kz ru en

Авторизация


химия сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыту

Химия сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыту

      Қазіргі заманда оқушылардың білім сапасына көп талап қойылуда, соның бірі- оқушының алған білімін практикада, жаңа жағдайда қолдана білуі. Бұған қол жеткізу оңай емес. Сабақта оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға ықпал ету керек, оқудың нәтижелі болуы осыған байланысты.

         Танымдық қабілеттердің бірі – зейін. Зейін дегеніміз- сананың белгілі бір нысанды  анық және толық бейнелеу мақсатында соған бағытталуы. Зейінді дамыту үшін мынандай тапсырмалар беруге болады:

Ø Берілген формулалардың ішінен оттексіз қышқылдардың формуласын сыз: H 2S, H 2O, H 2SO4, HI, NH3, AlH3, HNO3, HBr

Ø Дұрыс тұжырымды табыңдар: а ) металлдардың барлығы қышқылдармен әрекеттеседі, б) металлдардың кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдар оны қышқылдан ығыстырып шығара алады, в) металлдардың кернеу қатарында сутектен кейін орналасқан металлдар оны қышқылдан ығыстырып шығара алады т.б.

 

       Қабылдау- миға сезім мүшелері арқылы келіп түскен ақпаратты қабылдау және өңдеу. Бұл қабілетті дамыту үшін ішінде қатесі бар мәтінді оқып, оқу барысында қателерді тауып отыру керек.

       Оттек газ тәріздес зат. Ол атмосфераның, тау жыныстарының, тірі ағзалардың құрамында кездеседі. Ауада көлемі бойынша ең көп таралған газ. Ауадан оттекті бөліп алу үшін ауаны жоғары температураға дейін қыздырады. Оттек оттек атомынан тұратын жалғыз зат. 2 немесе одан да көп элементтерден тұратын, құрамында оттек атомы бар заттар оксидтер деп аталады......

       Қиял- бұл қолында жоқ немесе өмірде кездеспейтін нысанды көз алдына елестете отырып, оны санасында ұстау және сол нысанмен түрлі операциялар жасау қабілеті. Оны іске асырудың бір жолы- сөйлеу. Сөйлеу- адам қолданатын дыбыс сигналдарының, жазба таңбаларының жүйесі. Олар ақпаратты жеткізу, өңдеу және сақтау үшін қолданылады.

Ø Ацетиленнің қасиеттерін сипаттай отырып оның қайда қолданылуы мүмкін екеніне болжам жасаңыз.

Ø Егер  атмосферада азот жойылып кететін болса не болар еді.

Ø Атмосферадағы озон қабатын қайта қалпына келтіру үшін қандай жолдарды ұсынар едің?

Ойлау- заттармен құбылыстардың жалпы және негізгі белгілерін табумен, олардың арасындағы себеп-салдар байланысын табуға бағытталған ең жоғарғы танымдық процесс.

Талдау мен жинақтау

Талдау- белгілі бір нәрсені ойша жіктеу. Жинақтау- белгілі бір бөліктерді, қасиеттерді, белгілерді біріктіру.

Ø Артық затты сызып таста да басқа заттарды біріктір: Na 2O, Na(OH), CaO, BaO, Al 2O3(артығы Na(OH), басқалары-оксидтер ). Осы сияөты тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың қиындық көретінін байқадым. Себебі, біздің оқушылар стандартты тапсырмаларды орындап үйренген. Бізге оңай болып көрінген тапсырма болғанымен, олар тапсырманы орындай алмай жатады. Яғни аналитикалық ойлау жүйесі қалыптаспаған.

Ø Артық реакцияны көрсет:

Қышқылдық оксид+ су

Қышқылдық оксид+қышқыл

Қышқылдық оксид+ негіз

Қышқылдық оксид+тұз.

       Салыстыру- заттар мен құбылыстардың ортақ белгілері мен айырмашылықтарын табуға бағытталған ойлау операциясы. Венн диаграммасын толтыра отырып салыстыруға болады. Мысалы, оттек пен озонды салыстырамыз.

 

Овал: Газ
тектес
зат...
3 оттегі атомынан тұрады...
Овал: 2 оттегі атомынан
тұрады...
                            Оттегі                                     Озон         

Ø Сәйкестікті көрсет:

H 2S                          қышқылдық оксид

 H 2O                        негіздік оксид

H 2SO4                                    оттекті қышқыл

Na 2O                       оттексіз қышқыл

NaOH                       қышқыл тұз

CaCO3                                     орта тұз

BaSO4

Al 2O3

Na NO3

SO3

Al 2O3

NaHSO4               

   Жүйелей білу дағдысын жетілдіруге арналған жаттығулар:

Ø Төменде формуласы берілген заттарды 3 топқа бөліңіз. Қандай белгіні жүйелеу негізі етіп алдыңыз? (заттардың формуласы беріледі)

Ø Төменде берілген заттарды неше топқа қандай белгілері арқылы бөлуге болады (заттардың аттары беріледі)

   Жалпылау (қорыту)-заттар мен құбылыстарды ортақ белгілері арқылы ойша біріктіру.

Ø NH4Cl неге комплексті (кешенді)қосылыстарға жатқызады? т.б.

·              Фенилаланиндегі азоттың тотығу дәрежесі қандай?  Бір қарағанда бұл сұрақ өте күрделі көрінуі мүмкін.  Бала фенилаланиннің формуласын қалай есте сақтау керек деп ойлаймыз. Бірақ бұл сұрақ арқылы оқушының қисынды ойлай, қорыта білуін тексереміз. Аталған зат амин қышқылы, ендеше оның амин тобы бар, амин тобындағы азоттың тотығу дәрежесі -3.

       Осы тәріздес тапсырмалар оқушының танымдық қабілетін дамытуға әсер етеді, алған білімін тиянақтайды және білімін іс жүзінде қолдана алуға ықпал етеді.

 

теги: зейін, қиял
1
5

Комментарии (1)

Жапабаева Меруерт,
Преподаватель

Гүлнар как всегда супер сабак, супер жумыс жарайсыз! Сабағыңыздың құрылымы маған қатты ұнады.