kz ru en

Авторизация


Интерактивті жұмыс түрлерін қолдану

Интерактивті жұмыс түрлерін қолдану

 

Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда.

 Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбиесі үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.

 Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

 

 Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және

 танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін – есту, көру, қимыл және т.б. ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар ар-қылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы Интерактивті оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Бұл күнделікті аудиториядағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс.  Білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.

Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:

 1)олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;

 2)өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады;

 3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;

 4)бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;

 5)шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;

 Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:

 1)фактілерді еске алу;

 2)ойлану;

 3)алған білімін жаңа жағдайға пайдалану;

 4)талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру);

 5)баға беру (сапасын анықтау).

Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:

 -тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;

 -тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;

 -оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;

 -педагогикалық қолдау көрсету.

 Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі – сабақта оқытудың интерактивті әдісін қолдану болып табылады.

 Сонымен, интерактивті оқыту технология-

 сы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген процесс. Әртүрлі әдебиеттен, интернеттен, курс барысында үйренген әдістерімді топтастырып жатырмын. Солардың біразын сипаттап өтейін

Топқа бөлу әдістері

Сандар арқылы

Санау арқылы неме жазылған сандар арқылы

мозаика

Картинаны бөліп сол картинаны құрайтындар біріксе

Суреттер

Сурет таратып жемістер бөлек, жиһаз бөлек

Өлең жолдары арқылы

Бірнеше өлең жолдарын бөліп тастайды

Сұрақтар арқылы

Бір сұрақпен байланысты адамдар бірігеді

Мақалдар арқылы

Бірнеше мақал жазылады

Түсті карточкалар арқылы

Әр түсті карточкалар таратылады

Геометриялық фигуралар арқылы

Бірнеше фтгуралар арқылы

Тәтті сыйлық

Әр адамға кәмпит таратылады, бірдей кәмпит алғандар бірге отырады

Танысу

 

«Кесек қар» ойыны.

Барлық қатысушылар өз кезегімен есімдерін атап шығады. Әрбір келесі отырған адам өз есімінен бұрын алдыңғы қатысушының есімін қайталайды

«Екі шындық, бір өтірік» ойыны

Оқушыларға өзі туралы екі ақиқат және бір шындыққа жанаспайтын пайымдаулар айту ұсынылады. Мысалы: Мен Алматыда туып-өстім, «Ару» фильмінде басты рөлде ойнадым, балмұздақты жақсы көремін.

«Тренинг шеңбері» бойынша көршісін таныстыру

Бұл жаттығу жұптасып өткізіледі. Бір минут өзара әңгімелескеннен кейін әрқайсысы көршісінің аты-жөнімен, шұғылданатын сүйікті ісімен таныстырады.

Сын есім қос

Әркім өз есіміне сол әріпке басталатын сын есім қосып таныстырады

Жұптық жұмыстар

Жарлық шығару стратегиясы

Өз оқығаныңды бір бетке жазасың, одан соң көршіңмен пікір алмасасың ол сенің айтқаныңды, сен оның айтқанын жазасың.

Білім қабырғасы

Кірпіштер сызып белгілі бір ұғым туралы білгенін жазады, екінші адам толықтырады.

Диалог

Белгілі бір тақырып бойынша диалог құру

 

 

Топтық жұмыстар

Постер құрау

Топтың ортақ жұмысын шығару

Өз тобымыздың жұмысын басқа топтарға  түсіндіру

Өз жұмысымызда әр топқа барып айтып шығамыз. Уақыт шектеулі. Топтар қай топтың түсіндірмесі жақсы болғанын айтады.

Кейс-стади

Белгілі бір жағдаят беріледі, соны талдап шешу жолдары қарастырылады.

Сөздер бұлты

Өздері құрастырған диалог нмесе әңгімеде ең көп кездесетін сөзді үлкен, одан аз кездесетін сөзді кішірек әріппен жазады.

Кір қыстырғыш

Бұған әртүрлі ойларды ілуге болады, сұрақтар іліп, балалар кесіп алуға болады. Арқан тартыс- жауап берілген сұрақтар алынып тасталып отырады, қай жақта сұрақ қалған жоқ сол топ жеңеді

Бір әріп таңдалады.

Сол әріпке қала, жануар, өсімдік, адам қасиеті , ас, жеміс таңдалады. Осы сөздерді ғана қолдана отырып диалог құрастыру, етістіктер ғана қосуға болдады.

картина

Белгісіз картина көрсетіледі, сол картинаны талқылап, ат қояды, автор ойын түсіндіреді. Одан соң нағыз аты көрсетіледі.

Фильмнен үзінді көрсету

Сол үзіндіні талқылау

Ақылды доп

Сұрақ-жауап немесе керісінше жауап-сұрақ

РАФТ

Тақырып таңдалады, аудитория белгіленеді, форматы анықталады (жиналыс, прес-конференция, дөңгелек стол т.б.), рольдер таңдалады.

Тәж ойыны

Топтан бір адам шығады, оған тәж кигізіледі, ол не жазылғанын көрмейді, топқа сұрақ қою арқылы не жазылғанын білу керек. Жауап тек иә немесе жоқ болу керек.

шығыршық

Белгілі бір таұырып бойынша тілік қағаздарға білетінін және білмейтінін жазады. Тіліктер екі шығыршыққа жиналады. Білмейтін сұрақтарды қарастыруға болады.

