kz ru en

Авторизация


Тәлімгер мен тәлім алушы

Тәлімгерлік циклі: бастапқы бақылау. сабақ үстінде, бақылаудан кейін. Аталған қадамдар бойынша тәлім алушыммен жұмыс жүргіздім. Көш жүре түзеледі ғой. Менің ақыл-кеңесім тамшыдай болса да, тәлім алушымның тәжірибесін толықтыруына көмегі тиіп жатса, нұр үстіне нұр емес пе!?
10
16

Комментарии (10)

Жансагимова Жанна,
Преподаватель

Әрине

Аменова Айнагуль,
Преподаватель

Айтқаныңызбен толық келісемін, атаған қадамдарыңыздың жұмыс нәтижелері қалай?

Бұқар Амангелді,
Преподаватель

Рақмет, Айнагүл. Жұмыс нәтижелі. Оны тәлім алушымның пікіріне сүйеніп айтып отырмын. Сабақ барысында ақыл-кеңесімнің текке кетпегенін көрдім. Дегенмен табысты болуы уақыттың еншісінде ғой.

Акимова Шамшакул,
Преподаватель

Сәлемәтсіздер ме,әріптестер, есептеріңізді қалай жазып жатырсыздар? Тізбектелген сабақтарыңызды аяқтадыңыздар ма? Тәлімгерлікті, коучингті де кестеде  көрсету керек деп бүгінгі №57 мектептегі кездесуде әріптестер айтты.

Аханова Меруерт,
Преподаватель

Аман!Тәлім алушыңа айтып,үйреткендеріңнің оған пайдасы зор екеніне күмән келтірме.Алдағы жұмыстарыңа да сәттілік тілеймін.

Бұқар Амангелді,
Преподаватель

Рақмет, Меруерт! Бүгін ІІ және ІІІ деңгей мұғалімдері мектепішілік жоспар бойынша семинар өзкізеді. Соған қатысамын. Сабақ және коучингтері барысындағы ойларымен бөліседі. Сәтті, сәтсіз жақтары дегендей.

Смаилова Айкен,
Преподаватель

Аман!Сіз тәлім алушыға 1 бетпе-бет кезінде үйренген көптеген жаңа тәсілдерді үйреткеніңіз- мектебіңіздің өзгеруіне жасаған үлкен қадам.Тәжірибеңіз көп,сондықтан жас мұғалімдерге үйретуден жалықпаңыз.Сәттілік! 

Смаилова Айкен,
Преподаватель

Өткізген іс-шараларыңыздың тиімділігін қалай бағалайсыз? Белгілі бір бағалау дискрипторын жасадыңыз ба? Тәжірибеңізбен бөліссеңіз?

Бұқар Амангелді,
Преподаватель

Айкен, іс-шаралардың тиімділігін мектепке әкелген жаңалығымен бағалауға болады. Ұжымдағы әріптестердің, тіпті оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығына қарап, іс-шараларымыз тиімді болды ғой деп есептеймін. Тиімсіз тұстары да практика барысында көрінеді. Жалпы аз уақытта көп жұмыс істеуге дағдылану керек, жұмысты да солай жоспарлау керек. Уақыттан ұтылған тұстарымыз да бар. Жалпы кімді де болса жалықтырып алмау жағын қарастырған да жөн.

Ермекова Гульнара,
Преподаватель

Аман сіз уақыт туралы дұрыс айтып отырсыз. Бәрін де үлгеріге болады, уақытты тиімді жоспарлау керек. Ал тиімділік өлшеуіштерін анықтау маған да қиын болып отыр. Өткен топты да сол үшін біраз қинапты