kz ru en

Авторизация


Қалыптастырушы бағалаудың мақсаттары

Қалыптастырушы бағалау сабақ берудің және оқытудың бөлінбейтін бөлігі болып табылады,ол жеке қосымша тапсырма ретінде қаралмайды. Бағалау үдерісі қолайлы және басқарылатын болуы үшін әр тоқсанда қалыптастырушы бағалаудың мақсатын іріктеп алу керек. Тоқсан басында мұғалім қалыптастырушы бағалау үшін іріктелінген оқу мақсаттары оқу жоспарында қамтылғанын анықтауы қажет.Бұл оған қалыптастырушы бағалауда өз жұмысын ертерек жоспарлауға мүмкіндік береді.Ұсынылған оқу жоспарындағы жұмыс оқуға қалай мүмкіндік беретінін көрсетеді.Алайда,мұғалім оқушының жеке ерекшеліктерін және оқу контекстісін ескере отырып өз тапсырмаларын дайындауына болады.

Қалыптастырушы бағалаудың көмегімен мұғалім оқушымен оқу мақсатында қашан жеткенін көрсете отырып,оның прогресін белгілейді.Және де келешекте ол сабақ оқытуды жоспарлауда және оқытуда мұғалімге көмекші бола алады.Оқушылармен бірге іріктелген оқу мақсаты «жетті» және «талпынды» бойынша рефлексия жүргізуіне болады және сабақ беру үдерісінде оқу мақсатына әлі де талпынатын оқушылардың оқу мақсатына жету мүмкіндігін қарастырып бейіндеуі қажет.Рефлексиядан кейін оқушыларға кері байланысты беру аса маңызды.Оқу мақсатына сүйеніп,оқушылар қай жерде жетістікке жеткенін және неге көңіл бөлу керектігін анықтауға болады.

Қалыптастырушы бағалау өткізу кезінде оқушыларға оқу мақсатын бағалайтын жетістік критерийлерін беру қажет. Мұғалім қалыптастырушы бағалау өткізгенде дағдыларды анықтауда тиімді тәсіл ретінде топтағы жұмысты қолдана алады.Оқушыларды жетістік критерийлерімен алдын ала таныстару керек.Мұғалім топтық жұмыста әр топтың оқушыларың тындайды және бақылайды: оқушылардың көбі жетістік критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жете алады.

0
2

Комментарии (0)