Балық сүйегі

Балықтың басына мақсат, сүйегіне жету жолдарын жазуға болады

Бақылау немесе тест

Бұл әдіс оқушылардың тақырыпқа сәйкес мағлұматтарды білу деңгейін немесе олардың тақырыпқа көзқарасын анықтауға көмектеседі. Қатысушылар жауаптарының нұсқасын тиісті бағаналарға («дұрыс», «дұрыс емес», «келісемін», «келіспеймін», «білмеймін») белгілейді.

 Мысалы:      

дұрыс

дұрыс емес   

білмеймін

АҚТҚ маса шаққанда жұғады                    

Рольдік ойын

Шағын топтарда (3-4 оқушы) жүргізіледі. Қатысушылар кескіндегі (тақтадағы, парақтағы) тапсырмаларды алған соң рөлдерді бөліседі, жағдаятты рөлде ойнап, бүкіл топқа көрсетеді. Мұғалім рөлдерді балалардың мінез-құлқына сәйкес өзі бөліп бере алады. Бұл әдістің артықшылығы, қатысушылар нақты ұсынылған жағдайда өзін көрсете алады, шын мәнінде жағдаятты ұғынады, қайсыбір әрекет болғанда да оның салдары қандай болатынын сезініп, дұрыс шешім қабылдауға жаттығады. Ойын аяқталған соң осындай жағдайларда тиімді әрекет жасау жолдарын бірлесіп талқылайды

карусель

Екі сақина жасалады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина –бұлар әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады. Және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелеушісінің көзін жеткізуге тырысады.

Аквариум

бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады. /разыгрывают/, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды.

Броундық қозғалыс

оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

 

 

Жеке орындалатын жұмыстар

қағаз жырту

Бір парақ қағазды тренинг өткізіп отырған адамның нұсқауымен жыртамыз. Көзіміз жабық. Бірдей қағаз болмайды.

Сағат

Сағаттың суретін салып, уақыттарды әр адамға арнаймыз.  Мысалы 2 мен 4 арасында Гүлжанмен жолдас боламын деп. Сосын сол адамдармен қол алысу, құшақтасу, тілек айту немесе белгілі бір деген тапсырмаларды орындаймыз.

Самолет жасау

Самолетке бір сөйлем жазылады. Ұстаған адам сол сөйлемге сұрақ жазады. Үшінші адам сұрақтың дұрыс қойылуын бақылайды.

Саусақ жоғары төмен

Сөйлем оқылды, егер сөйлем дұрыс болса, саусақ жоғары, қате болса- төмен.

Социограмма құру

Сыныптағы ең танымал адамдар, сыныптағы ең үздік оқушы т.б. сыныпты білуге көмектеседі.

Бағалау стратегиялары

Смайлик арқылы

Көңіл күйім жақсы, орташа, нашар

6 шляпа

ақ  шляпа –  тек деректер мен цифрлар арқылы сөйлейміз өз ойларын айтпайды

сары  шляпа – позитивті түрде бағалау, тек жақсы жақтары айтылады әіне олар дәлелденеді.

қара шляпа -  не түсініксіз болды, проблема тудырды, неге олай болғанын айтып беру керек

қызыл шляпа  - эмоция, өз эмоцияңның өзгеруін сабақпен байланыстыру керек; 

жасыл  шляпа – бұл шығармашылық көзқарас:  басқаша қалай істеуге болар еді. Нені жетілдіруге болады, қалай

көк шляпа –  философтық,  басқа шляпалардың айтқанын қорытып, жалпы қорытынды шығару

Екі орындық

Ақ орындықтағы адам белгілі бір позицияны жақтаушы, қара орындықта қарсыласы

ПОПС

Ұстаным, түсіндіру, мысал, ой Мен **** деп ойлаймын, себебі***, мен оны *** дәлелдей аламын, осыдан келіп мен *** қорытындыға келемін.

Бақылау

Бір адам топты бақылап, кейін өз ойын айтады.

Таразы

Бір жағына сәтті жақтары, екінші жағына сәтсіз жақтары жазылады.

Екі жұлдыз бір тілек

Жұмыстың екі сәтті жағы айтылып, кмістігін түзеу бойынша тілек айтылады

синквейн

Жұмысқа бес жолдық өлең арқылы баға беріледі

Үш сөз

Кез-келген үш сөз таңдалып алынады (зат есім) сол арқылы жұмысқа баға беріледі

 

 

Жоспарлау бойынша

GROW- коучинг өткізу жоспарының қадамдары

Gool-мақсат

Reality- шындық

o- жолдары

what- жоспары Кім? Не? Қашан?

5CS-тәлімгерліктің жоспарын жасаудың әдісі

Challenge- тәлімгер мен тәлім алушының алдындағы қиындықтар туралы әңгімелесуі

Choices- қиындықтарды шешу жолдары

Consequences- мына нәтижеге жетеміз деген болжам

Creative sdutions- стратегиялар, жұмыс жоспары

Conclusion- нәтиже болды ма?

 

 

Сергіту сәттері

Үнсіз сыйлық жасалады

Одан соң әр адам сыйлыққа не алғанын айтады.

салат

Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, жемістердің атын кезекпен атап шығады: алма, алмұрт, шабдалы, өрік. Алдымен алмалардың, сонан кейін алмұрттардың, тағы басқаларының орын ауыстыруларын сұрап, қозғалысқа келтіреді.

қайталау

Ортаға бір адам шығады, барлығы сол адамның қылықтарын қайталайды

айна

Екі адам қарама-қарсы тұрады, бірі айна, екіншісі қимыл көрсетеді, айна оны қайталайды

 

2
5

Комментарии (2)

Игенова Алнази,
Преподаватель

Ұсынған әдістеріңіз қызықтырды, әрі қолдануға тиімді екен. 

Искакова Райкул,
Преподаватель

өте тиімді анық информация