3 мамыр күні Қарағанды педагогикалық шеберлік орталығында "Сабақты зерттеу" іске асырылуы мен "Мұғалімдер менторингісі мен оның іске асырылу механизмдері" тақырыптарындағы облыстың магниттік жетекші мектептері арасындағы тәжірибе алмасу семинары болып өтті. Семинарға қатысушы жетекші мектептер координаторлары мен жоба жетекшілері өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жүргізілген жұмыстары бойынша есептер берді.Басты назар кездесетін қиыншылықтар мен оларды шешудің жолдарына тоқталу болды. Педагогикалық шеберлік орталығының трейнерлері де қосымша көптеген мәліметтер беріп сұрақтарға жауап берді.