Математикадан сыныптан тыс жұмыстар үшін геометриялық денелер туралы жұмбақтар
1) Дұрыс алты жақ ,
Атын ойлап тап. /куб/
2) Оқушы жәшік құрады,
Үш өлшемнен тұрады. / параллелепипед/
3) Табандары – көпбұрыш ,
Жақтары тіктөртбұрыш. /тік призма/
4) Египетте қаланған ,
Пифагордан нәр алған . /пирамида/
5) Шарымыздың бөлігі ,
Фигуралар серігі . /сегмент ,сектор/
6) Геометриялық дене ,
Шелекке ұқсас неме. /қиық конус/
7) Басқа кисем бөрік ,
Сәнді сұлу көрік . /конус/
8) Ұн елесең – елек ,
Су тасысаң – шелек . /цилиндр/
9) Дұрыс төрт жақ – немене ,
Ұқсайды қай денеге? / тетраэдр/
10)Үрлейтін затпен аттас ,
Атын ешкім таппас . /шар/
Жақсы