістерін негіздейтін модульдер
ноталар
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
20
10
30
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
10
20
30
Талантты және дарынды балаларды оқыту
30
20
10
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;
10
30
20
Білім берудегі АКТ пайдалану
30
10
20
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
20
30
10
Білім берудегі басқару және көшбасшылық;
10
20
30
Ноталарға жасырынатын сұрақтар:
Бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын әдіс.Қандай да бір проблеманы әр оқушының пікірін еркін тыңдау арқылы шешуде стандартты емес шығармашыл ойлауды жақсы дамытады. Бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер, шешімдер табуға болады. (миға шабуыл стратегиясы)
Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. (кластер немесе топтастыру стратегиясы)
Бұл ұжымдық оқыту әдісі. Жалпы мәселені алдымен жұпта, содан соң ұжымда талқылайды. Көлемді мәтін бірнеше бөліктерге бөлінеді және оқушылар да сонша бөліктерге сәйкес нөмірленеді. Олардың әрқайсысы өз нөмірлеріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін оқиды. Сосын топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топ құралады. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады.(Жигсо стратегиясы)
Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. т.с.с (RAFT стратегиясы)
Ойлауды дамытудың бұл метафорасын енгізген психолог Эдвард де Боно. Автор белгілі бір ойды алты қырынан түрлі әдістермен қарастыруды ұсынды.(Ойлаудың алты қалпағы стратегиясы)
Бұл стратегияның мақсаттар жүйесі – оқушылардың когнетивтік іс-әрекеттері. Қадамдары: оқушы меңгеретін және білетін білім негіздері; оқушы білімді түсінеді, түсіндіреді; алған білімді қолданады; білімді талдайды, саралайды, салыстырады; алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады; өз пікірін білдіреді, сынайды (Блум таксономиясы)
Белгілі бір феноменнің себептері, проблемасы, оның салдары туралы ойды сызба түрінде бейнелеу. Элементтері тамыр, діңгек, бұтақ түрінде көрсетуге болады. (Генеалогиялық ағаш стратегиясы)
Мақсаты: қарама – қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Стратегияны тақырыпты ашарда пайдаланса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді. Іс – тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр. Кіші жас оқушыларына кескін, сурет түрінде орындауға болады( Т кестесі стратегиясы)
Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиалы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық (Тірек сөздер стратегиясы)
Бұл әдісте оқушылар қай сұрақ түссе соған жауап береді.Ұғымды жан-жақты, әр қырынан салыстырады, анықтайды, зерттейді.(Кубизм стратегиясы)
Осылайша бірнеше ноталардағы сұрақтар ойналады, ойыншылар сәйкесінше ұпайлар жинайды. Ойын аяқталғанда ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығарылады, ал қалған екі ойыншы ІІ-ші кезеңге өтеді.
ІІ кезең: Екі ойыншы ойынға шығады. Ойынды ұпайы жоғары ойыншы бастайды.
Шарты: Жүргізуші стратегияны табу үшін 9 сөзден құралған сөйлем бар екенін ескертеді. Екі ойыншы кезектесе «саудаласу» түрінде «Мен бұл стратегияны 9 сөзден табамын» десе, екінші ойыншы «Мен бұл стратегияны 8 сөзден табамын» деген сияқты бірі келісімін бергенше «саудаласады». 3 ұпай жинаған ойыншы жеңіске жетіп ақтық сайыс, яғни ІІІ кезеңге өтеді.
ІІІ кезең: Бір ойыншы ойнайды.
3 минуттың ішінде видео, аудио, бейне сұрақтар, фото суреттерді көру арқылы стратегияларды табу керек.
Сабақтағы көрініс көрсетіледі - синквейн немесе бес жол өлең стратегиясы
Фото суреттен көрсетіледі – Галерея шарлау VIDEO (0037)
Бейне сұрақ көрсетіледі т.с.с.- Кейс-стади
Жақсы
Тамаша
рахмет!