kz ru en

Авторизация


Участвует в обсуждении


Элементы 1—9 из 9.

Садуова Жазира,
Преподаватель

Мектептің даму бағдарламасын жасау кезінде проблемалық талдауды пайдаландыңыздар ма? Өзіңіздің негізгі проблемаңызды осыдан шығарып алдыңыздарма? Алынған проблема бойынша  дамыту жоспарын құрамын деп ойлаймын . Ал сіздер қалай ойлайсыздар.


36

Авдрасол Бахытжан,
Преподаватель

 Инклюзивті оқыту-балалардың түрлі

қажеттіліктеріне бейімдеу тұрғысынан барлығы үшін қолжетімді болуды

көздейтін жалпы білімді дамыту үдерісі, бұл ерекше қажеттіліктері бар

балалардың да білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.Инклюзивті білімнің 8 қағидатын әрқашан да есте ұстаған дұрыс. Әріптестер, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектептерде қалай оқыту туралы ойларыңызбен бөлісуге шақырамын!

 


16

Жумагулова Кулжан,
Преподаватель

Құрметті әріптестер, мектептерде І тоқсан аяқталды, барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізілетінін білесіздер. Мен осы ата-аналар жиналысын коучинг түрінде өткізуді ұйғардым. Ең алдымен ата-аналарды 3 топқа бөліп,  топтарға "Оқушы моделін", "Мұғалім моделін" және "Заман талабына сай мектеп моделін" жасап, Постер құрғыздым. Осы тапсырмаларды әр топқа қорғаттым. Соңында рефлексия жасатып, өздерінің оқушылар мен мұғалімдер жөнінде, білім беру кезіндегі түсінбейтін мәселелер жөнінде жазып ...


27

Авдрасол Бахытжан,
Преподаватель

Желілік қауымдастықты күшейту мақсатында Қызыл қой ауылына барып тәлім алушы ұстаздар коучинг өткізді. Қауымдастыққа қатысқан әріптестеріммен сол мектептің директоры Салтанат апайға, коучинг өткізген ұстаздарыма алғысым шексіз! Алдағы  жұмыстарыңызға табыс тілеймін!  


19

Жумагулова Кулжан,
Преподаватель

Мектептегі практика кезінде біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Коучинг, тізбектелген сабақтар топтамасы, Lesson Study зерттеу сабағы, шеберлік класы,сауалнама алу, сұхбат, т.б. Жұмыстың шегі жоқ тәрізді. Тестке дайындалу керек, бірақ бірінен кейін бірі шыға беретін шексіз есептерден арыла алмайсың. Мен практика соңындағы өзіме-өзім жасап отырған рефлексиям бұл. Сіздер қалай ойлайсыздар? 


24

Бұқар Амангелді,
Преподаватель

Тәлімгерлік циклі: бастапқы бақылау. сабақ үстінде, бақылаудан кейін. Аталған қадамдар бойынша тәлім алушыммен жұмыс жүргіздім. Көш жүре түзеледі ғой. Менің ақыл-кеңесім тамшыдай болса да, тәлім алушымның тәжірибесін толықтыруына көмегі тиіп жатса, нұр үстіне нұр емес пе!?


16

Жумагулова Кулжан,
Преподаватель

Бүгін №57 мектепте 1-деңгей 3- қазақ тобының мұғалімдері желілік қоғамдастықта біріктік. Кездесу мақсаты: Мектеп тәжірибесіндегі іс-шаралар жөнінде ой бөлісу. Біз өзіміздің  ұйымдастырған жұмыстарымыз жөнінде пікір алмасып, рефлексия жүргіздік.


21

Аменова Айнагуль,
Преподаватель

Лессон стади зерттеін жүргізіп жатырмын. Екі циклі өтті, бірак әлі де зерттеу қажет болып тұр, сондықтан үшінші сабақ өткізуді жоспарлап отырмын.


15